Әлия Назарбаева мен Қанат Бозымбаев

Әлия Назарбаева қазақстандық бизнесмендерге кеңес берді

208
(Жаңартылды 10:59 01.05.2018)
Экологиялық ұйымдар қауымдастығы президиумының төрайымы Әлия Назарбаева мәлімдегендей, Қазақстанда бизнестің "жасыл жолға" қадам басуына жағдай жасалуы керек

АСТАНА, 28 сәуір — Sputnik. Әлия Назарбаеваның пайымдауынша, қазақстандық бизнесмендер "жасыл жолға" түсіп, алда келе жатқан өзгерістерге дайын болуы тиіс.

Қазақстан президентінің кенже қызы Астанада сөйлеген сөзінде жаңа Экологиялық кодексте "жасыл экономика" терминін заңмен бекітіп, квота беру және көміртек бірлігін сату жүйесін қайта іске қосуды ұсынды.

"Экологиялық реттеуге қатысты ұстанымымызды қайта қарауымыз керек. Ойымды түсіндіре кетсем, мен бизнеске жоғары экологиялық талаптар қоюды сұрап отырған жоқпын. Мемлекет бизнестің "жасыл жолға" қадам басуы үшін тиімді ынталандыру жасауы тиіс. Мысалы, Елбасының тапсырмасымен құрылып жатқан жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар халықаралық орталығы "жасыл" технологияны енгізуге үлесін қосып, "жасыл" бизнеске жол ашуы қажет", — деді экологиялық ұйымдар қауымдастығы президиумының төрайымы Әлия Назарбаева.

Оның мәлімдеуінше, соңғы кездері экологияның нашарлауы халыққа күн сайын кері әсерін тигізіп жатыр. Бұған ішінара қазіргі экологиялық заңнаманың қауқарсыздығы да айыпты. Әлия Назарбаева айтып өткендей, 2007 жылы қабылданғалы бері Экологиялық кодекске 63 рет өзгерту енгізілген.

Назарбаеваның пікірінше, 2030 жылға дейін парниктік газдардың бөліну мөлшерін 15%-ға дейін қысқарту міндеті Қазақстан үшін біршама тәуекелдерге әкеп соғады. Пайымдауларға сәйкес, климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ конвенциясы аясындағы конференцияда елдерді өз міндеттіліктерін орындауға мәжбүрлеуі мүмкін.

"Отандық бизнесте 2020 жылы өзінің шектеулері, тәуекелдері мен пайдасы бар жаңа орта қалыптасады. Ұлттық міндеттемелер орындалмаса, отандық тауарлар әлем нарығына шығарылмай, оларға қарсы экономикалық санкция қабылдануы мүмкін", — дейді Назарбаева.

208
Кілт сөздер:
бизнес, жасыл экономика, Әлия Назарбаева
  Электронды үкімет мобильді қосымшасы

Электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз пайдалану фактілері  жиіледі

20
Электронды цифрлық қолтаңба қолмен қойылған қолтаңбаға теңестірілген және заңдық тұрғыда салдары онымен бірдей болады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Қазақстанда электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) заңсыз пайдалану фактілері  жиілеп кетті, деп хабарлады цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

2015-2018 жылдар аралығында 640-бабы "Қазақстан Республикасының электронды құжаттар және электронды цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзу" бойынша 15 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. 2019 жылы мұндай істердің саны күрт өсті – 52 іс қозғалды.  

Оқи отырыңыз: Енді электронды цифрлық қолтаңбаны компьютерде сақтау қажет емес 

"Осы жылдың 9 айында электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз берудің 30-дан астам фактісі және оны қорғау шараларын сақтамаудың бестен астам жағдайы анықталды. Бұл фактілер бойынша 10-нан 150 АЕК-ке (27 780-нен 416 700 теңгеге дейін – Sputnik) дейін айыппұл салынды", - деп нақтылады ведомство.

Соңғы кездері министрлікке жеке тұлғалардан және лауазымды адамдардан электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз беруге қатысты көптеген шағым түсіп жатыр.

"Электронды цифрлық қолтаңба қолмен қойылған қолтаңбаға теңестірілгенін және заңдық тұрғыда салдары онымен бірдей болатынын ұмытпау керек", - деп атап өтті ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов.

Өткен кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары өздерінің ЭЦҚ-сын басқа қызметкерлерге беру жағдайлары, сондай-ақ жұмыс берушілер жұмыстан шығып кеткен қызметкерлердің ЭЦҚ-сын қайтарып алмайтын жағдайлар көбейді. Мұндай әрекеттер электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз қолдануға жол ашады, ал ол әкімшілік және тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады.

ЭЦҚ-ны қалай қорғауға болады

Өзіңді қорғау және алаяқтықтың құрбаны немесе керісінше заң бұзушы атанбау үшін министрлік мынадай кеңес береді:

  • ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беруге болмайды. Ұйымдарда құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге жеке ЭСҚ беру керек;     
  • ЭСҚ-сы бар қызметкерлерді жұмыстан шығару фактілерін қадағалап, олардың ЭСҚ-сын дер кезінде қайтарып алған жөн;
  • ЭСҚ жоғалған жағдайда бұрынғысынан бас тарту арқылы дереу қайта шығарып, стандартты парольді күрделілеуіне ауыстыру қажет.

Айта кетейік, электронды цифрлық қолтаңбаны үйден шықпай-ақ алуға болады.  

20
Кілт сөздер:
электронды үкімет порталы, қолтаңба
Тақырып бойынша
Қазақстан премьері ЕАЭО үшін маңызды ұсыныс жасады
Электронды цифрлық қолтаңбаның мерзімін қалай ұзартуға болады – министр жауабы
Боран

Бұрқасын соғып, көктайғақ болады синоптиктер жұмаға болжам жасады

1031
Қазақстанның тоғыз өңірінде дабылды ескерту жарияланды, бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болады деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Синоптиктер жұмада ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Қазгидрометтің мамандары Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады деген болжам жасады, тек шығыста және оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, Қазақстанның солтүстігінде және орталық бөлігінде жаяу бұрқасын соғады.  

Дабылды ескерту

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түседі.

Жұма күні Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын соғады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Жұма күні Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қараша айының жиырма жетісінде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасындатады.

Оқи отырыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады 

28 қарашада таңертең және күндіз Жамбыл облысында жауын-шашын қатты жауады (жаңбыр, қар), 27-29 қарашада кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, 28 қарашада кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады. 27 қарашада күндіз, 28 қарашада тәулік бойы секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, 28 қарашада екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Өңірлердегі ауа райы

Қарағанды ​​облысында кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады.

Батыс Қазақстанда тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда.

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Павлодар облысында тұман түседі.

Алматы облысында, Жалаңашкөл маңында жел секундына 17-22 метрге күшейеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда түнде 14-16, күндіз 5-7 градус суық болады.

Алматыда түнде ауа температурасы минус 5-7 градусқа дейін төмендейді, күндіз плюс 4-6 градус болады.

Шымкентте дабылды ескерту жарияланды. 27 қарашада күндіз мұнда жел тұрып, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде минус 1 - плюс 1, күндіз 7-9 градус жылы болады.

1031
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, көктайғақ, бұрқасын