Қоғам

Таиландтағы қазақстандық әйел елге арнайы ұшақпен жеткізіледі

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуПаттайя
Паттайя - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел адам Таиландтағы Паттайя қаласында демалып жүріп, инсультпен ауруханаға түсті

АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық науқас әйелді Таиландтан елге жеткізеді.

Екі апта бұрын 56 жастағы әйел Паттайяда демалып жүріп, инсультпен ауруханаға түскен.

"Қазақстан азаматын елге жеткізу 2018 жылдың 25-27 сәуіріне жоспарланған. Қазақстан азаматы стационарлық емді Астананың медициналық мекемесінен алатын болады", — делінген денсаулық сақтау министрлігі хабарламасында.

Елордаға әйел адамды санитарлық авиациямен жеткізеді. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

Жаңалықтар
0