Қоғам

Қазақстанда тағы 15 мың шақырым жол ақылы болмақ

© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазАвтоЖол"Алматы – Қапшағай автожолы
Алматы – Қапшағай автожолы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республикалық маңызы бар автожолдарды ақылы ету ұсынысын жеке серіктестік көтерген

АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Қазақстанда алдағы үш жылда 15 мың шақырым жолға ақылы жүйе енгізіледі. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ақылы жол - Sputnik Қазақстан
Экономика
Министрлік ақылы жолдардан жыл сайын қанша пайда түсетінін айтты

"Қазіргі уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі бойынша біз республикалық маңызы бар автожолдарды ақылы ету мәселесін пысықтап жатырмыз. Бұл ұсынысты жеке серіктестік бастады. Ол үш жылдың ішінде 15 мың шақырым жолға ақылы жүйе енгізу керектігін ұсынып отыр. Бұл жүйе 10 жыл пайдаланылады", — деді Қасымбек.  

Министрдің айтуынша, 2 сәуірде жобаны бастау туралы хабарлама интернет ресурстар мен баспасөзде жарияланды.

"Хабарлама шыққаннан кейін 60 күн ішінде әлеуетті жеткізушілер қызығушылық білдіріп, баламалы ұсыныстарын жеткізсе, әріптесті таңдау конкурс арқылы жүзеге асырылады", — деді ол. 

Айта кетсек, қазіргі уақытта инвестициялар және даму министрлігі жетекшілік ететін салаларда МЖӘ механизмі бойынша 44 жоба пысықталу және іске асырылу кезеңінде.

Жаңалықтар
0