Дариға Назарбаева

Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлер үшін тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды

7918
(Жаңартылды 12:17 21.05.2018)
Сенат депутаты мұғалімдер мен дәрігерлерге арналған жеке тұрғын үй бағдарламасы қажет деп есептейді

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Сенат депутаты Дариға Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлер үшін жеке тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Мұғалімдер мен дәрігерлер үлкен азаматтық сектор. Олар бүгінгі күні баспанамен қамтамасыз етілу жағдайы бойынша өте әлжуаз болып отыр. Әзірге ешбір ипотекалық бағдарлама олардың тұрғын үй мәселесін толық көлемде шеше алмай келеді", — деді Дариға Назарбаева бүгін сенатта "Нұрлы жер" бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланған отырыста. 

Оның айтуынша, мұғалімдер мен дәрігерлер адами капиталды дамытуда маңызды рөл атқарады. Ал халықтың бұл санатының баспана жағдайы қазір қалыс қалып отырған жайы бар.

"Дәрігер мен медбике, мұғалім мен мұғалімнің материалдық тұрғыдағы жағдайы бірдей емес. Отбасы бар мұғалімдер бар, олар, мәселен, бағдарламаға қатыса алады. Мұндай мүмкіндігі жоқ мұғалімдер де бар ғой. Олардың бірлесе баспана алуға болатын отбасы жоқ, тіпті кейбірінің мойнында туған-туысқандары отыр. Оларға қалай көмектесуге болады? Біз оларды мемлекеттік және азаматтық қызметке ұмтылып, өз біліктілігін арттыруға ынталандыруымыз қажет. Сондықтан олар үшін әскери қызметшілер секілді жеке бағдарлама әзірлеуді ұсынамын", — деді Назарбаева.

"Қазір баспана мәселесі өте өзекті. Жыл сайын тұрғын үй көлемін арттырып жатырмыз, бірақ халық саны да өсіп жатыр. Сондықтан алдағы жүз жылда баспанаға мұқтаж халықтың бәрін қамтамасыз ете алмаймыз деп қорқамын", — деген алаңдаушылығын білдірді сенатор.

Айта кетейік, елімізде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қарулы күштер, әскери прокуратура, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.

7918
Кілт сөздер:
ипотекалық бағдарлама, мұғалімдер, дәрігерлер, Дариға Назарбаева
Нұрсұлтан Назарбаев University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады

Елбасы Юрий Пяға қолдау көрсетуге уәде берді

43
Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ түсіп, зор жауапкершілік артылып отырғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. "Назарбаев Университет" дербес білім беру ұйымы Жоғары қамқоршылар кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа қордың заманауи медициналық білім беру, денсаулық сақтау және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат берілді.

"Қазіргі жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ түсіп, зор жауапкершілік артылып отыр. Сіз "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы қызметіне кірістіңіз. Еліміздің жарқын болашағы жолында қызмет атқаратыныңызға сенімдімін. Біз сізге қолдау көрсетеміз", – деді Елбасы.

43
Кілт сөздер:
Назарбаев, медицина
Тақырып бойынша
Adal партиясына Назарбаевтың күйеу баласы қолдау көрсететіні рас па?   
Елбасы үш кездесу өткізді: ұлттық қауіпсіздік мәселесі сөз болды  
Назарбаев қазақ тіліне қатысты тапсырма берді
Қазақстандағы оппозициялық партия қайсы – ҚКХП өкілі жауап берді
Назарбаев праймеризге қатысты тапсырма берді
Қазақстан экономикасына үлкен салмақ түсіп жатыр – Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының саяси кеңесін өткізді

"Nur Otan" сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындады Назарбаев

390
(Жаңартылды 19:41 24.11.2020)
Қазақстан тиімді жұмыстың және Ұлттық қор қаражатының арқасында күрделі жағдайларды айналып өте білді, деп атап өтті Елбасы

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Nur Otan" партиясының саяси кеңесі бюросының отырысы өтті, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Жиында Назарбаев соңғы бес жыл ішінде партия өзінің сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындағанын атап өтті.

"Пандемияға және соған байланысты әлемдік экономиканың 4,4 процентке, кейбір дамыған елдерде 10 процентке құлдырағанына қарамастан, біз тиімді жұмыстың және Ұлттық қор қаражатының арқасында мұндай күрделі жағдайларды айналып өте білдік", – деді партия төрағасы.

Қазақстанның Тұңғыш президенті соңғы бір жылдың ішінде партия жұмысын қайта жандандыру бағытында ауқымды жүйелі жұмыс атқарылғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Nur Otan мәжіліс депутаттығына 78 кандидатты бекітті 

"Біз алғаш рет праймериз өткіздік. Соның нәтижесінде аудан, қала және облыс деңгейіндегі іріктеулерден өткен 77 кандидат Саяси кеңестің шешімімен Съезге ұсынылып отыр. Бүгін праймериз тәртібіне сәйкес, қалған 49 кандидатты орталық квота бойынша партиялық тізімге қосу жөнінде шешім қабылдаймыз. Халықтың қатысуымен 216 өңірлік сайлауалды бағдарлама жан-жақты талқыланып, қабылданды. Онда жұртшылық тарапынан келіп түскен 17 мыңнан астам ұсыныс ескерілді", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы праймеризге қатысушылар мен онда жеңіске жеткен азаматтарға тоқталды.

"Праймеризге қатысушылардың үштен бір бөлігі және партиялық тізімге енген әрбір бесінші адам – жастар өкілі. Партиялық тізімнің 30 процентін  әйелдер құрайды. Сонымен бірге партия тізімдерінде көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, бизнес өкілдері, жұмысшылар мен қызметкерлер бар", – деп толықтырды ол.

Қазақстанның Тұңғыш президенті праймеризге қатысқан партияның әрбір үшінші жаңа мүшесі жеңіске жеткенін атап өтті.

"Осылайша, біз "Nur Otan" партиясының жұмысын жүйелі түрде қайта жандандыруды аяқтадық", – деп түйіндеді партия төрағасы.

Бюро мен саяси кеңес отырыстарының нәтижесінде 126 кандидаттан құралған тізім "Nur Otan" партиясының ХХ съезіне ұсынылады.

390
Кілт сөздер:
Назарбаев, сайлау, Мәжіліс
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Тақырып бойынша
"Ауыл" партиясы ОСК-ге мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін тапсырды
Қазақстанда тағы бір партия атауын өзгертті
Косарев жаңа жылдан кейін депутат болмайтынын айтты
"Ақ жол" партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады