Қоғам

Қазақстанда жыл сайын мың адам ата-ана құқығынан айырылады

© Sputnik / Константин ЧалабовТерезе алдындағы балалар
Терезе алдындағы балалар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда 2018 жыл "Бақытты балалық шақты қорғау" жылы болып жарияланды

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жыл сайын бес мың ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бір мыңдай адам ата-ана құқығынан айырылады, деп хабарлады ІІМ жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Алексей Милюк Алматыдағы дөңгелек үстел барысында.

Бала көлеңкесіне қарап тұр - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ОҚО-да туған ұлын өлімші етіп ұрған қатігез ана сотталды

Мамандардың пікірінше, жасөспірімдер қылмысы мен балаларға зорлық-зомбылық көрсету жайттарының көбеюіне ата-ананың дұрыс қарамауы, отбасындағы қиындықтар және тағы басқа әлеуметтік факторлар тікелей әсер етеді.

ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев атап өткендей, балалар қылмыс құрбанына айналып жататын оқиғалар да жиі кездеседі.

"Көбінесе отбасы мүшелерінің тарапынан зорлық-зомбылық көріп жатады. Бұл проблеманы шешу үшін құзыретті мемлекеттік органдар өзара іс-әрекет ету тиімділігін арттырып, құқықбұзушылықтардың алдын алу шараларына халық пен азаматтық қоғам институттарын жұмылдыру қажет деп ойлаймын. Сол себепті биылғы жылды ішкі істер министрлігі "Бақытты балалық шақты қорғау" жылы деп атады", — деп мәлімдеді Сәдубаев.


Жаңалықтар
0