АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. Астана қаласында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектері 9 мамыр — Жеңіс күніне орай 511 135 теңге көлемінде ақшалай көмек алады. Қалалық мәслихат депутаттары осы мақсатта жергілікті бюджеттен қосымша 33 млн 250 мың теңге бөлу туралы ұсынысты қабылдады, деп хабарлайды Елорда Инфо.
"Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясының қарауына Астана қаласындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне Жеңіс күніне орай қосымша әлеуметтік көмек беру мәселесі ұсынылады", — деді Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспанов.
Оның айтуынша, елордадағы ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне қосымша әлеуметтік көмек көрсету 2017 жылы бекітілген.
"9 мамыр – Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне берілетін әлеуметтік көмек 67 АЕК көлемінде болады. Бұл — 161 135 теңге. Сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша біз барлық есепті айлық есептік көрсеткішке келтірдік. Биыл Жеңіс күніне орай жергілікті бюджеттен қосымша 33 млн 250 мың теңге бөлу жоспарланып отыр, яғни 95 ҰОС ардагері мен мүгедектеріне 350 мың теңгеден әлеуметтік көмек көрсету көзделген. Осылайша, ұсынылған жобаны қолдайтын болсаңыздар, Астана қаласындағы ҰОС ардагерлері мен мүгедектері биыл 9 мамыр мерекесіне 511 135 теңге әлеуметтік көмек алатын болады", — деді Ермек Оспанов.
Бұған қоса басқарма басшысының айтуынша, қаладағы ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне аталған әлеуметтік көмек 1 мамырға дейін аударылады. Мәслихат депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.
Айта кетейік, өткен жылы елордада 163 соғыс ардагері мен мүгедегі болған. Бүгінде Астанада Ұлы Отан соғысының 95 ардагері мен мүгедегі тұрады.
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполис аумағында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыз болуына байланысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Құжатқа сәйкес, кез келген ойын-сауық және бұқаралық шараларды, оның ішінде үйде өткізуге сол күйі тыйым салынған. Бұл жерде үйлену тойы, еске алу, көрмелер және адам көп жиналатын басқа да іс-шаралар туралы сөз болып отыр.
Сонымен қатар, қызметі әлі жанданбаған нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді. Олар: боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар ("Ashyq" пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караоке, батут, түнгі клубтар, букмекер кеңселері, лото және ойын клубтары, жабық ғимараттағы ойын алаңдары мен аттракциондар, спорт нысандарында орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындары.
"Сауда кәсіпорындары қауымдастығының ұсынысына сәйкес, ауданы 1000 ш. м. асатын сауда орындарына (COCO, CY, базарлар), қоғамдық тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға (автобус, троллейбус, метро) адамдардың әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтауын тұрақты бақылау үшін санитарлық патрульдер құру ұсынылады", - делінген қаулыда.
Қаулы 9 наурызда күшіне енеді.
Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды.
2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында рұқсат етіледі:
Қаулы 2021 жылдың 9 наурызы сағат 00:00-де күшіне енеді.
Құжаттың толық мәтінімен мына жерден таныса аласыз.
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым аумағында көктайғақ, жаңбыр және бұрқасын, сондай-ақ тұман болады.
Атырау облысында тұман түседі, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді.
Жамбыл облысында тұман мен көктайғақ болжануда. Желдің күші секундына 20 метрге дейін барады.
Түркістан облысында қалың тұман түседі.
Ақтөбе облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман, қатты жел болады.
Павлодар облысында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ күтілуде.
Қарағанды облысында – тұман және көктайғақ.
Қызылорда облысында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады.
Маңғыстау облысында да тұман және 15-20 м/с жел болжанып отыр.
Ақмола облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын болады.
Батыс Қазақстан облысында қатты жел тұрып, тұман басады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысында – қар, жаңбыр, тұман және көктайғақ.
Қостанай облысында бұрқасын, тұман және көктайғақ болады.
Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, түнде ауа температурасы -2-4°C, күндіз 0+2°C. Желдің жылдамдығы – секундына 15-20 метр.
Алматыда күн бұлтты, сынап бағанасы түнде 0+2°C, күндіз +10+12°C көрсетеді.
Шымкентте ауа райы жауын-шашынды. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін барады, ауа температурасы түнде +2+4°C, күндіз +7+9°C.