Оқушының архивтегі фотосы

Еліміздің мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізіледі

1036
(Жаңартылды 11:52 27.03.2018)
Жаңа пәнді тек мектептерге емес, колледж бен жоғары оқу орындарының бағдарламасына да енгізу жоспарланып отыр

АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. 2019 жылдан бастап еліміздегі, мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізіледі. Жалпы орта білім беретін оқу орындарының оныншы, он бірінші сынып оқушылары "Бизнес және кәсіпкерліктің негіздері" атты пәнді оқымақ, деп хабарлайды 24.kz.  

Тіпті бұл сабақ кейбір білім ошақтарында қазірдің өзінде өтіп жатыр. 2019 жылдан бастап, "Бизнес және кәсіпкерліктің негіздері" пәнін жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушыларына таңдау пәні есебінде оқыту жоспарланған. Оған жылына 68 сағат бөлініп, аптасына екі рет оқытылмақ. Аталған пән оқушыларға не береді? Оның пайдалы тұсы қандай? Бұл сұраққа мұғалім жауап береді.  

"Бұл пәнде тек қана экономика негіздері ғана емес, менеджмент, маркетинг, бизнес, кәсіпкерлік пәндері терең оқытылады. Қоғамды зерттейтін болсақ, қоғамның тек 5 пайызы ғана кәсіпкерлік қабілеті бар азаматтар. Ал қалған азаматтарға кәсіби ойлау қабілетін дамыту керек", — деп атап өтті мұғалім, экономика ғылымдарының кандидаты Гүлнәр Кәрімова.

Сондықтан негізгі мақсат – жастарды қаршадайынан бизнеске баулып, оларға кәсіпкерлік, экономика негіздері туралы базалық білім беру. "Бизнес және кәсіпкерліктің негіздері" пәні қаладағы нөмірі бірінші мектеп-лицейінде биылдан бастап пилоттық жоба ретінде оқытылып келеді. Оқулық жаңа мазмұнда дайындалған. Мұғалімдер тек теориялық білім беріп қана қоймай, оқушыларды бизнес жоспар құруға да үйретеді. 

"Бизнес және кәсіпкерлік негіздері" оқулығы біздің мектепте тексеруден өткізілді. Осы кітап бізге өте ұнады. Өйткені мұнда көптеген мәліметтер бар. Және ол жоғары деңгейде дайындалған. Осы оқулық өте қажетті. Өйткені болашақта экономика саласымен жұмыс істеу үшін ол оқушыларға өте күшті және қажетті негізді береді", — дейді Әзиза Сұлтанова.

Жаңа сабақ негізінен іскерлік ойын және бизнес-тапсырма түрінде өткізіледі. Пәнге деген қызығушылықты арттыру үшін тәжірибелі бизнесмендерді оқу барысына тарту жоспары бар.  

"Бұл пәнді өткізетін мұғалімдеріміз болады. Ол мұғалімдерді дайындап жатырмыз. Сондықтан 2019 жылға дейін бұған мүмкіндік болады деп санаймыз. Бұл өте маңызды. Шағын кәсіпкерлікті дамыту, микрокредиттер беру жайлы айтып жатырмыз. Бірақ оған дайын болып, экономикамыздың дамуына үлес қосатын балаларымызды мектеп қабырғасынан бастап дайындауымыз қажет", — деп түсіндірді ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов. 

Білім және ғылым министрлігінің "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп дайындаған бұл жобасы әзірге мектептерде тек қосымша ретінде оқытылады. Бірақ баға аттестацияға енеді. Тағы бір жаңалық. Жаңа пәнді тек мектептерге емес, колледж бен жоғары оқу орындарының бағдарламасына да енгізу жоспарланып отыр.  


1036
Нұржан Әлтаев

Депутат Әлтаев Nur Otan қатарынан шығарылды

163
(Жаңартылды 10:58 02.12.2020)
Бұған дейін ол Nur Otan партиясы саяси реформаны бастағанын күтетінін айтты. Саяси өзгерістерге дайын екенін көрмесем, онда бұл партиядан шығуға тура келеді, деді Әлтаев

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттілігін тоқтатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттігі оның Nur Otan партиясының қатарынан шығарылғаны туралы Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының саяси кеңесі бюросының қаулысына байланысты тоқтатылсын", - делінген ресми хабарламада. 

Ресми мәліметке сәйкес, дүйсенбі, 30 қараша күні партияның Нұр-Сұлтан қаласы филиалының саяси кеңесі бюросы қаулы шығарып, орталық сайлау комиссиясына ресми хат жіберген. Соның негізінде және депутаттардың мәртебесі туралы конституциялық заң аясында тиісті шешім қабылданды. 

Айта кетейік, 27 қарашада Нұржан Әлтаев El Tiregi өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы негізінде өз партиясын құратынын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, Қазақстанда саяси плюрализм жоқ. Nur Otan партиясы ғана бар. 

Sputnik Қазақстан тілшісіне сұқбат берген Әлтаев бастамашыл топтан жаңадан құрылған саяси партияның басқарушы органына кіруге ұсыныс жасалғанын айтқан.  Бұл ұсынысты қарастырып жатырмын, әлі шешім қабылдаған жоқпын, деді Әлтаев. 

Сонымен бірге, экс-депутат Nur Otan саяси партиясы ішінен саяси реформа жүргізу туралы ұсынысты да еске түсірді. Егер ол орындалмаса, партиядан шығуға дайын екенін жеткізді.

"Себебі монополиялау жақсылыққа әкелмейді. Nur Otan партиясы осы саяси реформаны бастағанын күтемін. Егер бұл реформа жүргізілсе, онда партияда қаламын, оны әрі қарай жақтай беремін, партияға жұмыс істеймін. Егер Nur Otan партиясының осындай саяси өзгерістерге дайын екенін көрмесем, онда бұл партиядан шығуға тура келеді", - деді Әлтаев.

163
Кілт сөздер:
"Нұр Отан" партиясы, Нұржан Әлтаев
Тақырып бойынша
"Депутат ұйықтап отыр ма?": Владислав Косарев жауап беруге дайын – видео
Ыдырысова депутаттардың неге шаршап отыратынын айтып берді
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылып жатыр – депутат Әлтаев
"Үкіметтің ақылы неге соған жетпейді?!": депутат жаңа бағдарлама қабылдауды ұсынды
Косарев жаңа жылдан кейін депутат болмайтынын айтты
Медицина қызметкері

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды

15
(Жаңартылды 09:59 02.12.2020)
Өткен тәулікте 770 қазақстандық инфекция жұқтырды, 232 адам пневмонияға шалдыққаны хабарланып отыр

АЛМАТЫ, 2 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Коронавирус инфекциясынан сегіз адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан бір адам қайтыс болды. 
Қазір коронавирус инфекциясынан 13 707 адам ем қабылдап жатыр, оның арасында 967 бала бар. 

Стационарларда 3 492 науқас жатыр. 10 215 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 223 адамның жағдайы ауыр, ішінде 32 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 30 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар бір тәулікте 770 адам инфекция жұқтырды, 232 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы 133 118 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 2 049 адам қайтыс болды.
Бірінші тамыздан бастап 42 447 адам пневмонияға шалдықты, 444 адам қайтыс болды.

15
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
COVID-19 жұқтырған қазақстандықтар саны 133 мыңнан асып кетті
Қазақстанның астанасы қайтадан коронавирустың "сары" аймағына кірді
Коронавирустың екінші толқыны басталған жоқ – денсаулық министрлігі
Коронавирустың жаңа штаммы таралып жатыр – ғалымдар дабыл қақты
ДДҰ коронавирустың үшінші толқыны туралы ескертті
Видеообращение преподавателей гуманитарного колледжа Нур-Султана к Токаеву

Астаналық оқу орнының қызметкерлері Тоқаевтан көмек сұрап, бейнеүндеу жолдады

4
Гуманитарлық колледж 1928 жылы құрылған. Сол уақыттан бері оқу орны қала мен аймақтарды педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етті

АЛМАТЫ, 2 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтан гуманитарлық колледжінің қызметкерлері президент пен білім министрі атына оқу орнын жаппау және оны "Астана" университетінің сенімді басқаруына бермеу туралы үндеу жолдады.

Колледж тағдыры кейінгі бес жыл бойы шешіліп келеді. 2019 жылдың 19 тамыздағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты бойынша Нұр-Сұлтан әкімдігінің "Гуманитарлық колледжін" "Астана Халықаралық университетінің" сенімді басқаруына беру көзделген. Оның ішінде колледжге тиесілі жер учаскесі, оқу корпусы, жатақханалар мен барлық кадрлық құрам және студенттер де бар.

Алайда 2020 жылы қала әкімдігінің 2020 жылдың 11 қыркүйектегі гуманитарлық колледжді қайта ұйымдастыру туралы қаулысымен оқу орны Қоғамдық тамақтану және сервис колледжіне қосылды. Ал ол колледж педагогикалық мамандықтар бойынша кадр даярламайды.

"Қаулыға сәйкес мүлік және сенімді басқаруға байланысты барлық қызмет берілді. Ұжыммен өткен жиналыста білім басқармасының өкілдері қайта ұйымдастыру рәсімі педагогикалық ұжымға да, колледж әкімшілігіне де әсер етпейтінін айтты. Алайда білім басқармасының 13 қарашадағы бұйрығымен колледж директоры мен директордың барлық орынбасары жұмыстан босатылды. Оқу жылының ортасында колледж басшысыз қалды", - делінген қызметкерлердің ұжымдық үндеуінде.

Сонымен қатар әлі күнге дейін колледждің алдағы уақытта қалай жұмыс істейтіні айтылмаған.

"Біреудің мүддесін көзделіп отырған сияқты көрінеді. Ғасырлық тарихы бар колледж құрылғанына екі жыл болмаған және білім беру қызметі нарығында өзін дәлелдемеген ЖОО-ға қандай талап бойынша беріледі. Қалада бастауыш және мектепке дейінгі білім беру бойынша педагог кадрлардың жетіспеушілігі сезілетін уақытта елордадағы жалғыз педагогикалық колледждің жабылуы педагог кадрлардың азаюына, кадр даярлау сапасының төмендеуіне әкеледі. Өйткені білім алушылардың ата-анасы оқу орнын таңдау кезінде бірінші кезекте колледж имиджіне қарайды", - деп нақтылады колледж қызметкерлері.

Сонымен қатар гуманитарлық колледж қызметкерлері Қасым-Жомарт Тоқаевтан, білім және ғылым министрінен колледжді "Астана" халықаралық университетіне сенімгерлік басқаруға бермеуді сұрады.

Білім басқармасы не дейді

Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының хабарлауынша, "Гуманитарлық колледжді"  "Астана Халықаралық университетіне" сенімгерлік басқаруға беру жобасы 2019 жылы іске асырылды.

Бұл жобаға сәйкес, білім берудің оқу процесін құру үшін жеке әріптестің 1 000 орынды оқу корпусын қосып, қолданыстағы колледж базасында "Колледж-институт" педагогикалық  кешенін құру көзделіп отыр.

"Гуманитарлық колледж өз жұмысын университет жанындағы колледж ретінде жалғастырады. Бұл өз кезегінде үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету, бюджетті оңтайландыру және білім саласына жекеменшік серіктестерді, яғни инвестиция тарту мақсатында жасалып отыр", - деді білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бұған дейін оқу орнының қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжіне қосылғаны хабарланды. Басқарманың айтуынша, қазір қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі "Астана Халықаралық университетіне" сенімгерлік басқаруға берілу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Азаматтық кодексте  "Заңды тұлғаның қызметін тоқтату" туралы ұғым жоқ. Кодексте "Заңды тұлғаның қызметін қайта құру және тарату" ұғымы қарастырылған. Осыған орай "Гуманитарлық колледж"  "Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжіне" біріктірілді. Бұдан әрі қарай біріктірілген колледж "Астана халықаралық университетіне" сенімгерлік басқаруға тапсырылады", - деп түсіндірді білім басқармасы.

Гуманитарлық колледж 1928 жылы құрылған. Сол уақыттан бері оқу орны қала мен аймақтарды педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етті. Қазір оқу орнында 1 748 студент білім алып жатыр және 250-ден астам оқытушы мен қызметкер жұмыс істейді.

4
Кілт сөздер:
бейнеүндеу, Қасым-Жомарт Тоқаев, колледж
Тақырып бойынша
Отставкаға дейін Тоқаев пен Назарбаев не туралы сөйлескені белгілі болды
"Енді кездеспейміз деді": Назарбаев жақындарының қазасы туралы айтты
Алматыда әбден ашынған балалар Тоқаевтан көмек сұрады
Мұхтар Шахановтың орынбасары Тоқаевтан көмек сұрады
COVID-19: Тоқаевтан соңғы рет ескерту алған әкім өңірдегі жағдайды баяндады