Қоғам

Назарбаев: алматылықтар бізге "колхозниктер" секілді қараған

© Sputnik / Болат ШайхиновНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Астананы таза қалаға айналдыруды тапсырды

АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың тазалығы ең алдымен әуежай мен вокзалдағы дәретханадан басталатынын еске салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы Астана көшелерінің атауына қатысты: кім болса, соның есімін беруді қойыңдар

"Астананың имиджі, таза әрі қолайлы қала атануы әуежайда ұшақтан немесе вокзалда пойыздан түскенде, ондағы қызметкерлер қалай қызмет көрсетеді, содан басталады. Мен астана әуежай мен вокзалдағы дәретханадан басталатынын талай рет айттым. Дүкенде, мейрамханада адамдарды "үркітетін" сервис қызметкерін кәсіпкер қалай ұстап отырады? Мұның бәрі тынымсыз еңбекті талап етеді. Білесіздер, астаналықтар мен өзге қалалықтар арасында айырмашылық бар. Бұрын біз мында келгенде, алматылықтар бізге "колхозниктерге" қарағандай қарайтын. Енді қалай қарайды? Мұның бәрін мен не үшін айтып отырмын? Сендер үкіметпен бірлесіп, аталған мәселелерді қарап, Астананың 20 жылдығына жақсы көрсеткіштермен келу үшін.  Осында отырған сіздер мен біздер Астана үшін жауап береміз. Әкімдік қана емес, бүкіл мемлекет елорда үшін жауапты", — деді Елбасы. 

Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен қаланы одан әрі дамыту мәселелері бойынша кеңес өтіп жатыр.

Жаңалықтар
0