Қоғам

Қаржы министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

© Photo : primeminister.kzРуслан Еңсебаев
Руслан Еңсебаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін Руслан Еңсебаев Ұлттық ақпараттық технологиялар, Қазақтелеком, Зерде, Қазатомөнеркәсіп компанияларында басшылық қызмет атқарған

АСТАНА, 6 маусым — Sputnik. Руслан Еңсебаев қаржы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты

"Үкімет қаулысымен Руслан Сәтбекұлы Еңсебаев қаржы вице-министрі лауазымына тағайындалды", —делінген хабарламада.

Руслан Еңсебаев 1981 жылы Ақмола облысының Степняк ауылында дүниеге келген.

Портфель - Sputnik Қазақстан
Саясат
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы тағайындалды

2005 жылы Басқару институтын, 2013 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, 2016 жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін тәмамдады.  

Еңбек жолын 2001 жылы "Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы" РМК жетекші маманы ретінде бастаған.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ, "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ-да басшылық қызметтер атқарды.  

2017 жылдың маусым айынан бастап "Зерде" ҰИХ" АҚ басқарма төрағасы болды.

Жаңалықтар
0