Қоғам

Жеңілдік иелеріне көлік картасын алуға қосымша уақыт берілді

© SputnikКөлік картасы
Көлік картасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада 28 мыңнан жеңілдік иесі көлік картасын алуы тиіс, оларға тағы бір ай берілді

АСТАНА, 1 маусым — Sputnik. Астана әкімі Әсет Исекешев жеңілдік категориясындағы азаматтардың арнайы көлік картасын алуына берілген мерзімді 1 шілдеге дейін ұзартты, деп хабарлайды Астана LRT.

Астанадағы автобустың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жолақы 200 теңгеге дейін көтеріле ме? Исекешев жауап берді

Қоғамдық көлікте жолақысын төлеудің электронды жүйесі енгізілгелі бері Астанада тіркелген жеңілдік иелері автобуспен тегін қатынау үшін арнайы көлік картасын алуы тиіс.

Қазір де 88 мың жеңілдік иесі карталарына қол жеткізді. Бірақ әлі 28 мың адам арнайы көлік картасын алмаған.

"Осыған байланысты Астана әкімі Әсет Исекешев жеңілдік иелерінің көлік картасын алу мерзімін 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартты. Атап өтсек, бұдан кейін бұл мерзім ұзартылмайды", — деп мәлімет берді компания.

Естеріңізге сала кетсек, бейсенбі күні баспасөз мәслихатында әкім хабарлағандай, Астанада шілденің ортасынан бастап жаңа дифференциалды тариф енгізілмек. Электронды көлік картасын пайдаланатындар 90 теңгемен жүрсе, ақшалай төлейтіндерге жолақы екі есе қымбат болады — 180 теңге.

Жаңалықтар
0