АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. АҚШ ғалымдары елдің денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер министрлігі қолға алған Токсикология ұлттық бағдарламасы аясында ұялы телефондардан таралатын радиосәулелену егеуқұйрықтардың еркегінде қатерлі ісік тудыруы мүмкін екенін анықтады, деп хабарлайды РИА Новости.
Ғалымдар бір топ тышқан мен егеуқұйрыққа тәулігіне тоғыз сағатқа дейін радиосәулелену қаншалықты әсер ететінін зерттеп көрді. Кеміргіштерге жасалған ғылыми тәжірибе екі жылға дейін созылды. Зерттеудің алдын ала нәтижелері бағдарламаның сайтында жарияланды, оларға наурызда пікір білдірілмек.Ғалымдар экспериментке қатысқан еркек егеуқұйрықтардың жүрек тамырларын қоршап тұратын тіндерінде ісік пайда болғанын атап өтті. Тышқандар мен ұрғашы егеуқұйрықтарда бұл әсер байқалмаған. Сонымен қатар, егеуқұйрықтардың "жүрек бұлшық етінің белгісіз дертіне" шалдығу көрсеткіші артып кеткен.
"Зерттеу кезіндегі радиосәулеленудің қуаттылығы мен оның ұзақтығы ұялы телефонды ең жиі қолданатын адамдарға берілетін радиациямен салыстырғанның өзінде едәуір көп болды, сонымен қатар ол кеміргіштердің денесіне тұтастай әсер етті", — деп түсіндірді зерттеу авторларының бірі Джон Бучер.
Ол эксперименттің нәтижелерін адамдарға қатысты қорытынды жасауға пайдалануға ерте екенін атап өтті.
НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар жөнінде есеп берілді.
Министр мемлекет басшысына өңірлердегі эпидемиялық жағдай туралы, соның ішінде, карантин шараларының күшейтілуі және ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің қолда бар ресурстары жайында мәлімет берді. Цой жұқпалы аурулар стационарларындағы дертке шалдыққан адамдар жататын орындардың 33 процентке, жансақтау бөлімдерінде бұл көрсеткіш 21 процентке толғанын айтты.
Денсаулық министрі COVID-19 жұқтырғандар санының көбеюіне қарамастан, еліміздегі ахуалдың бақылауда тұрғанын және медициналық қызметтің азаматтарға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Ол елімізде адамдардың коронавирустан қайтыс болу деңгейі былтырғы шілде айымен салыстырғанда 4 есе төмендегенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Цойға эпидемиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды, халықты уақытылы әрі толық құлақтандыру жұмыстарын сапалы ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ, жаппай вакцина егуге дайындықты тиісті дәрежеде қамтамасыз етуді жүктеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сәйкес, 1 миллион адамға шаққандағы індетке шалдыққандардың саны бойынша Қазақстан 221 мемлекеттің ішінде 109-орында тұр. Ал өткізілген тест сынамаларының саны бойынша 67-ші, өлім-жітім бойынша 94-ші, COVID-19 індетінен жазылып шыққандар саны бойынша 48-ші, дерттің ауыр тиюі тұрғысынан 50-орында.
НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2020 жылы жемқорлық үшін сотталған лауазымды тұлғалардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, 2020 жылы мыңнан астам адам сотталған.
Соның ішінде 334 - пара алғаны үшін, 256 - пара бергені үшін, 146 - алаяқтық үшін, 98 - ұрлық үшін, 120 - лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін, 26 - парақорлыққа делдал болғаны үшін және тағы басқа.
"299 адам бас бостандығынан айырылды, 142 адамның бас бостандығы шектелді, 575 адамға бірнеше еселік айыппұл салынса, қалғандары шартты мерзімге немесе кейінге қалдыру жазасына кесілді", - деді ол брифингте.
Сондай-ақ, 1 268 адамға қатысты қосымша жазалау шаралары қолданылған.
Агенттік бір адамға қатысты бірнеше қосымша жазалау шаралары қолданылуы мүмкін екенін ескертті.
НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов үш жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте айтылды.
"2021 жылы 18 қаңтарда Баянауыл аудандық сотының үкімімен ауданның бұрынғы әкімі Қайыргелдинов 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталды", – деді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.
Қайыргелдинов лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталды.
Экс-әкім Баянауыл ауданының коммуналдық меншігіне кәсіпкерден пайдалануға жарамсыз әуе айлағын заңсыз сатып алған.
Осылайша мемлекетке 240 миллион теңге сомасында шығын келтірді.
Оқи отырыңыз: Тоңазытқыштағы нәресте өлімі: сот залында шу шықты – видео
Еске салсақ, 2020 жылдың қарашасында Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді.
Оған қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған еді.
Оразгелді Қайыргелдинов Баянауыл әкімі қызметін 2016 жылдан 2019 жылға дейін атқарды.