Бағдаршам

Астанада әкесінің көлігіне мінген жасөспірім екі кісіні қағып кетті

19
(Жаңартылды 13:07 16.05.2018)
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, кәмелеттік жасқа толмаған жүргізуші ұсталған

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Астанада әкесінің көлігіне мінген жасөспірім екі кісіні қағып кетті, деп хабарлады ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Оқиға сейсенбі күні сағат 18:30-да Жеңіс даңғылы мен Мәскеу көшесінің қиылысында болған.

"Mitsubishi жүргізушісі бағдаршамның рұқсат етуші жарығына жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі адамды қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Жол полициясы қызметкерлері құқықбұзушыны бірден тауып, Мәскеу көшесі бойындағы үйлердің бірінің ауласында ұстады. Ол 2001 жылы туған кәмелеттік жасқа толмаған бала", — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған, олардың хәлі туралы мәлімет жоқ. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Полицейлер жасөспірімнің ата-анасының біреуінің қатысуымен тексеру шараларын жүргізіп жатыр.

19
Кілт сөздер:
кісі қағу, жасөспірім, жол апаты, Астана
Архивтегі фото

6 жарым мыңнан астам адамнан вирус табылды: эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр

122
Нұр-Сұлтанда 1 522, Алматыда 1080, Қарағанды ​​облысында 750 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 6521 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бұл пандемия басталғаннан бергі рекордтық көрсеткіш. Бір күн бұрын 6119 науқас тіркелген болатын.

Өткен тәуліктің статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1522,
  • Алматы қаласы - 1080,
  • Шымкент қаласы - 507,
  • Ақмола облысы - 193,
  • Ақтөбе облысы - 250,
  • Алматы облысы - 220,
  • Атырау облысы - 446,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 101,
  • Жамбыл облысы - 108,
  • Батыс Қазақстан облысы - 309,
  • Қарағанды облысы - 750,
  • Қостанай облысы - 167,
  • Қызылорда облысы - 170,
  • Маңғыстау облысы - 255,
  • Павлодар облысы - 211,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 123,
  • Түркістан облысы - 109.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 522 638.
 

122
Кілт сөздер:
Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Қала тұрғындары

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

9679
Министрлік аптап ыстықта балаларды ерекше бақылауда ұстау қажеттігін ескертті. Өрт қауіпсіздігі ережелерін де сақтау қажет

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес берді. Себебі ертеңнен бастап қатты ыстық болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Сондай-ақ, министрлік аптап ыстықта балаларды ерекше бақылауда ұстау қажеттігін ескертті. Өрт қауіпсіздігі ережелерін де сақтау қажет. Себебі қатты ыстықта өрт шығу қаупі жоғарылайды. 

"Азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Табиғи өрттің негізгі себептері: халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанған сіріңке, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, көлік сөндіргішінің ұшқыны, құрғақ шөпті жағу және найзағай", - делінген ресми хабарламада. 

Төтенше жағдайлар министрлігі ыстықтан сақтану үшін азаматтарды аса қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес берді. Негізгі сақтық шараларын да ұмытпау қажет. Олар: 

  • күніне кемінде 1,5-3 литр сұйықтық ішу; 
  • аптап ыстықта кез-келген физикалық белсенділіктен бас тарту;
  • күндіз күн сәулесі бөлмеге кірмеуі үшін терезелерді ашық реңкті перделермен жабу;
  • күн өтпес үшін баскиім, ашық, ауа өткізетін киім (мақтадан жасалған) кию;

Қазгидрометтің мәліметі бойынша еліміздің бірқатар өңірлерінде қатты ыстық болады.

24 шілде күні күндіз Нұр-Сұлтан қаласында 35 градус, ал Ақмола облысында 35-37 градус қатты ыстық болады деген болжам бар. Ал облыстың батысында термометр бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі. 

24-25 шілде күндері Қарағанды облысының оңтүстігінде 40 градус. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

24-26 шілдеде Жамбыл облысының кей жерлерінде плюс 44 градус. 

Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 25 шілде күні 40-42 градус қатты ыстық болады. Ал Түркістан мен Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 46 градус, ал Маңғыстау облысында 25-27 шілдеде күндіз +44 градус.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда +46 градусқа дейін ыстық болады

 

9679