Қоғам

Ғалымдар жымиюдың тағы бір пайдасын анықтады

Жазылу
Адамдар жымиып тұрған кісінің түрін есте жақсы сақтайды

АСТАНА, 20 маусым — Sputnik.  Британдық ғалымдар анықтағандай, жымиып тұрған адамның түрі есте жақсы сақталады, деп хабарлайды РИА Новости British Journal of Psychology журналына сілтеме жасап.

"Суретке қарап адамның мінезін анықтау өмірімізде ерекше маңызға ие, алайда бұл тапсырманы орындау миымызға айтарлықтай қиындық туғызады. Жалған құжаттар жасау, біреудің жеке ақпаратын пайдалану – қазір де ушығып тұрған проблема, сол себепті адамның кім екенін анықтаудың жаңа әдістерін табу керек", — дейді Йорк университетінің ғалымы Мила Милева.

Милева әріптестерімен адам күлкісінің жаңа бір қасиетін анықтады. Олар әртүрлі суреттегі бір адамды тануға не кедергі келтіретінін анықтау мақсатында тәжірибе жүргізген.

Анна Кудиярова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Кудиярова: айықпас дертке шалдыққандарға күлкі терапиясы көмектеседі

Ол үшін зерттеушілер 34 және 40 студенттен тұратын екі топ жинап, бейтаныс жандардың екі түрлі суреттер топтамасын салыстыруды сұрайды. Бірінші топтамада тек "салмақты түрдегі" портреттер болса, екіншісінде дәл сол адамдар жымиып немесе басқа да эмоциясын айқын көрсетіп тұрған.

Бастапқы зерттеулерден-ақ жымиып тұрған адамды тез тануға болатыны дәлелденді. Екінші топтағы студенттер суреттерде бір адамның түсірілгенін орта есеппен 9%-ға жиірек түсініп, ұқсас суреттердегі адамдардың өзара айырмашылығын 7%-ға көбірек анықтаған.

Бір қызығы, ғалымдар портреттерді "қолдан жасап", салмақты түрде түскен адамдарды жымитып қойғанда, студенттер тапсырманы орындауға қиналып қалған. 

Демек, Милеваның пікірінше, адамдар құжаттағы суретке күліп түссе, оларды еске сақтау және жалған құжатты анықтау жеңілдейтін болады.

Жаңалықтар
0