Қоғам

Бекшин: менингит жұқтырған 3 бала жансақтау бөлімінде жатыр

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республика бойынша барлығы менингит жұқтырған 24 адам емделіп жатыр

АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. ҚР денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы – ҚР бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин елімізде менингококк инфекциясы бойынша ахуал қандай екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Бүгінгі таңда менингитпен ауыру бәсеңдеді. 17-ші аптада инфекция жұқтырғандар саны өте көп болған еді, жалпы республика бойынша бір апта ішінде инфекция жұқтырған 13 адам тіркелді. Қазір менингит инфекциясы бәсеңдеп келеді, бір қуантарлығы Алмаыда төрт тәулік бойы менингококк инфекциясын жұқтырғандар тіркелген жоқ", — деді Бекшин ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, қазір бүкіл Қазақстан бойынша 24 адам ем қабылдауда, оның 12-сі – Алматы қаласында.

Менингитке қарсы екпені кімге салуға болмайды? - Sputnik Қазақстан
Видео
Менингитке қарсы екпені кімге салуға болмайды?

"Үш бала жансақтау бөлімінде жатыр, біреуі – Алматы облысында, екеуі – Астанада. Алматыда жансақтау бөлімінде жатқандар жоқ. Бүгінде Алматыда 360 адам ерікті түрде өзіне вакцина салдырды", — деді ол. 

Сондай-ақ, бас санитарлық дәрігер облыс орталықтарында қауырт жел жұмыс істейтінін атап өтті. Облыстық Call орталықтарға екі күн ішінде 8 мыңға жуық қоңырау түскен.

Жаңалықтар
0