Бас мүфти Серікбай қажы Ораз

Бас мүфти: қандай жағдай болса да, дінді саясаттың құралына айыналдырмау керек

68
(Жаңартылды 11:18 03.03.2018)
Елордада Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы өтіп жатыр

АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыны төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Еуразия мұсылмандарына қазіргі сын-қатерге төтеп беру үшін бірігуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінгі таңда әлем қарқынды түрде өзгеруде. Адамгершілік қасиеттер көбіне тасада қалып жатқан қазіргі жаһандану заманында бойына рухани құндылықтарды жинақтаған жандар ғана сана "соғысынан" аман қалып, қауіп-қатерден құтылады. Жаңа замандағы тенденциялар мен сын-қатерлерге төтеп берудің төте жолы – дініміздің асыл құндылықтарымен өріліп, өрнектелген діни танымымызды қайта жаңғырту. Бұл бағытта рухани қайта өрлеу мен дүниетанымдық тұрғыдан терең өзгеріс қажет", — деді Бас мүфти. 

ҚМБД төрағасы діни экстремизмнің алдын алу үшін Еуразия мұсылмандарының рухани бірігуінің тұжырымдасын әзірлеуді ұсынды.

"Тұжырымдама мына негізде әзірленеді: бірінші, толеранттылық пен төзімділік, ынтымақтастық пен өзара түсіністік қағидаттары негізінде қауіпсіздік пен дамудың жаңа әдістерін әзірлеу бойынша кең ауқымды диалогты жолға қою:  екінші, аумақтық тұтастық, тату көршілік, өзара тиімді қарым-қатынасты, сондай-ақ ұлтаралық және діниаралық ынтымақтастықты сақтау: үшінші, үнемі жұмыс істейтін "Еуразия мұсылман ғұламалары форумының хатшылығын құру. Аталған хатшылық тұжырымдаманы әзірлеу бойынша жұмыс органы болып табылады", — деді ол.

Бас мүфтидің айтуынша, Еуразия мұсылмандары радикализмнің кез келген түрін, оның ішінде дін астын жамылған содырлық әркеттерді ешқашан қолдамауы керек. Керісінше, исламға қатысты ксенфобия орын алмас үшін діни радикализмге қарсы орынды сын айтып, ортақ ұстанымдарды жариялап отыру қажет. 

"Еуразия кеңістігіндегі мұсылман халықтары негізінен зайырлы мемлекеттерде өмір сүреді. Әлбетте, әрбір зайырлы  мемлекеттің өзіндік ерекшеліктері бар. Дегенмен, "дінді саясиландырмау" қағидасы зайырлы мемлекеттердің барлығына ортақ деп санаймын. Олай болса, біз қандай жағдайда да дінді саясаттың құралына айналдырмауымыз қажет", — деді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

68
Кілт сөздер:
Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Еуразия мұсылмандарының рухани бірігуінің тұжырымдасы
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

85
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

85
QazVac вакцинасы

Бас санитар дәрігер QazVac вакцинасына қатысты қаулыға қол қойды

46
(Жаңартылды 20:06 31.07.2021)
Енді QazVac вакцинасының құтысы үш немесе бес адам екпе алуға ниет еткенде ашылады, бұл вакцинаны сақтау талабын орындау үшін қажет

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов қаулы шығарып, QazCovid-in (QazVac) вакцинасын шығару формасын өзгертті.

"QazCovid-in вакцинасын шығару формасы: 0,5 мл (бір доза), 1,0 мл (екі доза), 1,5 мл (үш доза), 2,5 мл (бес доза), сыйымдылығы 3 мл, резеңке тығынмен тығындалған және Flip-off типті пластикалық қақпағы бар металл қалпақпен оралған, Ι класты түссіз шыныдан жасалған құтыға құйылады", - делінген бас санитар дәрігердің қаулысында.

Денсаулық министрлігінің ақпаратына сүйенсек, вакцинаның ашық құтысы асептика жағдайының бұзылу қаупіне байланысты ашылғаннан кейін сақталмайды және бірден пайдаланылады. Сондықтан вакцинаның құйылуын барынша азайту үшін 3 немесе 5 адам болғанда ғана көп дозалы құтыны ашу ұсынылып отыр.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны сақтау тәртібінің бұзылмауын бақылауды күшейткені хабарланды.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салдыруға бола ма

 

46
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина