Сот

Мәскеу соты Жомарт Ертаевты босату туралы шағымды қарастырады

51
(Жаңартылды 12:08 14.06.2018)
Қазақстандық кәсіпкер Мәскеудегі пәтерінде үй қамақта отыр

АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. Мәскеу қалалық соты сәрсенбі күні Қазақстан халықаралық іздеу жариялап, Ресейде ұсталған "Bank RBK" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы кеңесшісі Жомарт Ертаевты қамауға алуға қарсы шағымды қарастырады.

Сот отырысы Мәскеу уақыты бойынша 14:50-де (17:50 аст), деп хабарлады сот РИА Новости агенттігіне.

Мәскеу соты 11 мамырда кәсіпкерді тергеу абақтысына қамауға алудан бас тартып, Мәскеудегі пәтеріне үй қамаққа жіберген еді.

Ертаевтың қорғаушылары оны қамауға алмауды өтініп, кәсіпкердің Ресейдегі босқын статусын алуға арыз жазғанын, өйткені Қазақстанда қастандық жасала ма деп қорқатынын хабарлаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы тергеу департаменті басшысының орынбасары Асхат Жұмағалиев бұдан бұрын айтқандай, Ертаев РБК банкінен ақшалай қаражат қымқырды деген күдікке ілінген және оған қатысты қазақстандық тарап Ресей құқық қорғау органдарымен бірге экстрадиция мәселесімен айналысып жатыр.

Ертаевқа қатысты іс биыл наурызда ҚР ҚК 177-бабы 4-тармағы (алаяқтық) бойынша қозғалды, бір аптадан кейін кәсіпкерге халықаралық іздеу жарияланған. Бұл бап бойынша он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ресей құқық қорғау органдары Ертаевты 8 мамырда "Москва-Сити" бизнес орталығы жанынан ұстады.

51
Кілт сөздер:
қарсы шағым, үй қамақ, Жомарт Ертаев, Мәскеу
Планшетпен отырған бала, қашықтан оқыту

Министрлік ата-аналардың чатында тараған қауіпті ойын туралы ақпаратқа түсініктеме берді

40
Ата-аналардың үрейін туғызған компьютерлік ойын туралы хабарлама ішкі істер және ақпарат министрліктеріне жолданды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Ата-аналардың чатында балаларды суицидке итермелейтін танымал компьютерлік ойын туралы ақпарат тарап жатыр. Қазақстан білім министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті осыған қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл ақпаратты бірден өкілетті органға – ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолдады. Олар бұл контентті зерделеп, бұғаттау мәселесін шешеді. Сондай-ақ, контенттің қауіпсіздігін тексеру үшін "Киберқадағалау" ақпараттық жүйесіне орналастырдық, - делінген ресми мәлімдемеде.

Бұған қоса, шындыққа жанаспайтын хабарлама таратқандарға шара қабылдау үшін ақпарат ІІМ-ге жіберілді.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жалған ақпарат таратпауды және, қажет болған жағдайда, сенім телефонына хабарласуды сұрайды: 8 (7172) 74-25-28 және +7 (778) 289-81-57.

Сонымен қатар, тәулік бойғы BALA QORGAU телеграм-чатына да жүгінуге болады.

Тағы оқыңыз: Зағипа Балиева әлеуметтік желілерде қауіпті топтар пайда болғанын ескертті

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Among Us ("Біздің арамызда") ойыны туралы ақпарат пайда болды. Анонимді аудиохабарламада ойынның балаларды суицидке итермелейтіні айтылған.

Among Us – қолданушылары көп компьютерлік ойын. Оны америкалық InnerSloth компаниясы әзірлеген. Ойын 2018 жылы 15 маусымда шықты. Ғарыш кемесіне "жиналған" ойыншылар екі командаға – экипаж мүшелері және сатқындар деп бөлінеді.

2018 жылы ойын қатты танымал болмаған еді, бірақ биыл Twitch пен YouTube-тің арқасында кең таралды.

40
Кілт сөздер:
оқушылар, ата-аналар, қауіпті ойын, Білім және ғылым министрлігі
Әли Тұрғанбеков пен Диего Марадона

Марадонамен кездескен қазақстандық бала: құшақтап жібермей тұрды

35
Қазақстандық Әли Тұрғанбеков өзінің кумирі Марадонамен кездесіп, онымен бірге алаңда футбол ойнаған болатын

АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. Екі аяқсыз дүниеге келген қазақстандық Әли Тұрғанбеков футболшы Диего Марадонаның қазасына қатысты жазба жариялады.

Әли 2018 жылы кумирімен кездесу туралы естеліктерін жазды.

"Менен қай кездесудің көбірек ұнағаны жайлы сұраған кезде, әрдайым футболдағы аңыз адам Диего Марадонамен болған кездесуді айтамын. Бұл ең алғашқы кездесу еді. Ол маған екі күнін арнады. Ең алғаш жаныма келіп, ол мені қатты құшақтап жібермей ұзақ тұрды. Мені жүз жыл танитын адамдай құшақтаған еді. Аяғын әрең басып жүргеніне қарамастан алаңға шығып, менімен футбол ойнады. Бұл алдын ала жоспарланбаған еді", - деп жазды Әли Instagram парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ali Turganbekov (@ali_amir_happy)

Сондай-ақ Марадонаның чемпионға тән мейірімді жан екенін жазды.

"Жатқан жерің жайлы болсын, қымбатты досым Диего Марадона! Ол мені жазбаларында досым деп атайтын", - деп жазды қазақстандық.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Diego Maradona (@maradona)

2018 жылы Диего Марадона екі аяқсыз туған қазақстандық Әли Тұрғанбековпен кездесудің видеосын жариялады.

"Бүгін мен Фуджейрадағы (БАӘ) жаттығуға келген досым Әлимен бірге футбол ойнадым. Рақмет, Әли! Сіздің досыңыз Диего", - деп жазды Марадона.

Айта кетейік, 25 қазанда футболдан әлем чемпионы аргентиналық Диего Марадона 60 жасында дүниеден өтті.
Әйгілі спортшы 30 қазан күні медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілген. Миына ота жасалды. Марадона 12 қарашада ауруханадан шықты.

30 қазанда Марадонаның 60 жасқа толуына орай Аргентина чемпионатының 1-турында оның командасы "Химнасия и Эсгрима" "Патронато" (3:0) матчы өтті. Сол күні әйгілі спортшы көпшілік алдына соңғы рет шықты. Матч басталмас бұрын оған естелік тақта сыйға тартылды. Марадонаның емделіп кетуіне алкогольдік және есірткіге тәуелділігі кедергі болғаны айтылды.

35
Кілт сөздер:
бала, қазақстандықтар, Диего Марадона
Тақырып бойынша
Аты аңызға айналған футболшы Диего Марадона неден көз жұмғаны айтылды
Белгілі қазақстандық футболшы әрі бапкер қайтыс болды
Қазақстандық футболшы 25 жасында көз жұмды
Қазақстандық футболшы отбасымен бірге жантүршігерлік апатқа ұшырады
Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат футболшы кім