Баспана

"7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотека беріле бастады

2780
(Жаңартылды 11:01 18.07.2018)
Қазақстандықтар мемлекеттік бағдарлама бойынша келісім жасалған жеті банктен несие ала алады

АЛМАТЫ, 4 шілде — Sputnik. "7-20-25" бағдарламасы бойынша алғашқы жеті ипотека берілді. Бұл туралы Алматыдағы брифинг кезінде Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтты. Оның сөзіне сүйенсек, қарыздар Астана, Алматы, Ақтау, Өскемен және Орал қалаларында берілген.

Сонымен бірге Ұлттық банк пен "Баспана" ипотекалық компаниясының бірлескен брифингінде Қазақстанның жеті коммерциялық банкімен келісім жасалғаны туралы айтылды. Ол жайында Алматыдағы брифингте "Баспана" басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков мәлімдеді.

"Осы уақытқа дейін "Баспана" Центркредит, Халық банк, Еуразиялық банк, Цесна Банк, АТФ Банк, РБК Банкі және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен келісімге қол қойылды. Сбербанк пен Форте Банк бағдарламаға қызығушылық танытып отыр, техникалық жұмыстар біткен соң "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы бойынша келісімге қол қойылады", — деді ол Ұлттық банкте сөйлеген сөзінде.

"7-20-25" бағдарламасы бойынша баспана алу үшін не істеу керек?>>

Айта кетсек, "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы бойынша әр жұмыс істейтін қазақстандық несиеге баспана сатып ала алады. Қазақстандықтар келесі шарттармен ипотекалық қарыз алу мүмкіндігіне ие болмақ: несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылына 7%-дан, бастапқы жарна — 20%-дан аспайды, несиені төлеу мерзімі – 25 жылға дейін. Ипотекалық бағдарлама бойынша несиелер тек ұлттық валютамен беріледі.

Мемлекеттік мекемелер өз қызметшілеріне баспана алуға пайызсыз қарыз береді>>

Баспана алу үшін зейнетақы қаржысын пайдалануға бола ма? Ақышев жауап берді>>

2780
Кілт сөздер:
қарыз, банктер, "7-20-25" бағдарламасы., ипотека, тұрғын үй, баспана
Тақырып:
"7-20-25" бағдарламасы (35)
Жұмыс, қызмет

Президент мемлекеттік қызметшілерді қысқартуға қатысты тапсырма берді

42
Өткен жылы агенттіктің штаты 10 процентке қысқарған, биыл ақпан айының соңына дейін тағы да 15 процентке оңтайландырылмақ

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде мемлекет басшысына агенттіктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы егжей-тегжейлі есеп берілді.

Анар Жайылғанова ведомствоның мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдерін жетілдіруге, саяси қызметті кәсібилендіруге, қызметкерлерді ынталандыруға және дамытуға бағытталған жұмыстар туралы айтты. Президенттік жастар кадрлық резерві, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру мәдениетін өзгертуге қатысты атқарылған шара жайлы ақпарат берді.

Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметті цифрландыру, оның ішінде, "Е-қызмет" жүйесінің интеграция аясын кеңейту және i-Qyzmet жүйесін әзірлеу барысына да тоқталды.

Жайылғанованың айтуынша, өткен жылы агенттіктің штаты 10 процентке қысқарған, ал биыл ақпан айының соңына дейін тағы да 15 процентке оңтайландырылмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік төрағасына орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерді қысқарту үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар президент мемлекеттік басқару тұжырымдамасын әзірлеу және жүзеге асыру аясында ведомствоның жұмысын жандандыруға нұсқау берді. 

42
Кілт сөздер:
мемлекеттік қызметші, президент
Тақырып бойынша
Тоқаев биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты
Мамин екі министрді не себепті ауыстырды – сарапшылар пікірі
2021 жылы мемлекеттік қызметшілер қандай декларация тапсырады
Президенттің төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы қашан өтеді
Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовті қабылдады
Темір тор мен кісен, архивтегі сурет

Тоңазытқыштағы нәресте өлімі: сот залында шу шықты видео

972
(Жаңартылды 19:33 19.01.2021)
Бұрынғы бас дәрігердің жұбайы сот үкімін естігеннен кейін судьяға дөрекі сөйлеп, "олардың бәрін антикор басқарып отыр" деп шықты

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Ұзақ уақытқа бас бостандығынан айырылған дәрігерлер өз эмоциясын ұстай алмады. "Ақ Жайық" порталында сот залында түсірілген видео да жарияланды.

Айта кетейік, дүйсенбі күні Атырауда жаңа туған баланы алдын ала сөз байласу арқылы өлтіргені үшін айыпталған облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне қатысты үкім шыққан болатын. Сот оларды кінәлі деп танып, перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты 18 жылға, акушер-гинеколог Асқар Қайыржанды 16 жылға, акушер Жәмилә Құлбатырованы 15 жылға бас бостандығынан айыруға шешім қабылдады. Ал неонатолог-дәрігер Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаева қылмыс туралы хабарламағаны үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Судья үкімді жариялағанда дәрігерлер өз эмоциясын ұстай алмады. Акушер-гинеколог Асқар Қайыржан "үкіммен келіспеймін!" деп, сотталушыларға арналған кабинаның терезесін ұра бастады. Осыдан кейін қарауыл оны сот залынан алып кетті.

Бұрынғы бас дәрігердің жұбайы сот үкімін естігеннен кейін судьяға дөрекі сөйлеп, "олардың бәрін антикор басқарып отыр" деп шықты. Ал Қуаныш Нысанбаевтың өзі ештеңе түсінбегенін жеткізді. Содан кейін әділ сот болмады деп айқайлады.

"Неге бұл жерде Әлімбаева (кезекші неонатолог-дәрігер) жоқ. Ол бірінші болып баланы қараған", – деді ол. Оны да сот залынан алып кетуге тура келді.

Акушер Жәмилә Құлбатырова да сот үкімімен келіспейтінін мәлімдеді.

"Мен дәрігерлердің айтқанын ғана істедім. Басқа еш кінәм жоқ!", – деп айқайлады Құлбатырова.

Судья Гүлмира Дәулетова үкімді аяғына дейін оқып, 15 күннің ішінде қарсы шағым түсіруге болатынын айтты.

Жаңа туған нәрестенің өлімі

2019 жылдың 29 қыркүйегінде Атырау перинаталдық орталығында дүниеге келген нәресте қимылсыз жатқаннан кейін дәрігерлер оны өлі туды деп тіркеген. Алайда сәбиді тоңазытқыш камераға апарған кезде аяғы қимылдай бастаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, дәрігерлер құжатты түзетпеу үшін оны тоңазытқышта қалдыруға шешім қабылдаған. Сотта тергеуші Асқарбек Ермұқашев дәрігерлердің телефон арқылы сөйлескен стенограммасы бар екенін айтқан.

Оқи отырыңыз: Сегіз сағат жер астында жатқан нәресте тіріліп кетті - видео

Филологиялық сараптаманың қорытындысы да жасалды. Сонда дәрігерлердің бір-бірімен кеңесіп, баланың тағдырын шешкені анық байқалады. Әңгіменің стенограммасында "Құдай бізді кешірсін" деген сөздер бар.

972
Кілт сөздер:
Атырау, бала өлімі
Тақырып бойынша
Атырауда 108 нәресте шетінеді: дәрігерлер жас босанған әйелдердің өзін кінәлайды
Нәресте тоңазытқыштан табылды: атыраулық дәрігерлердің ауыр қылмысы ашылды
Алматыда он жыл күткен нәресте он күнде шетінеп кетті: оқиғаның мән-жайы
Қызыл қаласында анасы көшеде ұмытып кеткен нәресте үсіп өлді
"Алты айлық нәресте бар": үш облыста коронавирус жұқтырған 14 адам анықталды