Бала

Жаңа омбудсмен ОҚО-дағы баланы зорлау ісін қолға алды

185
(Жаңартылды 17:21 17.06.2018)
Сәуле Айтпаева мәлімдегендей, Оңтүстік Қазақстан облысында жеті жасар баланы зорлау ісін тергеу аяқталуы тиіс

АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. Жақында Қазақстанның балалар құқығы бойынша уәкілі болып тағайындалған Сәуле Айтпаева алдағы уақытта қызметінің негізгі бағыттары туралы айтты. 

Тілшілер сенатордан балалар мәселесіне қатысты қандай проблемаларды бөліп қарастыратынын сұрады.

"Мынау басты, мынау қосалқы мәселе деп бөліп қарастыру мүмкін емес, өйткені мемлекеттік саясат бала құқығын кешенді қорғауға бағытталған. Сондықтан осы заңның орындалуын үкімет қадағалайды. Енді біз үкіметпен бірге, құзыретті мемлекеттік органдармен бірге әр бағыт бойынша жұмыс істейтін боламыз", — деді Айтпаева парламентте.

Күн тәртібіне қойылған мәселелер арасынан депутат білім беру, денсаулық сақтау және бала құқығын қорғауды кепілдендіру салаларын атап көрсетті. Сонымен бірге мемлекеттік органдар қызметінің айқын көрінуі маңызды екенін айтып өтті.

Бұрынғы омбудсмен Зағипа Балиеваның қызметінен кетуі туралы пікір білдіре отырып, Айтпаева мемлекеттік органдар, қорлар мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлесіп жұмыс істеуі орасан зор маңызға ие екенін айтты.

"Оңтүстік Қазақстан облысындағы оқиғаға қатысты айтар болсам, қылмыстық іс тергеліп жатыр, енді аяқталуы тиіс. Тергеу нәтижесі бойынша, қылмыстық-процестік кодексте көрсетілген органдар іске кіріскенде, әрі қарай не болатынын білеміз", — деді сенатор. 

Ол осы іс бойынша Бас прокуратураға сауал жолдапты.

Бұдан бөлек, Айтпаева айтқандай, Қазақстандағы заң аясында және берілген құзыреті шеңберінде ата-аналар оған толығымен сенім арта алады.

12 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы жаңа балалар омбудсменін тағайындады. Мәжіліс депутаты Зағипа Балиеваның орнына сенат депутаты, генерал Сәуле Айтпаева балалар құқығы бойынша уәкіл қызметіне кірісті.

185
Кілт сөздер:
баланы зорлау ісі, омбудсмен, балалар құқығы, Сәуле Айтпаева, Зағипа Балиева, ОҚО
түнгі қала

Желідегі видео қызу талқыланды: полиция алматылықты анықтады

94
Жас жігіт тізгіндеген көліктің жоғары жылдамдықпен келе жатқан видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде - Sputnik. Әлеуметтік желі қолданушылары полициядан Алматы көшелерімен жоғары жылдамдықта жүйіткіп, тұрғындарға қауіп төндірген жүргізушіге қатысты шара қолдануды сұрады.

Жас жігіт тізгіндеген көліктің жоғары жылдамдықпен келе жатқан видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын. Желі қолданушыларын жол ережесін өрескел бүлдірушінің әрекеті бей-жай қалдырмады. Олар желіде Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Рустам Абдрахмановтың аккаунтын белгілей бастаған.

Департамент басшысы видеоны назарсыз қалдырмады. Полиция тексеру жүргізіп, көлік иесін анықтады. Hyundai Creta маркалы көліктің тізгінінде 19 жастағы азамат болған. Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің жеті бабы бойынша хаттама толтырылды.

"Кадрларда көлік иесінің жоғары жылдамдықпен келе жатқаны және жолда апатты жағдай туындатқаны анық көрініп тұр", - деп атап өтті департамент басшысы. 

Ол көлік иелерін жолда абай болуға шақырды.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында өзбектер мінген көлік бірнеше рет аударылды

94
Кілт сөздер:
жазалау, көлік, Алматы
Тақырып бойынша
Ақтауда жол апаты адам өмірін қиды: көлік ішінде түсірілген видео жарияланды
Әйел көз жұмып, баласы ауруханада жатыр: Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды
Нұр-Сұлтанда TikTok-қа түспек болған жас жігіттерді полиция ұстап әкетті – видео
Көлік қаққан зейнеткер бірнеше метрге ұшып түсті – видеоның мән-жайы анықталды
Пожилой человек держит держит маску в руке

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

3800
(Жаңартылды 19:36 29.07.2021)
Құжат 35 беттен тұрады. Ол коронавирус инфекциясы төтенше жағдайда таралып, өлім көрсеткіші жоғары болған кезде қазақстандықтарға арналған ережелерді қамтыған

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде - Sputnik. Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жариялады. Толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Ерекше қаулыға бірқатар өзгерту енгізілген. Бизнес, қарапайым халық пен шенеуніктерге арналған ережелер 35 бетті қамтиды.

2 тамыздан бастап енгізілетін шектеулер

  1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында:
    орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, меншік нысандарына қарамастан, Ashyq-қа қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтата тұрсын;
  2. ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын;
  3. мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің (вакцинацияланған және соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда)  80%-ы үшін қашықтықтан жұмыс істеу нысаны сақталсын;
  4.  "Ashyq" жобасынан тыс:
  • құрылыс жұмысын жүргізуге;
  • өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметіне;
  • жанаспайтын қызмет көрсетуге (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілт  жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызмет көрсету және т.б.), гүл дүкендерінің, фотосалондардың қызметіне;
  • туристік компаниялардың, бизнес орталықтардың, қызметтің жекелеген түрлерінің қызметіне (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар, банктер, "Қазпошта" АҚ бөлімшелері және т.б.);
  • қоғамдық тамақтану объектілерінің тек алып шығуға және жеткізуге арналған қызметіне рұқсат етілсін, делінген құжатта.

Қаулыға сәйкес, "қоңыр қызыл" аймақ түсінігі енгізіліп отыр. Оған ауруханаларда төсек-орын толуы 70 проценттен асатын (100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден жоғары) өңір кіретін болады.

3800
Тақырып бойынша
Министр төсек-орын тапшылығы туралы: өлімнің күрт өсуіне әкелуі мүмкін
Цой: коронавируспен ауырғандардың 99,9%-і – вакцина салдырмағандар
Цой карантинді бұзғандардың тізімін жариялауға не түрткі болғанын айтты
Коронавирустың төртінші кезеңі: Бекшин не дейді
Коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салдыруға бола ма
тауарлы поезд

Қазақстан, Ресей және Өзбекстан агроөнім тасымалдайтын "жасыл дәліз" құрады

0
Агроэкспресс пойыздар кешікпей, жылдам жүруі керек. Бұл тез бұзылатын өнімдерді жеткізу үшін аса маңызды

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Қазақстан мен Ресей агроөнімдерді тасымалдауға арналған "жасыл дәліз" құру жайын талқылап жатыр.

"Ресей – Өзбекстан" агрологистикалық дәлізі үшжақты болуы керек. Себебі тауарлардың жүк ағыны Қазақстан аумағы арқылы өтіп жатыр", - деді "Ресей экспорт орталығы" АҚ бас директоры Вероника Никишина.

Ол бұл туралы сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевпен кездесу кезінде мәлімдеді, деп хабарлады министрлік.

"Пойыздар кешігусіз, жылдам жүруі үшін бақылаушы органдардың жұмысын үйлестіру керек болады. Себебі бұл жылдам бұзылатын тауарларды жеткізу үшін аса маңызды. Осылайша біз үш елдің бизнесіне бәсекелестік артықшылық ұсынып, мемлекеттер арасындағы тауар айналымын айтарлықтай ұлғайта аламыз", – деді Вероника Никишина.

Өз кезегінде қазақстандық вице-министр екі ел де оңтүстіктен тауар жеткізуді толыққанды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын айтты.

"Бізге осы жұмысты үйлестіріп, біріздендіру керек. Оның ішінде Ресейден Ауғанстанға дейінгі дәліз бойынша тиімді транзиттік тарифтер қалыптастыру мәселесі де бар", - деді Қайрат Төребаев.

Тараптар Орталық Азия – Қазақстан – Ресей тауарлар ағыны мен Еуразиялық тауар өткізуші жүйе қалыптастырудағы екі ел ынтымақтастығының келешегін талқылады.

Сонымен қатар "Қорғас" және "Орталық Азия" сауда-экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық шекара маңындағы орталықтар базасында өнеркәсіптік кооперация бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы қаралды. Оның ішінде Орталық және Оңтүстік Азия мен Қытай сынды үшінші елдің нарығына бірлесіп дайындалған өнімді шығару мәселесі де бар.

Осы аталған мәселелер бойынша жұмысты үйлестіру және тәжірибе алмасу мақсатында тараптар жақын уақытта "Qaztrade" Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ мен "Ресей экспорт орталығы" АҚ арасында әріптестік туралы келісім жасау жөніндегі мәмілеге келді.

Бұл кездесу вице-министр Қайрат Төребаевтың "Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit 2021" ХІІ Халықаралық экономикалық саммитінің жұмысына қатысуы аясында өті. Саммит шеңберінде Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы мен Қазақстан-Ресей бизнес-форумы да өтіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Лавров Ресей – Еуроодақ саммитін өткізуге не кедергі екенін айтты

0
Кілт сөздер:
Өзбекстан, Ресей, Қазақстан
Тақырып бойынша
Досаев Тоқаевқа экономика өсімін 3,9% деңгейде жақсарту туралы айтты
Қазақстан халықаралық көрмеде алғашқы отандық дронды таныстырды
Мерзімі өтіп кеткен қандай азық-түлік өнімдерін жеуге болады