Қоғам

Астана саябағында жаңа аттракцион іске қосылады

© Sputnik / Сергей Пятаков / Медиабанкке өту"Айналаны шолу" аттракционы, архивтегі фото
Айналаны шолу аттракционы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Экстрималды емес отбасылық аттракционның 14 кабинасы бар, орындар саны 56 адамға есептелген

АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Астана қаласының Астаналық саябағында осы жазда италиялық "Айналаны шолу" аттракционы орнатылады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Дельфиндер шоуы - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Астанада Орталық Азиядағы ең үлкен теңіз жануарларының саябағы ашылды

Елорданың  20 жылдық мерейтойы қарсаңында Астаналық саябақта жаңа аттракцион ашылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарын тағы да бір аттракцион іске қосылып, қуантпақ. Бұл экстрималды емес отбасылық аттракцион, жалпы кабиналар саны 14, отыратын орындар саны 56 адамға есептелген.

Аттракционның биіктігі 22 метр, бұл жерден жағалауға, Тұран даңғылына және Есіл өзені арқылы өтетін жаңа жаяу жүргіншілер көпіріне көз салуға болады.

Аттракционның іске қосылуы және ашылуы 2018 жылдың мамыр айының бірінші жартысына жоспарланып отыр, қазіргі уақытта монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, еліміздегі ең үлкен "Айналаны шолу" аттракционы да елордамызда орналасқан. Оның биіктігі 65 метр, салмағы 270 тоннаға жетеді. Әр кабинаның сыйымдылығы — алты адамға дейін, жүк көтергіштігі — 600 кг. 


Жаңалықтар
0