Қоғам

Мал шаруашылығы 500 мың ауыл тұрғынын жұмыспен қамтиды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуФерма, архивтегі фото
Ферма, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бағдарламаның негізгі шарты – асыл тұқымды малдың генетикасын қолдана отырып, мал тұқымын жақсарту

АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев 2018-2027 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының жобасын таныстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мал - Sputnik Қазақстан
Моңғолияда 66,2 млн мал басына жайылым жетпей жатыр

"Министрлік ауыл шаруашылығы саласының стратегиялық даму бағыттарына талдау жүргізіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа бағыттау және импорттық алмастыруға бағытталған 15 басым бағыт анықталды. Бірінші кезеңде біз етті ірі қара мал шаруашылығы мен қой шаруашылығының әлеуеттері жоғары екенін көріп отырмыз. Біздің негізгі артықшылықтарымыз –кең байтақ жайылым алқаптары, суармалы жерлер. Осы саланы дамытуға барлық ресурс жеткілікті. Жайылым жер көлемі 180 миллион гектар, біз әлемде жайылым жер көлемі жағынан 5-ші орындамыз. 110 млн гектар жайылым алқабы жерасты және жерүсті су көздерімен қамтылған. Соңғы 5 жылда 6 миллион гектар жайылым алқабы суландырылды. 2 миллион гектар жер алқабын суландыруға су көздері бар. Ауылдық жерлерде жалпы ел тұрғындарының 45 пайызы өмір сүреді. Бұл дегеніміз ауыл тұрғындарының басым көпшілігі осы бағдарлама аясында жұмыспен қамтылады", — деді Евниев үкімет отырысында. 

Вице-министр аталған бағдарлама жаңа мал өсіруші фермер класын құруға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин - Sputnik Қазақстан
Экономика
Нұрлан Нығматулин: біздің шенеуніктер "ұйқылы күйде" жұмыс істейді

"Бағдарлама аясында фермерлік шаруашылықтар санын 20 мыңнан 100 мыңға дейін өсіру, ауыл тұрғындары үшін жұмыс орындарын 100 мыңнан 500 мыңға дейін ұлғайту, ірі қара мал санын 7 миллионнан 15 миллион басқа дейін көбейту, сиыр және қой еті өндірісін 600 мың тоннадан 1,6 миллион тоннаға дейін арттыру, экспорттан түсетін пайда көлемін 2,4 миллиард АӨШ долларына дейін ұлғайту, бір жұмысшыға еңбек өнімділігін бір мыңнан 8 мың долларға өсіру жоспарланып отыр",- деді ол. 

Евниев асыл тұқымды малдың генетикасын қолдана отырып, мал тұқымын жақсарту осы бағдарламаның негізгі шарты екенін айтты.


Жаңалықтар
0