Қоғам

Астанада балаларға ең жиі қойылатын есімдер белгілі болды

© Photo : Harald_Landsrathсәби
сәби - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЭКСПО көрмесі кезінде елордада Бәйдібэкспо есімді бала дүниеге келді

АСТАНА, 24 қаңтар — Sputnik. Елордада өткен жылы дүниеге келген сәбилерге жиі қойылған есімдер – Әлихан мен Айзере, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

2017 жылы елордада туған 405 сәбиге Айзере есімі беріліпті. 354 рет берілген Айлин есімі екінші орында. Үздік үштікті Әмина есімі түйіндейді. 353 ата-ана өз баласына осы есімді берген. Айару, Айша, Раяна, Аяла, Кәусар, Дария, Әдия, Інжу, Айым және Томирис есімдері де өткен жылы қыз балаларға қойылған есімдердің арасында алдыңғы қатарда тұр. 

сәби - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Әлихан мен Айзере Қазақстандағы ең танымал есімдер қатарына енді

Ал ұлдар арасында жиі қойылған есімдердің үштігіне Әлихан, Әмір және Әли есімдері кіреді. Елордада 12 ай ішінде бұл есімдер 328, 255 және 222 балаға берілді. Сондай-ақ, астаналық ата-аналар өздерінің ұл балалары үшін жиі таңдаған есімдердің арасында Айсұлтан, Санжар, Ерасыл, Арлан, Арсен, Нұрислам, Алан, Мансұр, Рамазан, Мирас және Әлинұр есімдері де кездеседі. 

Балаларға елде болып жатқан оқиғаларға байланысты есім қою дәстүрі де өзгерген жоқ. Халықаралық ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде "Есіл" ауданының АХАТ бөлімшесінде ұл балаға қойылған Бәйдібэкспо есімі тіркелді. 

"Есіл", "Сарыарқа" және "Алматы" аудандарының АХАТ бөлімшелері берген мәліметтерге сәйкес, 2017 жылы Астанада дүниеге 34 087 сәби келген. 2016 жылы бұл көрсеткіш 32 056 болған еді. 


Жаңалықтар
0