Қоғам

Астананың жаңа "Байқоңыр" ауданы әкімі тағайындалды

© Sputnik / Екатерина Штукина / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Байқоңыр" ауданының әкімі қызметіне Ерлан Каналимов тағайындалды

АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. Бүгін қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы барысында депутаттар Астана қаласында жаңадан құрылған "Байқоңыр" ауданының жаңа әкімінің тағайындалуын мақұлдады, деп хабарлады Астана қаласы әкімінің ресми сайты.

Портфель - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада жаңа аудан әкімі тағайындалды

"Байқоңыр" ауданының әкімі қызметіне Ерлан Каналимовтың кандидатурасы ұсынылды. Мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады.

Каналимов Ерлан Ермекұлы 1982 жылы 22 тамыздағы Целиноград қаласында дүниеге келген, ұлты –  қазақ.

Білімі: "Экономист, заңгер", Астана қаласының Басқару институтында 2003 жылы, Қазақстан-Ресей университетінде 2007 жылы білім алған.

Қызмет жолы:

  • 12.09.2003 – 05.01.2005  Астана қаласы "Сарыарқа" ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру–бақылау және кадрлық бөлімінің бас маманы.
  • 05.01.2005 – 18.08.2005 "Сарыарқа" ауданы әкімінің кеңесшісі.  
  • 18.08.2005 – 01.02.2006 Астана қаласы "Сарыарқа" ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру–бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы.
  • 01.02.2006 – 01.10.2007 Астана қаласы "Сарыарқа" ауданы әкімінің кеңесшісі.
  • 27.09.2007 – 01.10.2009 Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру–инспекторлық бөлімінің меңгерушісі.
  • 02.10.2009 – 12.08.2013 Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
  • 12.08.2013 – 03.08.2015 Астана қаласы әкімдігінің "Дағдарыс орталығы" КММ директоры.
  • 03.08.2015 бастап "Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы" ММ басшысы қызметін атқарды.

Үйленген, төрт баласы бар.

Жаңалықтар
0