Сот ісі

Ratel порталы сот шешімімен бұғатталды

29
(Жаңартылды 12:53 28.05.2018)
Бас редактор Марат Әсіпов пен басқа қызметкерлерге сайт материалдарын өзге БАҚ-та және әлеуметтік желіде жариялауға тыйым салу туралы арыз жартылай қанағаттандырылды

АСТАНА, 28 мамыр — Sputnik. Алматыда Медеу ауданы азаматтық істер бойынша сотта Ratel.kz порталы қызметін тоқтату туралы прокуратура арызына қатысты шешім шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ratel.kz басылымының сайты Медеу аудандық прокуратурасының арызымен 31 наурызда бұғатталған еді.

"Медеу ауданы прокуратурасының Ratel.kz сайтына түсірген Ratel.kz басылымы қызметін тоқтату, Ratel.kz домендік атын қайта тіркемеу және бас редактор Марат Әсіпов пен басқа қызметкерлерге сайт материалдарын өзге БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялауға тыйым салу туралы арызы жартылай қанағаттандырылсын. Ratel.kz сараптамалық интернет-порталының желілік басылымының қызметі тоқтатылсын. Ratel.kz домендік атауының қазақстандық БАҚ кеңістігінде пайдаланылуына бір жылға тыйым салынады", — деп оқыды судья Гүлмира Бейсенова.

Басылымның бас редакторы Марат Әсіпов сот шешімі оқылған соң, оны нақтылау үшін шағым түсіретінін мәлімдеді.

Ratel.kz порталына екі арыз түсірілген: Зейнолла Кәкімжанов пен оны ұлының жалған ақпарат тарату туралы ісі және домендік атау бойынша азаматтық іс.

29
Кілт сөздер:
бұғаттау, Ratel.kz, Алматы
Архивтегі фото

6 жарым мыңнан астам адамнан вирус табылды: эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр

180
Нұр-Сұлтанда 1 522, Алматыда 1080, Қарағанды ​​облысында 750 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 6521 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бұл пандемия басталғаннан бергі рекордтық көрсеткіш. Бір күн бұрын 6119 науқас тіркелген болатын.

Өткен тәуліктің статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1522,
  • Алматы қаласы - 1080,
  • Шымкент қаласы - 507,
  • Ақмола облысы - 193,
  • Ақтөбе облысы - 250,
  • Алматы облысы - 220,
  • Атырау облысы - 446,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 101,
  • Жамбыл облысы - 108,
  • Батыс Қазақстан облысы - 309,
  • Қарағанды облысы - 750,
  • Қостанай облысы - 167,
  • Қызылорда облысы - 170,
  • Маңғыстау облысы - 255,
  • Павлодар облысы - 211,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 123,
  • Түркістан облысы - 109.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 522 638.
 

180
Кілт сөздер:
Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Қала тұрғындары

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

9791
Министрлік аптап ыстықта балаларды ерекше бақылауда ұстау қажеттігін ескертті. Өрт қауіпсіздігі ережелерін де сақтау қажет

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес берді. Себебі ертеңнен бастап қатты ыстық болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Сондай-ақ, министрлік аптап ыстықта балаларды ерекше бақылауда ұстау қажеттігін ескертті. Өрт қауіпсіздігі ережелерін де сақтау қажет. Себебі қатты ыстықта өрт шығу қаупі жоғарылайды. 

"Азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Табиғи өрттің негізгі себептері: халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанған сіріңке, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, көлік сөндіргішінің ұшқыны, құрғақ шөпті жағу және найзағай", - делінген ресми хабарламада. 

Төтенше жағдайлар министрлігі ыстықтан сақтану үшін азаматтарды аса қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес берді. Негізгі сақтық шараларын да ұмытпау қажет. Олар: 

  • күніне кемінде 1,5-3 литр сұйықтық ішу; 
  • аптап ыстықта кез-келген физикалық белсенділіктен бас тарту;
  • күндіз күн сәулесі бөлмеге кірмеуі үшін терезелерді ашық реңкті перделермен жабу;
  • күн өтпес үшін баскиім, ашық, ауа өткізетін киім (мақтадан жасалған) кию;

Қазгидрометтің мәліметі бойынша еліміздің бірқатар өңірлерінде қатты ыстық болады.

24 шілде күні күндіз Нұр-Сұлтан қаласында 35 градус, ал Ақмола облысында 35-37 градус қатты ыстық болады деген болжам бар. Ал облыстың батысында термометр бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі. 

24-25 шілде күндері Қарағанды облысының оңтүстігінде 40 градус. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

24-26 шілдеде Жамбыл облысының кей жерлерінде плюс 44 градус. 

Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 25 шілде күні 40-42 градус қатты ыстық болады. Ал Түркістан мен Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 46 градус, ал Маңғыстау облысында 25-27 шілдеде күндіз +44 градус.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда +46 градусқа дейін ыстық болады

 

9791
Серік Теміржанов

Қазақстандық боксшы Олимпиаданы жеңіспен бастады

0
Серік Теміржанов қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, айқын басымдықпен жеңді. Есеп – 5:0

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшылардың жекпе-жектері басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

57 келі салмақ дәрежесінде Серік Теміржанов венгриялық Ролан Галосқа қарсы шықты. Жерлесіміз қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Есеп – 5:0. Оған қоса, венгриялық боксшы екі рет нокдаун алып қалды. Серік Теміржановтың келесі қарсыласы – америкалық Дьюк Раган.

Айта кетейік, Олимпиадада қазақстандық боксшылар барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Олар: Сәкен Бибосынов (52 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары).

0
Кілт сөздер:
боксшы, Токио Олимпиадасы
Тақырып:
Токио Олимпиадасы