Қоғам

Биылғы ҰБТ несімен есте қалды?

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҰБТ
ҰБТ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл 98 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырды, Қазақстан бойынша орташа балл – 83,1

АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Түлектердің он бір жылдық білімін тексеретін ҰБТ жыл сайын қызықты оқиғаларымен көптің есінде қалады. Биыл да кейбір түлектер батылдығымен, енді бірі тапқырлығымен, тағы бірі табандылығымен таңғалдырды. Sputnik Қазақстан тілшісі осы жылғы ҰБТ несімен есте қалғанын шолып шықты. 

"Бұл барып тұрған әділетсіздік қой"

ҰБТ - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Әуелі анамды қуанттым": маңғыстаулық екі түлек ҰБТ-дан 136 балл алды

ҰБТ-ның алғашқы күні он телефонмен ұсталған елордалық түлек "хитке" айналды. Білім және ғылым министрлігі ҰБТ өткізу пунктерінің металл іздегіш құралдармен жабдықталғанын сан мәрте ескертсе де, түлектер бағын сынап көруге бел буған. 

Ұлттық тестілеу орталығынан хабарлағандай, астаналық түлек телефондарын аудиторияға өзімен бірге кіргізе алмаған. Он телефонды да тексерушілер пунктке кірген бойда-ақ тәркілепті. 

Десе де кейбір түлектердің ҰБТ кезінде айы оңынан туғаны рас. Оған дәлел –  ҰБТ тапсыру кезінде селфиге түсіп, тікелей эфирге шыққан қызылордалық түлектердің әрекеті. 

Желіні "шулатқан" суреттер инстаграмдағы Zello.kyzylorda паблигінде жарияланды. 

"Менің қызым жылап жатыр. Оларда бәрі қатаң болған. Ал енді мына суреттерді көргенде, одан сайын өкіріп жылады. Жұбата алар емеспін. Сұмдық! Бұл барып тұрған әділетсіздік қой! Неге барлығын бірдей бақыламайды? Неге бұл оқушылар өздеріне берілген мүмкіндікті тыныш қана пайдаланбаған? Еркелікке салынып, суреттерді жариялағаны несі?", — деп ашынып жазған еді ата-аналардың бірі. 

Сондай-ақ, ҰБТ-ның алғашқы күнінен кейін интернетте тест сұрақтарының суреті тарады. Әлеуметтік желілердегі түрлі тақырыптық топтарда ақшалай сыйақы үшін ҰБТ сұрақтарына жауап беретіндерді іздеген де көп болды. 

"Өкінішке қарай, кейбіреулер суретке түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялап жатады. Біз мұндай фактілерді болдырмас үшін жұмыс істейміз. Ал он телефонға қатысты айтар болсам, ол түлек аудиторияға кірмей тұрып ұсталды. Бұл қалыпты жағдай", — деген еді ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов. 

"Бойжеткен мен бозбала, артық сырды қозғама"

ҰБТ - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министрлік ҰБТ-да тәртіп бұзатын түлектерге айыппұл салуды ұсынды

Биылғы ҰБТ таңғаларлық ғашықтық хикаясымен есте қалды. 

Мерей есімді елордалық түлек Астанадағы сауда орталығында шымкенттік қызбен танысады. Бозбала елордаға қонаққа келген қызды бір көргеннен ұнатып қалған, бірақ телефон нөмірін алуға жүрегі дауаламапты. Тек есімі мен қай өңірде тұратынын сұрап алған. Сөйтіп Мерей Арай есімді қызды қалай да тауып алуға тырысады. 

Ол Арайдың биыл жазда ҰБТ тапсыратынын білген. ҰБТ-ның онлайн-трансляциясы ғашығын іздеген Мерейге біраз септігін тигізеді. Жас жігіт ҰБТ тапсырып отырған оқушы қызды танып, ұлттық орталыққа хабарласқан. Орталық қызметкерлері түлекке көмектесуге уәде берген еді. 

"Біздің білуімізше, олар бірін-бірі тапты. Бірақ әрі қарай не болғанынан хабарсызбыз", — деді ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов баспасөз мәслихатында. 

Есте қалған ерекше шпаргалка

Мектеп түлектері биыл да шпаргалка жасаудан алдына жан салмады. Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-2018 ең ерекше шпаргалкасын таңдады. Білім және ғылым министрлігінің қызығушылығын тудырған шпаргалканың авторы – елорда түлегі. 

Жасөспірім, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҰБТ кезіндегі ғашықтық хикаясы немен аяқталды?

Астаналық түлек су құятын бөтелкенің сыртына химия пәнінен формулалар жазылған қағазды жапсырып қойған. Әдетте ол қағазда судың құрамы мен өндірушінің мекенжайы жазылады. 

"Шындығына келсек, бізді мұндай өнертапқыштық қуантады. Бұл түлектің функционалдық сауаттылығының деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Жыл сайын логикалық тұрғыда ойлау, талдау және бұл білімді өмірде пайдалану бойынша сұрақтар көбейіп келе жатқанын білесіздер", — деген орталық директоры шпаргалка авторына техникалық мамандықты таңдауға кеңес берді. 

"Оқушының бұл қабілеті елге пайдасын тигізуі мүмкін", — дейді Рамазан Әлімқұлов.

Ресми емес рейтингте "шпаргалка-минералка" көш бастады. 

Уәдесінде тұрды 

ҰБТ қарсаңында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов ҰБТ-ның он бес жылдық мерейтойы құрметіне алғаш болып оң жоғары балл жинаған түлекке iPhone сатып әперуге уәде берген еді. Орталық басшысы  сөзінде тұрды. 

ҰБТ-дағы ең жоғары – 140 балды Алматы қаласының түлегі Шиара Құдайбергенова жинады. 

Шиара Әбдірахымқызы Құдайбергенова – №123 мектеп-гимназиясының түлегі, сынақты 25 маусым күні тапсырған. 

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Шиараның ҰБТ-дан ең жоғары  балды жинағанын ести сала, уәдесін орындауға асықты. Түскі үзіліс кезінде Әлімқұлов елордадағы сауда орталықтарының бірінен смартфон сатып алды. 

Білім министрлігі өкілінің сыйлығы Шиараға Алматыда табыс етілді.

Рамазан Әлімқұлов уәдесінде тұрып, алматылық түлекке iPhone сатып алды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Рамазан Әлімқұлов уәдесінде тұрып, алматылық түлекке iPhone сатып алды

Сондай-ақ, 120 сұрақтан 140 балл жинап, көпті қуантқан алматылық түлекпен қала әкімі Бауыржан Байбек те кездесті. Кездесу барысында Алматы басшысы оған Давостағы Бүкіләлемдік экономикалық форумның негізін қалаушы Клаус Швабтың "Төртінші өндірістік революция" атты кітабын сыйлады. 

Айта кетсек, биыл 102 447 түлек ҰБТ тапсыруға өтініш берген. Соның ішінде 77 224, яғни 75%-ы – қазақ тілінде, 25 177, яғни 25% — орыс тілінде болса, 46 бала ағылшын тілінде тапсыруды жоспарлаған. 

102 447 түлектің ішінен 98 698-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Шекті деңгейден өткендер саны 84 065 түлек, яғни 85%. 14 633 бала шекті 50 балды жинай алмады. Орташа балл республика бойынша 83,1 балды құрады. 

Ағылшын тілінде тапсыруға өтініш берген 46 түлектің тек 28-і ғана ҰБТ-ға қатысқан.  ҰБТ-ны ағылшынша тапсырғандардың орташа балы – 84,5. 

Барлығы 9 түлектің ҰБТ нәтижесі жойылды.


Жаңалықтар
0