Қоғам

Астанада гипермаркетте сатылған торттан құрт табылды

© CC0Торт
Торт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұтынушылардың ескертуінен кейін сөреде тұрған торттардың бәрі алынып тасталған

АСТАНА, 19 ақпан — Sputnik. Елордалық гипермаркеттің келушілері сөредегі торттан құрт тауып алды.

"Тосын сый" түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланған.

"Әп-әдемі торт. Ішінде бірдеңе жатыр. Құрт жыбырлап, қатты да қалды", — дейді сатып алушылар.

 

 

 Magnum компаниясының өкілдері тортты әзірлеген "Мир ТорТини" ЖШС екендігін хабарлады.

"Сол күні бұл өндірушінің бүкіл торты сөреден алынып тасталды, акт жасалып, жеткізушіге шағым айтылды", — деп мәлімет берді дүкендер желісінің өкілі. 

Олар мұндай тауарлардың сөреге қойылмауы үшін шара қолдануға уәде берді.

Жаңалықтар
0