Қазақстан азаматының паспорты, архивтегі фото

Қазақстанда оралмандар үшін азаматтық алу жеңілдейді

1653
(Жаңартылды 10:00 30.06.2018)
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын Қазақстанға ең кемі 20 мың оралман келеді деп жоспарлап отыр

АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шетелде тұратын этникалық қазақтарды атажұртына қайтару үшін азаматтық алу тәртібін жылдамдату және жеңілдетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру кездесуінде ведомство басшысы Мадина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министр этникалық қазақтарды Қазақстанға көшіру немесе тарихи отанына қайтару демографияға оң әсер ететінін атап өтті.

"Шетелде тұратын этникалық қазақтарға Қазақстанға қоныс аудару үшін жағдай жасау мақсатында азаматтық алудың жеделдетілген (жеңілдетілген) тәртібін енгізу қарастырылып отыр. Сондай-ақ оларға қандай да бір рұқсатсыз және оралман мәртебесінің бар-жоғына қарамастан жұмысқа орналасу құқығы ұсынылады", —деді Әбілқасымова есеп беру кездесуінде.

Сонымен қатар, оның айтуынша, оралмандарға жаңа ортаға бейімделуіне жәрдемдесу мақсатында мигранттарды ақпараттық және құқықтық қолдау орталықтары құрылады. Ал еңбек ресурстары тапшы өңірлерде тіл үйрену курстары ұйымдастырылмақ.

"Жыл сайын Қазақстанға ең кемі 20 мың оралман келеді деп жоспарлап отырмыз", — деді министр. 

Сонымен қатар, Әбілқасымова министрлік ел экономикасында сұранысқа ие әртүрлі профильді білікті мамандарға ұзақ мерзімдік жағдай жасау негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтті. 

"Қолданыстағы көші-қон заңнамасы еліміздің экономикалық, әлеуметтік, демографиялық дамуындағы қажеттіліктер мен жұмыс берушілердің мүддесіне толығымен сәйкес келмейді. Заң а шетелден уақытша жұмыс күшін тартуға бағытталған және онда еңбек мигранттары мен оралмандарды ортаға бейімдеу шаралары көзделмеген", — деді ведомство басшысы.

Көші-қон саясатының тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес биыл көші-қон процестерінің тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданады.

"Экономикаға қажетті шетелдік жұмыс күшін тарту саласында мыналар қарастырылған: жұмыс рұқсаттарын беру жүйесін жетілдіру; қажеттілікті бағалаудың тиімді тетіктерін құру және шетелдік жұмыс күшін тарту тетіктерін жетілдіру; іскерлік мақсатта келетін, инвестициялық және кәсіпкерлік қызметке қатысатын шетелдік азаматтардың ел аумағына кіру ережелерін жеңілдету.  Бұл шаралар ел экономикасын жыл сайын ең кемі 40 мың білікті шетелдік маманмен қамтуға мүмкіндік береді", — деді Әбілқасымова.  

Министр аталған шаралар қазіргі таңда көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша заң жобасының тұжырымдамасында ескерілетінін атап өтті.


1653
Зертхана қызметкері

Пандемияның екінші жылы адам өлімі әлдеқайда көп болуы мүмкін - ДДСҰ 

53
Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Коронавирус пандемиясының екінші жылы кісі өлімі көп болуы мүмкін, деді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебресиесус. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

"Қазірдің өзінде COVID-19-дан 3,3 миллион адам көз жұмды. Біз пандемияның екінші жылына аяқ бастық, бірінші жылмен салыстырғанда осы жылы адам көп өлуі мүмкін. Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру", - деді ДДСҰ бас директоры.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы вакцина вирустан 100% қорғамайтынын тағы да атап өтті. Өйткені вакцина алған адамдар вирус жұқтырып алуы мүмкін, алайда олар жеңіл түрімен ауырады. Сондықтан ұйым басшысы "шектеулерді алып тастау шешімі елде вакцина салдырған адам санына қарай емес, коронавирустың таралуы деңгейіне қарай қабылдану керек", дейді.

Оқи отырыңыз: Елорда әуежайында Ashyq қосымшасы іске қосылды – видео

53
Кілт сөздер:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, қайтыс болды, вакцина, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Вакцинаның екі дозасынан кейін коронавирус жұқтырғандардың саны жарияланды
Вакцина салдырғандарға маска тақпай жүруге бола ма – министрлік жауабы
Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдардың саны күрт көбейді
Өткен тәулікте жиырмадан астам адам коронавирустан қайтыс болды
Министрлік коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады
Бала, ер адам, архивтегі фото

Нұр-Сұлтан тұрғындары педофилдер туралы хабарлама таратып жатыр

29
Полиция хабарламаны жоққа шығарып, оның Нұр-Сұлтан қаласына еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде елордада "педофилдер тобы" бар екен деген хабарлама таралып жатыр.

Нұр-Сұлтан тұрғындары педофилдер туралы хабарлама алған. Хабарламада үш ер адамның суреті де жүр.

"Елордада мұндай факт анықталған жоқ. Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Нұр-Сұлтан полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді", - деп хабарлады полициядағылар.

Педофилдер тобы туралы дәл осындай хабарлама Шығыс Қазақстан тұрғындарын қорқытқан болатын. Өңірлік полиция ақпараттың Шығыс Қазақстан облысына қатысы жоқ екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Педофилдер туралы хабарлама Шығыс Қазақстан полициясын әбігерге салды

29
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, жалған ақпарат, хабарлама, педофил
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

710
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

710
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы