Қоғам

Елімізде жылжымайтын мүлікті тіркеу жеңілдейді

© Sputnik / И. Зенин / Медиабанкке өтуҮй салу
Үй салу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үй салған кезде ХҚКО-ға барып, аз уақыт ішінде тиісті құжаттар алуға болады

АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Әділет министрлігі атқарып келген жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметі жақында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының құзырына өтеді. Қазір мемлекеттік корпорацияда мамандар оқудан өтіп, осы қызметті ұсыну бойынша басқа да дайындық жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады корпорация баспасөз қызметі.

Астана, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"7-20-25" бағдарламасы бойынша баспана алу үшін не істеу керек?

Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу бойынша функция мемлекеттік корпорацияға берілсе, қызмет көрсету мерзімі мен тіркеу барысындағы шығын азайып, сондай-ақ қызметтерді кешенді түрде алуға мүмкіндік туады. Бұл өз кезегінде әкімшілік кедергілерді жойып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізбек.

Яғни, қазір азамат жеке баспана салған кезде пайдалануға беру акті негізінде мемлекеттік корпорация арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне сәйкестендіру мәліметтерін енгізеді. Мәліметтерді жүйеге енгізген соң бір жұмыс күнінен кейін меншік құқығын тіркеу үшін осы құжаттарды қайта тапсырады. Функциялар корпорацияға берілген кезде осы екі қызмет ХҚКО арқылы бір өтінішпен атқарылатын болады.

Жаңалықтар
0