Сот

Almaty Towers ғимаратындағы өрт: батут орталығының директоры сотталды

54
(Жаңартылды 18:23 14.03.2018)
Батут орталығының директорымен бірге дәнекерлеуші де бас бостандығынан айырылды

АСТАНА, 14 наурыз — Sputnik. Бостандық ауданының №2 сотында Almaty Towers бизнес орталығындағы алты адамның өмірін жалмаған өрт туралы іс бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Almaty Towers ғимаратындағы өрт
© Photo : сообщество LFA / Lexus Family Almaty в ВКонтакте

Almaty Towers ғимаратындағы батут орталығының директоры Дәурен Тұяқов өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзып, салдарынан екі немесе одан да көп адамның қазаға ұшырағаны үшін төрт жыл бір айға бас бостандығынан айырылды. 

Ал дәнекерлеуші Александр Жук сот үкімімен бес жылға сотталған. 

Сотталған азаматтар сот залында қамауға алынған.

2016 жылы 6 қарашада Almaty Towers бизнес орталығындағы өрт шығып, алты адамның өмірін қиған болатын – бір дәнекерлеуші мен жөндеу жұмыстарын атқарып жатқан студенттер. 

  • Батут орталығының директоры Дәурен Тұяқов пен дәнекерлеуші Александр Жукке үкім шығарылды
    Батут орталығының директоры Дәурен Тұяқов пен дәнекерлеуші Александр Жукке үкім шығарылды
    © Sputnik / Данияр Дауталиев
  • Батут орталығының директоры Дәурен Тұяқов пен дәнекерлеуші Александр Жукке үкім шығарылды
    Батут орталығының директоры Дәурен Тұяқов пен дәнекерлеуші Александр Жукке үкім шығарылды
    © Sputnik / Данияр Дауталиев
1 / 2
© Sputnik / Данияр Дауталиев
Батут орталығының директоры Дәурен Тұяқов пен дәнекерлеуші Александр Жукке үкім шығарылды
54
Кілт сөздер:
Алматы, Almaty Towers, өрт, сот үкімі
Ақша, пара

"Ру-тайпалық байланыстарды қою керек!": Тоқаев заман талабына сай мемлекет құруға үндеді

26
Кәсіпкерлермен болған кездесу кезінде президент мемлекеттік сатып алулар мәселесін қозғады. Оның айтуынша, бұл салада ашықтық жоқ, тамыр-таныстық пен туыстық байланыстарға басымдық беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заманауи мемлекетте бірінші орында ру-тайпалық байланыстар емес, заң тұруы қажет деп мәлімдеді.

Бүгін кәсіпкерлермен болған кездесу кезінде президент мемлекеттік сатып алулар мәселесін қозғады. Оның айтуынша, бұл салада ашықтық жоқ, тамыр-таныстық пен туыстық байланыстарға басымдық беріледі.

"Бізде қоғам бір тәртіпке салынған, көп сөз жоқ, бәрі бір-бірімен сан алуан шартпен келісуді біледі. Ру-тайпалық байланыстар болсын, достық қарым-қатынас және тағысын тағы. Бұны доғару керек. Кабинеттен тыс жерде кездеседі, "келісеміз ғой" дей салады. Қазіргі заман талабына сай мемлекетке айналуымыз керек қой. Ал замануи мемлекет дегеніміз не? Бұл – заң. Заңның негізінде елдегі тәртіп, бұл – мемлекеттің міндеті", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, мемлекет кәсіпкерлердің көмегіне сеніп отыр.

"Жергілікті жерде айтарлықтай тәртіпбұзушылықтар болуы мүмкін. Сондықтан бізге нормативтер керек. Ең бастысы, осы мәселені құқықтық тұрғыда шешуіміз қажет. Бұл проблеманы шеше алмасақ, қатаң жаза қолдану керек. Басқа жол жоқ", - деп атап көрсетті мемлекет басшысы.

26
Кілт сөздер:
тайпа, Қасым-Жомарт Тоқаев, мемлекет
Тақырып бойынша
Тоқаев салықтан жалтаратын компанияларға: кім жасырынып үлгермесе, мен кінәлі емеспін
Тоқаев "Самұрық-Қазынадағы" олқылықтарды жоюға бір ай уақыт берді
Президент: Қазақстанда табыс табамыз, басқа жерде жұмсаймыз дегенге жол берілмейді
Нұрсұлтан Назарбаев қоры "Қазақстан халқына" 500 млн теңге аударды
Журналисті өлтіруге тапсырыс берген шенеунік 5 млн теңге төлеген
Жүк көлігі

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

1897
(Жаңартылды 18:49 21.01.2022)
Қазақстанның мемлекеттік шекарасында автомобиль өткізу жолдарында өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына COVID-19-дың бар-жоғы туралы анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары карантиндік стационарға орналастырылады

АЛМАТЫ, 21 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Соған сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік шекарасында автомобиль өткізу жолдарында өткізу пунктері арқылы елге COVID-19-дың бар-жоғы туралы анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары карантиндік стационарға жіберіледі.

Сондай-ақ, жетім балаларды асырап алу мақсатында балалар үйіне баруға рұқсат етіледі. Ол үшін азаматтың коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР тест тапсырғанына 3 тәуліктен аспауы қажет немесе вакцинация немесе ревакцинациядан өткенін растайтын құжаты болуы керек. Мұндай жағдайда вакцинаның толық курсын салдырғанына 6 айдан аспағаны жөн. Соңғы 3 айда COVID-19 инфекциясымен ауырғанын растайтын құжатын көрсете алады.

Дәл осындай талаптар медициналық-әлеуметтік нысандарға (қарттар, мүгедектер үйі, балалар үйі) баруға мүмкіндік береді.

Құжатқа сәйкес, босану процесіне серіктес ретінде ПТР арқылы коронавирустың жоқ екенін көрсететін анықтамамен қатысуға болады. Мұндай жағдайда анықтаманың жарамдылық мерзімі 3 тәуліктен аспайды.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

1897
Кілт сөздер:
дәрігер
Аурухана, архивтегі сурет

Алматы облысында мектеп оқушысын таспен ұрып өлтірді

0
Сотқа дейінгі тексеріс шаралары жалғасып жатқаны хабарланды. Бұл істі облыстық полиция департаменті өз бақылауына алды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Алматы облысында 16 жастағы жігітті таспен ұрып өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, 7 қаңтарда Қарасай аудандық полиция бөліміне Жібек жолы ауылында жасөспірімнің мәйіті табылғаны туралы хабар түскен. Денесінде жарақат іздері болған. Сараптамаға сәйкес, марқұмды жолдың жиегінде жатқан таспен өлтірген.

Полицейлер 16 жастағы мектеп оқушысының Балқаш ауданындағы Бақбақты ауылында тұрғанын анықтады. Жылдың басында Алматыдағы достарына барып, хабар-ошарсыз кеткен. Тергеушілер жасөспіріммен араласқан адамдардың бәрін тексеріп шыққан. Сол кезде қандықол қылмыскердің ізіне түскен.

"Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы ер адам ұсталды. Ол - марқұмның танысы. Тергеу кезінде өз кінәсін мойындады", - дейді полицейлер.

Күдікті ер адам да Балқаш ауданында туған. Соңғы кезде Алматыға жақын жерде жеке меншік ұйымның күзетшісі болып істеген. Екеуі кездесіп, ішімдік ішкен. Одан кейін жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Сол кезде ол тасты алып, жасөспірімнің басынан ұрған. Қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын біліп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Қазіргі кезде ол уақытша тергеу абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тексеріс шаралары жалғасып жатқаны хабарланды. Бұл істі облыстық полиция департаменті өз бақылауына алды.

0