Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов

"Нағыз батыр!" Қазнетте әкімнің ерекше костюмі қызу талқыға түсті

265
(Жаңартылды 14:34 03.05.2018)
Павлодар облысының әкімі қапет киіп, ұлттық нақыштағы белдікпен белін буып алған

АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Желіде ерекше костюм киген Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың суреті тарап, жұрттың қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Өңір басшысы үстіне әдеттегідей қатаң костюм емес, қоңыр түсті қапет киіп алған және оны тастармен көмкерілген ұлттық нақыштағы белдікпен буып алыпты. 

"Облыс әкімінің костюміне 0-ден 10-ға дейін баға беріңіздер немесе өз пікірлеріңізді жазыңыздар. Бірақ әкімнің инстаны оқитынын ұмытып кетпеңіздер", — деп жазылған инстаграмдағы пабликте жарияланған суреттің астындағы жазбада. 

Суреттің астында желі қолданушылары түрлі пікірлер жазып жатыр.

"Нағыз батыр, ер жігіт!", — деп жазғандардың бірі 10+ деген бағасын беріпті. Енді бірі "қамшы қайда?" деп сұраған. 

"Жағдайын жасап жүрсе қарашаның, халқымен кеңесетін, санасатын. Жолымен тура жүрсе Аяз бидің, әкімге не кисе де жарасады",- деп жазыпты тағы бірі. 

265
Кілт сөздер:
қазнет, желі, ерекше костюм, белдік, қапет, Болат Бақауов, Павлодар облысы
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев Үндістан президентіне көңіл айтты

14
Махараштра штатында су тасқыны мен лай көшкінінен кем дегенде 138 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан президенті Рам Нат Ковиндке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президенті Махараштра штатында болған су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және үйлер мен ғимараттардың қирағаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған адамдардың отбасыларына көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Із-түзсіз жоғалған отандастарыңыз өз отбасыларына аман-есен оралсын. Осындай қиын-қыстау шақта біз Үндістан халқымен біргеміз", – делінген жеделхатта.

Тағы оқыңыз: "Қайғырып көңіл айтамын": Тоқаев Си Цзиньпинге жеделхат жолдады

Үндістанның орталығындағы Махараштра штатында су тасқыны мен лай көшкінінен кем дегенде 138 адам көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости.

84 мыңнан астам адам штатттың оңтүстігіндегі Пуна округінде қауіпсіз аймаққа орналастырылды.

Үнді метеорология бюросы Махараштра штатының әкімшілік орталығы Мумбаидағы нөсер жауынға байланысты дабылдың қызыл деңгейін жариялады. Табиғи апат салдарынан қала тұрғындарын жарық және сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындады.

14
Кілт сөздер:
көңіл айту, Үндістан, Қасым-Жомарт Тоқаев
Елордадағы билборд, архивтегі сурет

Індет өршіп тұр: "сары" аймақта тек бір ғана облыс қалды

115
Қазіргі таңда Қазақстанның он алты өңірі "қызыл" аймақта орналасқан, "жасыл" аймақта бір де бір облыс жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. 25 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.

"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

"Сары" аймақта тек Алматы облысы қалды.

25 шілдедегі мәлімет бойынша 78 917 адам коронавирус инфекциясынан (76 891 КВИ+ және 2 026 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 23 046 пациент стационарда, 55 871 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Індетке шалдыққандар арасында:

  • 1 438 адамның жағдайы ауыр,
  • 284 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 182 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Соңғы дерекке сүйенсек, республикада 5 127 049 адам вакцинаның бірінші компонентін, ал 3 232 019 адам екінші компонентін салдырды.

115
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
1 қыркүйекке дейін балаларды вакцина салдыруға міндеттей ме?
Қазақстандықтарда таңдау бар ма – өңірлерде қандай вакцина қалды 
"Вакцина алмағанына өкінеді": денсаулық министрі халыққа үндеу жасады 
"Вирус мутацияланады": Шарман вакцина алмағандарға қандай қауіп төніп тұрғанын айтты