Қоғам

Астанада жаңа босанған екі әйел көз жұмды

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуОперация, архив
Операция, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір екі ананың өліміне қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр

АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Астанадағы № 1 перинаталды орталықта жаңа босанған екі ана қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Екі әйелдің көз жұмғанын елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады. Қазір аталған іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Әйелдердің неден көз жұмғаны белгісіз. 

"Қазір қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл мәселе бойынша сарапшылар комиссиясы да құрылады. Балалар аман", — деді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Істің мән-жайы хабарланбай отыр.

"Сізбен бірге жүрегім қан жылап тұр". Министр Олжас Сүлейменовке көңіл айтты>>

Жантүршігерлік апаттан 4 түлек көз жұмды, арасында топ-менеджердің қызы бар>>

 


 

Жаңалықтар
0