Қоғам

Исекешев астаналықтарды елорданың мерейтойымен құттықтады

© Sputnik / Болат ШайхиновАстананың келбеті
Астананың келбеті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана әкімі елордамыз өзінің жиырма жылдық мерейтойына мол табыстармен, салмақты жоспарлармен жетіп отырғанын атап өтті

АСТАНА, 5 шілде — Sputnik. Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қала тұрғындары мен қонақтарын елорданың мерейтойымен құттықтады, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты. 

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев Астана күніне жасалған сыйлықтар туралы айтты

"Сіздерді Астанамыздың жиырма жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Астана – қысқа уақытта салынған айбынды мегаполис, тәуелсіздіктің символы. Елбасымыз осыдан жиырма жыл бұрын Арқа төсінде осындай ғажайып қала саламыз дегенде көпшілік сене қоймағанын жақсы білеміз. Дегенмен, мұның өміршең мұраттар арқалаған тарихи шешім болғанына бүгінде уақыттың өзі айқын дәлел. Қалаға салынған инвестиция өзін толық ақтап, Астана ел халқының мақтанышына, мемлекет дамуының локомотивіне айналды", — деді қала басшысы.

Исекешев бүгінде елордамыз өзінің жиырма жылдық мерейтойына мол табыстармен, салмақты жоспарлармен жетіп отырғанын атап өтті. Қаланы әлемнің ең үздік мегаполистерімен терезесі тең, тұрғындары бақуатты шаһарға айналдыру бағытында барлық қажетті шаралар қолға алынуда. 

"Бұған бізде ресурстық әлеует те, толымды тәжірибе де, талап-ниет те жеткілікті. Сондықтан Астанамыздың келешегі кемел, жарқын сәттерге толы болады деп сенемін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға ырыс пен береке, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!", — деп түйіндеді әкім.  

Жаңалықтар
0