КАDEX-2018

KADEX-тегі кісі өлімі: зейнеткерді көрмеге кім кіргізген?

103
(Жаңартылды 19:04 06.06.2018)
Тергеуге негіз болған бап бойынша сотталушы төрт жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АСТАНА, 5 маусым  — Sputnik. Полицейлер KADEX көрмесіндегі адам өлімінің мән-жайын анықтап жатыр.

Астана ішкі істер департаменті Қылмыстық кодекстің 306-бабы (Қауіпсіздік талаптарына сай емес қызмет көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

"Көрме аумағында ақпараттық-жарнамалық қалқан орнатушы мердігер ұйымға қатысты тексеру шаралары орындалып, сараптамалар тағайындалды", — деп мәлімет берді ІІД.

Олардың айтуынша, қаза тапқан ер адам маман емес, көрменің ұйымдастырылуына еш қатысы жоқ. Қазір полицейлер 66 жастағы ер адамға кім және қашан көрмеге кіруге рұқсатнама бергенін анықтап жатыр.

"Оқиға болған күні желдің күшеюі және ауа райының бұзылуы туралы СМС-хабарламалар таратылған", — деп атап өтті ІІД.

24 мамырда  Астанадағы  KADEХ-2018 жабық күні көрме аумағында зейнеткерге ақпараттық стенд құлап кетті. Ер адам алған жарақатынан ауруханада көз жұмған.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдегендей, келушінің KADEХ көрмесіне заңсыз кіруі мүмкін емес. Марқұмның баласы Sputnik агенттігіне берген мәліметі бойынша, әкесі қырық минуттай жедел жәрдем көлігінде жатқан.

103
Кілт сөздер:
тергеу, кісі өлімі, көрме, КАDEX-2018, Астана
Елордадағы билборд, архивтегі сурет

Індет өршіп тұр: "сары" аймақта тек бір ғана облыс қалды

14
Қазіргі таңда Қазақстанның он алты өңірі "қызыл" аймақта орналасқан, "жасыл" аймақта бір де бір облыс жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. 25 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.

"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

"Сары" аймақта тек Алматы облысы қалды.

25 шілдедегі мәлімет бойынша 78 917 адам коронавирус инфекциясынан (76 891 КВИ+ және 2 026 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 23 046 пациент стационарда, 55 871 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Індетке шалдыққандар арасында:

  • 1 438 адамның жағдайы ауыр,
  • 284 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 182 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Соңғы дерекке сүйенсек, республикада 5 127 049 адам вакцинаның бірінші компонентін, ал 3 232 019 адам екінші компонентін салдырды.

14
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
1 қыркүйекке дейін балаларды вакцина салдыруға міндеттей ме?
Қазақстандықтарда таңдау бар ма – өңірлерде қандай вакцина қалды 
"Вакцина алмағанына өкінеді": денсаулық министрі халыққа үндеу жасады 
"Вирус мутацияланады": Шарман вакцина алмағандарға қандай қауіп төніп тұрғанын айтты
Дәрігер сынама алып жатыр

Қазақстанда тағы 6 631 адамнан коронавирус табылды

24
Республикада індет өршіп тұр, вирус жұқтырғандар саны азаяр емес. Өткен тәулікте індетке шалдыққандардың дені Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 631 адам тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 1501,
  • Алматы қаласында - 1191,
  • Шымкент қаласында – 499,
  • Ақмола облысында – 194,
  • Ақтөбе облысында - 229,
  • Алматы облысында - 230,
  • Атырау облысында - 420,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 134,
  • Жамбыл облысында - 102,
  • Батыс Қазақстан облысында - 271,
  • Қарағанды облысында - 768,
  • Қостанай облысында - 178,
  • Қызылорда облысында - 179,
  • Маңғыстау облысында - 245,
  • Павлодар облысында - 225,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 141,
  • Түркістан облысында - 124.

Жалпы пандемия басталғалы республикада 529 269 адам індетке шалдықты.

24
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы