ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев

"Айтпады демеңіздер". Сағынтаев министрлерге соңғы ескерту жасады

530
(Жаңартылды 11:14 13.06.2018)
Үкіметте 5 айдың ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындысы қаралды

АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Жарты жылдың қорытындысы бойынша бюджетті игермеген министрліктерден ақша кері алынып, қаржы көзін қажет етіп отырған салаларға беріледі. Бұл туралы бүгін ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін үкіметте 2018 жылдың 5 айы ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындысы қаралды. Министрлердің баяндамасынан кейін күн тәртібіндегі мәселені қорытындылаған үкімет басшысы экономикада өсім жоқ екенін, бюджеттен бөлінген қаржы тиімді игерілмей отырғанын айтты. Сағынтаев жай жатқан ақшаны қаржы көзін іздеп отырған жобаларға бөлуді тапсырды. 

"Бақыт Тұрлыханұлы (қаржы министрі – автор ескертп.), алты айдың қорытындысы бойынша ақшаны игермегендердің бүкіл қаржысы алынады. Бізде Елбасының тапсырмасы бар, ауыл шаруашылығын, өңдеу саласын дамыуға қазір қаржы көзін іздеп жатырмыз. Данияр Талғатұлы (Ұлттық банк басшысы – автор ескерт.) баяндамасында айтып өтті, экономиканы кредиттеуге қаржы көзін қарастырып жатырмыз. Міне қараңыздар, бізде 100 миллиад теңгеден астам қаржы тұр игерілмей. Экономикаға жұмыс жасамайды. Одан да осыны аламыз да, керек салаға береміз. Ал өңірлерде атқарылмаған істер үшін әкімдер халық алдында өздері жауап берсін", — деді Сағынтаев. 

Ол үкімет бөлген қаржының неге уақытында тиімді игерілмейтініне ашуланды.  

"Елбасының тапсырмасы бойынша үкімет қаржыны бөлді, парламент қолдады, бюджет қабылданды. Ал қаржы игерілмейді, қашанғы күтіп отырамыз? Не экономикада өсім жоқ, не халыққа айтар сөзіміз жоқ. Бәрін қатырып жатырмыз деп есеп береміз, ал одан кейін бәрі ұмытылады. Құрметті әріптестер, айтпады демеңіздер,  алты айдың қорытындысынан кейін игерілмеген ақшаның бәрі басқа салаға жұмсалады. Соңғы рет ескертіп отырмын. Ары қарай не істейтіндеріңіз – сіздердің шаруаларыңыз, халық алдында да, Елбасының алдында да өздеріңіз жауап бересіздер. Ерболат Әскербекұлы, Асқар Ұзақбайұлы (орынбасарлары – автор ескерт.), бақылау сіздерде", — деп тапсырды үкімет басшысы.

530
Кілт сөздер:
үкімет отырысы, министрлер, Бақытжан Сағынтаев
Бердібек Сапарбаев

Сапарбаев Қазан қаласына 20 млн теңгеге ұшып барғаны рас па әкім жауабы

158
Бұған дейін Telegram-каналдардың бірінде Қазан-Тараз-Қазан чартерлік рейсіне 20,7 миллион теңге жұмсалғаны туралы ақпарат жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан — Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазан қаласына чартерлік рейспен барды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 

"Бұқаралық ақпарат құралдарында Жамбыл облысының әкімдігі Тараз-Қазан рейсінің VIP ұшағына 20 миллион теңге бөлді деген ақпарат жарияланды. Бұл шындыққа жанаспайды. Әкім мемлекет қаражатына чартерлік рейспен ұшпайды. Қиын жағдай болып, дәрігер жетіспеген кезде Қазан қаласының дәрігерлерін шақырдық. Қаражат оларды елге алып келуге жұмсалды", - деді Сапарбаев баспасөз мәслихатында. 

Бұған дейін Telegram-каналдардың бірінде Қазан-Тараз-Қазан чартерлік рейсіне 20,7 миллион теңге жұмсалғаны туралы ақпарат жарияланды.

"Чартермен кім ұшады? Татар халқымен достықты нығайту үшін әкім бара ма? Әлде науқас балаларды емдеуге жібере ме? Мүмкін тәжірибе жинақтау үшін қазақстандық дәрігерлер ұшатын шығар?", - деп жазды автор.

Әкімдік Қазан-Тараз-Қазан рейсі татарстандық дәрігерлердің Қазақстанға келуіне арналғанын айтқан болатын. Олар COVID-19 және пневмонияны емдеуде тәжірибе бөлісіп, медициналық көмек көрсетуге жәрдемдесті.

158
Тақырып бойынша
"Ақша қайда кетіп жатыр?": Елбасы халықтың көкейінде жүрген сұраққа жауап берді
"Айына 100 миллион табады": карантин пайдасын кімдер көріп отыр
"Бұл қорлау ғой": Сапарбаев қазақстандық әншілерді сынға алды
"Қалай тыныш ұйықтайтынын түсінбеймін": Сапарбаев әкімдерге неге шүйлікті
Сапарбаев Қасқабұлақтағы жағдай туралы: Мұның бәрі ісі жоқтықтан болады
Нұржан Әлтаев

"Шулы мәлімдеме жасап, көзге түспек": депутат Әлтаевтың әрекетін сынға алды

474
(Жаңартылды 13:40 02.12.2020)
Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттілігін тоқтатты. Әлтаевтың өзі бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ

АЛМАТЫ, 2 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Нұржан Әлтаевтың не себепті Nur Otan партиясынан шығарылғанын айтты.

Партияның бақылау отырысында Әлтаевтың "Nur Otan партиясының беделін түсіретін және оның мүддесіне нұқсан келтіретін" әрекеттер жасағаны айтылды.

Бұл бірқатар қоғамдық мәлімдемеде, соның ішінде жаңа саяси партия құру ниеті кезінде байқалғанын атап өтті. Партияның Нұр-Сұлтан қаласы филиалы саяси кеңесінің бюросы Әлтаевты Nur Otan құрамынан шығарды.

"Саясаткердің шулы мәлімдемелер жасауының бірнеше себебі болуы мүмкін.  Мұны оның көзге түскісі келетіні, медиа мен қоғамдық-саяси салада кез келген жолмен таныуға деген ұмтылысы деп түсінуге болады. Мұндай жағдай саяси мансап басталып жатқан кезінде болады. Қоғам алдында жүрген әрбір адам жауапкершілік өлшемі мен мемлекеттің сыртқы саяси қызметіне әсер ететін мәлімдемелер мен әрекетінің салдарын нақты түсінуі қажет", - деп жазды Nur Otan партиясының бақылау төрағасы Павел Казанцев Facebook парақшасында.

Ұсыныстар мен талаптарды партияның диалог алаңдарына айтуға болады, деп есептейді ол.

"Nur Otan партиясының құрамында болып, оның саяси және медиа ресурстарын пайдалана отырып, тіпті мәжіліс депутатының позициясында тұрған кезде жаңа партия құру жөніндегі мәлімдеме мен іс-әрекеттер – бұл кереғар қылық немесе тәжірибенің аздығы да емес, бұл жерде басқа бірдеңе бар", - деп қорытындылады Казанцев.

Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттілігін тоқтатты. Әлтаевтың өзі бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ, ол баспасөз конференциясына шығуға дайындалып жатыр.

Бұған дейін 27 қарашада Нұржан Әлтаев El Tiregi өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының негізінде өз партиясын құру туралы мәлімдеді. Ол Қазақстанда саяси плюрализм жоқ екенін, тек Nur Otan партиясы бар екенін айтты.

474
Кілт сөздер:
сын, Нұржан Әлтаев, мәлімдеме
Тақырып бойынша
Ыдырысова депутаттардың неге шаршап отыратынын айтып берді
"Айына 100 миллион табады": карантин пайдасын кімдер көріп отыр
Депутат Әлтаев Nur Otan қатарынан шығарылды
"Депутат ұйықтап отыр ма?": Владислав Косарев жауап беруге дайын – видео
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылып жатыр – депутат Әлтаев
Жол жөндеу жұмысы

Сапарбаев ел арасында тараған өзіне қатысты қауесетке жауап берді

0
(Жаңартылды 15:01 02.12.2020)
Облыс әкімінің сөзіне қарағанда, адамдар осы мәселені Шығыс Қазақстан облысын басқарған кезден бері айтып келеді

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жиектас шығаратын зауыты жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте облыс әкіміне осы мәселеге қатысты сұрақ қойылды. "Жамбыл облысына әкім болып келгелі бері жиектастар жаппай ауыстырыла бастады. Сіздің жиектас шығаратын зауытыңыз бар ма?", - деді тілшілер. 

Облыс әкімінің сөзіне қарағанда, адамдар осы мәселені Шығыс Қазақстан облысынан бастап сұрап келеді. 

"Маған бұл сұрақты, шамамен, 15 жылдай қойып келе жатқан сияқты. Шығыс Қазақстан облысында (Сапарбаев ШҚО-ның 2009-2014 жылдары басқарды - Sputnik ) басталып, Жамбыл облысында жалғасып келеді. Мен ШҚО-да жүргенде зауытымның жоқ екенін айтқанмын. Менде зауыт болғанда, бәлкім, әкім болып жұмыс істемейтін едім", - дейді Сапарбаев. 

Осы орайда аймақ басшысы жол құрылысына да тоқталды. Оның айтуынша, жол жөндеу жұмыстары кезінде жиектастың бар-жоғы ескеріледі. Сосын жиектастың сапасына да баса назар аударылады. Осының негізінде оны ауыстыруға, я болмаса, ауыстырмауға шешім қабылданады.

 

0
Кілт сөздер:
Бердібек Сапарбаев
Тақырып бойынша
Сапарбаев Қазан қаласына 20 млн теңгеге ұшып барғаны рас па – әкім жауабы
Бердібек Сапарбаевтың ұлы жаңа қызметке ауысты
"Шулы мәлімдеме жасап, көзге түспек": депутат Әлтаевтың әрекетін сынға алды
"Айына 100 миллион табады": карантин пайдасын кімдер көріп отыр
"Бұл масқара ғой": Реформалардың нәтижесі Сапарбаевтың ашуын келтірді