Қоғам

KAZ Minerals Bozymchak басшысы қамаудан босатылды

© AP Photo / John O'BoyleКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан компаниясы топ-менеджеріне қандай айып тағылғанын айтты

АСТАНА, 28 мамыр — Sputnik. KAZ Minerals Bozymchak компаниясының басшысы Ілияс Төлекеев сот залында қамаудан босатылды, деп хабарлады компания өкілдері Sputnik Қазақстанға.

KAZ Minerals Bozymchak басшысы Ілияс Түлекеев - Sputnik Қазақстан
KAZ Minerals Bozymchak басшысы Бішкекте ұсталды

"2018 жылдың 26 мамырында сағат 2.40-та KAZ Minerals Bozymchak бас директоры Төлекеев І.В. Қырғыз Республикасы ҚК 221-бабы бойынша 07.12.2017 күні қозғалған қылмыстық іс аясында ұсталды. 2018 жылы 27 мамырда қамауға алу бұлтартпау шарасы алынып тасталып, Төлекеев І.В. сот залынан босатылды", — деп хабарлайды компания. 

KAZ Minerals топ-менеджердің ұсталуына қатысты мән-жайды айтып берді. 

"Ресми түрде Ілияс Төлекеевке "Қызметтік құзыретін асыра қолдану" бабы бойынша күдік келтірілген. Бірақ қылмыстық істің қозғалғаны туралы қаулының негізгі бөлімінде оған қандай айып тағылғаны туралы толық мәлімет бар. Бұл жерде әңгіме Қырғыз Республикасы бюджетіне салық төлеу жайында", — деп хабарлайды компания.

KAZ Minerals мәліметіне сүйенсек, топ-менеджер Қазақстанға ұшқалы жатқанда, Бішкек әуежайында ұсталыпты. Қырғыз қаржы полициясы оны тергеу абақтысына қамауға алған. Қырғызстандағы дипломатиялық өкілдікке хабар беріліп, қызметкерлер Төлекеевтің мүддесі мен құқығын қорғауға кірісіпті.

Жаңалықтар
0