Қоғам

Солтүстікке көшкен адамды жұмысқа алған кәсіпорынға миллион теңге төленеді

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуДөңгелек жөндеу шеберханасы, архивтегі фото
Дөңгелек жөндеу шеберханасы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен жылы оңтүстіктен солтүстікке 3350 адам қоныс аударса, биыл олардың саны үш есеге артады

АСТАНА, 7 ақпан — Sputnik. Бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің медиа орталығында әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелер бойынша халықты ақпараттандыру деңгейін арттыратын "Әлеумет" бағдарламасы таныстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

 Шара барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев жастарды еңбекпен қамту үшін мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан шараларға тоқталды. Соның бірі – оңтүстік өңірлердің жастарын солтүстік аймақтарға көшіріп, жұмысқа орналастыру. 

Құрылыс - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Депутат оңтүстіктен солтүстікке қоныстанған отбасыларды тегін баспанамен қамтуды ұсынды
"Жастарды еңбекпен қамтудың тағы бір пәрменді шарасы – өз еркімен басқа өңірге қоныс аударуға жәрдемдесу. Сіздер білесіздер, солтүстік өңірлерде жұмыс күші тапшы. Өкінішке қарай, солтүстіктің жастары үлкен қалаларға, Астанаға қоныс аударып жатады немесе тағы бір бөлігі Ресейге оқуға, қызметке кетеді. Солтүстік өңірлерде демография оң көрсеткішке ие емес, жұмыс күші жетіспейді. Ал басқа өңірлерде, мәселен оңтүстікте жағдай басқаша. Онда керісінше жұмыс таба алмай жүрген жастар көп", — деді Әлтаев. 

Вице-министрдің айтуынша, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының жастары СҚО, ШҚО, Павлодар, Қостанай облыстарына көше алады.

"Біз қоныс аударатын адамның жұмысқа орналасқысы келетін кәсіпорнымен келіссөздер жүргіземіз. Содан кейін қоныс аудару процесі басталады. Мемлекет өз тарапынан басқа аймаққа көшетін жасқа 35 АЕК, яғни 84 175 теңге (көшіп барған әр отбасы мүшесіне) көлемінде материалдық көмек көрсетеді. Баспананы жалға алу үшін бір жыл бойы 16-дан 30 АЕК-қа (38 мыңнан 72 мың теңгеге дейін) дейін төленеді (отбасы мүшелерінің санына және қала не ауылға көшетініне байланысты)", — деді Әлтаев. 

Сондай-ақ, оның айтуынша, қоныс аударған адамды жұмысқа алған кәсіпорын да құр алақан қалмайды. Мемлекет жұмысқа алған әр адам үшін кәсіпорынға 450 АЕК, яғни 1 082 250 теңге мөлшерінде субсидия төлейді.  Қоныс аударғандарды жұмысқа алатындар үшін субсидия қарастырылған. 

"Былтыр оңтүстіктен солтүстікке 3350 адам қоныс аударған болатын. Биыл олардың саны 9000-ға жетеді деп жоспарланып отыр", — деді Әлтаев.


Жаңалықтар
0