Қоғам

Астана билік өкілдері Иманов көшесін көркейтуді қолға алмақ

© Sputnik / Болат ШайхиновАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көшеге жаңа жарықтандыру жүйесі орнатылып, жайқалған гүлзарлар пайда болады

АСТАНА, 3 ақпан — Sputnik. 2018 жылы Амангелді Иманов көшесі толықтай қайта жөндеуден өтеді, деді Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев халықпен есептік кездесуі барысында. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Үй құрылысы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанда жаңа қала бой көтереді

Аудан тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау – Алматы әкімдігі аппаратының ең негізгі міндеттерінің бірі. 2018 жылы тек аула аумақтары ғана емес, көшелерді де абаттандыру жоспарлануда. 

"Осы жылы Иманов көшесін абаттандыру жұмыстары жүргізіледі және Ш. Уалиханов көшесінен Республика даңғылына дейін толығымен қайтадан жөндеп әрі жаңадан жарықтандырып, көгалдандыруды қолға аламыз, сәулеттік формасын ауыстырып, көшеде серуендеуге болатындай бульварға айналдырамыз", – деді Ә.Сәрсембаев. 

Одан бөлек, Иманов пен Ш.Уалиханов көшесінің бұрышынан кішігірім гүлзар салу жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
0