Қоғам

Бесінші қабаттан құлаған екі бала аман қалды

© Photo : paolatinaБала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің әртүрлі қалаларында екі бала биіктен құлап кеткен

АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Қазақстанда жұма күні кешкісін екі бала терезеден құлап кетті, деп забарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет баспасөз қызметі.

Бала терезенің жанында, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада үш жасар бала 16-қабаттан құлап кетті

Бірінші жайт Шымкентте сағат 21.45 кезінде болыпты. Үлкендердің қарауынсыз қалған 2013 жылғы ер бала бесінші қабаттағы балконнан құлап, ауруханаға түскен.

Екінші оқиға Екібастұзда 22.53 кезінде болды. Үйде жалғыз қалған бала бесінші қабаттағы терезеден құлапты. 2015 жылы туған сәби ауруханаға жеткізілді.

Құтқарушылардың айтуынша, екі бала да терезенің жақтауына өз беттерімен шығып, шыбын-шіркейден қорғайтын торға сүйеніп тұрғанда, құлап кеткен.

Жаңалықтар
0