Қоғам

Аслан Мусин ұлының қырқы өткеннен кейін мәлімдеме жасады

© Photo : Официальный сайт МИД РКАслан Мусиннің архивтегі фотосы
Аслан Мусиннің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы ұлын мақтан тұтатынын және оның ісін ғалымдармен бірге жалғастыратынын атап өтті

АСТАНА, 4 ақпан — Sputnik. Қазақстан президенті әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусин қаза болған ұлы Асылбектің қырқы өткеннен кейін мәлімдеме жасады.  

СІМ - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Асылбек Мусин Латвияда көз жұмды – СІМ
Мусин өзінің видео үндеуінде қиын сәтте отбасына қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс білдірді. 

Мусин үлкен ұлының ғылыми мұрасын мақтан тұтатынын мәлімдеді.  

"Асылбектің жетекшілігімен Голландияда адам қызметінің барлық философиялық, гуманитарлық саласын жүйелендірумен, зерттеумен айналысатын монотеизм институты құрылып, жұмыс істеп жатыр. Ол Израиль, Ресей, Қытай, Жапония, Еуроодақ елдеріндегі ниеттестерімен бірге адамның бүгінгі күнге дейінгі барлық ой-пікірін жинақтайтын 114 том шығарды", — деді  Мусин өз үндеуінде. 

Аслан Мусин қазір Құран, Тора, Библия және өзге де қасиетті кітаптарды зерттеу бойынша әмбебап сөздік жасау жұмысы басталғанын, сондай-ақ әлемдегі қасиетті жерлерді аралауға қатысты жүздеген сағат аудио-, видеоматериал түсірілгенін атап өтті.

Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Асылбек Мусиннің Ригада қаза болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Аслан Мусин Асылбекті еске алу мақсатында оның ниеттестерімен бірге "Несущий свет" деп аталатын фильм түсірген, ол үндеуден кейін бірден көрсетілді.  

Қазақстан президенті әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусиннің ұлы өткен жылдың желтоқсанында Ригада 15-қабаттан құлап, қаза болған еді. Полицияның мәліметінше, Асылбек Мусин суицид жасаған болуы мүмкін.   


Жаңалықтар
0