Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаевқа медаль табыс етілді

101
(Жаңартылды 12:42 09.07.2018)
Шараға қатысушылар Елбасыға зор денсаулық, бақыт және жауапты қызметте жаңа табыс тіледі

АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Астананың 20 жылдығына және Қазақстан президентінің туған күніне орай кездесу өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы туған күнімен және елорданың мерейтойымен ҚР парламенті сенаты мен мәжілісінің төрағалары, премьер-министр, мемлекеттік хатшы, президент әкімшілігінің басшысы "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, президент әкімшілігінің басшылық құрамы, орталық мемлекеттік органдардың басшылары және Астана қаласының әкімі құттықтады.Нұрсұлтан Назарбаевқа "Астанаға 20 жыл" мерейтойлық медалі салтанатты жағдайда тапсырылды. 

Шараға қатысушылар Қазақстан президентіне зор денсаулық, бақыт және жауапты қызметте жаңа табыс тіледі.

Ерекше сыйлықтар. Дариға мен Әлия Назарбаевалар әкесіне қандай сый жасады?

101
Кілт сөздер:
Астана, Астананың 20 жылдық мерейтойы, астананың 20 жылдығы, марапаттау, медаль
Тақырып бойынша
Бүгін қазақстандықтар Астана күнін атап өтіп жатыр
Назарбаев Астана күніне жасалған сыйлықтар туралы айтты
Жайық өзені, архивтегі фото

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерде зерттеу жүргізіп жатыр

12
Бұл жұмыс гидрологиялық режимді және трансшекаралық өзендердің экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Ресейде өзен су тасқыны параметрлерін және ағынның өзгеру тенденциясын анықтау үшін трансшекаралық өзендер бойынша гидрологиялық және гидрохимиялық мәліметтерді жинау басталды.

Экология министрлігінің трансшекаралық өзендер департаментінің директоры Арсен Жақанбаевтың айтуынша, 2020 жылдың қазанында бекітілген ірі өзендердің бассейндерінде зерттеу жүргізу бойынша ынтымақтастықты кеңейту жол картасы аясында су объектілері зерттеліп жатыр.

"Экология және жасыл даму саласындағы ынтымақтастық" деген тақырыпта өткен Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы аясындағы "Трансшекаралық су объектілері" панельдік сессиясында Жақанбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың 29 жылдық тәжірибесі   мемлекетаралық су бөлу мен су қоры ресурстарының күрделі мәселелерін табысты шешуге мүмкіндік бергенін айтты.  

Оның пікірінше, Жайық өзені суының азаю мәселесін бірлесіп шешу жемісті ынтымақтастықтың дәлелі болмақ. Соңғы жылдары Жайық трансшекаралық өзені ағынының азаюы мен су ресурстары және экожүйелер жай-күйінің нашарлау тенденциясы алаңдаушылық туғызып отыр, деп толықтырды спикер.

"Ірі өзендердің бассейндеріндегі бірлескен зерттеулер нәтижесінде трансшекаралық өзендердің гидрологиялық режимі мен экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілетініне сенімдімін", - деп атап өтті спикер.

Қазақстан Ресей Федерациясымен алты негізгі трансшекаралық бассейн бойынша ынтымақтасады: Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Қараөзен мен Сарыөзен, Қиғаш, деп нақтылады Жақанбаев.

Тараптар 2000-2015 жылдар аралығында бұрынғы Павлодар қаласының солтүстік өнеркәсіптік аумағындағы сынаппен ластану ошағындағы жер асты және жер үсті суларына бірлескен мониторинг жүргізді. Орындалған жұмыстардың нәтижесінде "топырақтағы қабырға" әдісімен жылыстауға қарсы перденің құрылысы аяқталды, ластану ошағынан Ертіс өзенінің шетіне дейін 30 бақылау ұңғымасы бұрғыланды.

Аймақаралық ынтымақтастық форумы 28-30 қыркүйекте онлайн режимінде өтеді.  

12
Мотоциклші, архивтегі сурет

Алматыда мотоциклдердің жүруіне тыйым салынуы мүмкін

22
(Жаңартылды 17:53 28.09.2021)
Қаулы жобасы Алматының шекарасы шегінде жол қозғалысын арнайы ұйымдастыру аймағын құруды көздейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласында кешкі сағат оннан  таңғы тоғызға дейінгі аралықта мотоциклдердің жүруіне тыйым салу жоспарланып отыр.

Қала әкімдігі Алматыда жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағын белгілеу туралы қаулы жобасын әзірледі.

"Алматы қаласының шекарасы шегінде жол қозғалысын арнайы ұйымдастыру аймағы құрылсын. Жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағында сағат 22.00-ден 09.00-ге дейін мотоциклдердің жүруіне тыйым салынсын", - делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта.

Алайда бұл тыйымның мына көліктерге қатысы жоқ:

  • электр қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін мотоциклдер;
  • түсті графикалық схемалар, тану белгілері, жазулар, арнайы жарық және дыбыс сигналдары бар жедел және арнайы қызмет көліктері.

Заңға сәйкес, мотоцикл деп уәкілетті органда мемлекеттік тіркелуге жататын, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері бар, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу шақырымнан асатын мотоциклдерді атайды.

"Қаулы жобасы түнгі уақытта қала тұрғындарына шу жүктемесін азайту мақсатында әзірленді. Мотоциклдер қозғалысын ұйымдастыру мәселесін шешудің қажеттілігі мен тиімділігі Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институтының зерттеулерімен негізделген және халықтың шағымдарымен расталады", - делінген түсіндірме жазбада.

Құжатты қоғамдық талқылау мерзімі 12 қазанға дейін созылады.

Оқи отырыңыз: 

22
Кілт сөздер:
мотоцикл, Алматы, шектеу, жол
Ертіс

Трансшекаралық су объектілері: Қазақстан мен Ресей сарапшылары не талқылады

0
Ірі өзендердегі су тапшылығы, төтенше жағдайлар туралы өзара хабарлау, су жүйелерін бірлесіп зерттеу және дамыту "Трансшекаралық су объектілері" панельдік сессиясының негізгі тақырыптары болды

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Сейсенбіде, 28 қыркүйекте Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы қарсаңында "Трансшекаралық су объектілері" және "Климаттың өзгеруі" панельдік сессиялары өтті. Онда трансшекаралық су ресурстарын басқару, төмен көміртекті дамыту, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.  

"Трансшекаралық су объектілері" сессиясында Қазақстан мен Ресей ірі өзендердің бассейндерінде (Жайық, Ертіс және т.б.) зерттеулер жүргізудің бірыңғай жол картасын іске асыру, трансшекаралық сулардың су ресурстарын кешенді және ұтымды пайдалану бойынша бірлескен жұмыс, судың ластануын төмендету, сондай-ақ су экожүйелерін сақтау туралы сөз болды.

Өзендердегі су тапшылығымен қалай күресуге болады

Ресей ақпараттық-аналитикалық және ғылыми-зерттеу су шаруашылығы орталығының директоры Алексей Косолапов трансшекаралық өзендердің проблемалары мен оларды шешу жолдарын айтты.

Оның мәліметінше, трансшекаралық өзендер суының едәуір бөлігін су шаруашылығы кешендері алып қояды, оларды күтіп ұстауға Ертістен, Жайықтан және басқа да өзендерден 4 текше километрге тарта су жұмсалады.

Бұл шаруашылық кешендері негізінен ірі, орта және шағын су қоймаларының, сондай-ақ әр түрлі уақытта: 30-шы, 40 -шы, 60 -шы жылдары және кейінірек салынған көптеген тоғандардың есебінен тұрақты жұмыс істеп тұр.

Алайда су тапшы кезең басталған кезде осындай көлемдегі судың өзі барлық су пайдаланушыны ресурстармен тұрақты қамтамасыз ете алмайды, деді спикер.

"Бұрын жүзеге асырылған ережелерді әзірлеуде көптеген аспекті, оның ішінде суды пайдаланудың трансшекаралық сипаты ескерілмегенін ескеру қажет. Яғни, бүгінгі таңда су қоймасы Ресейді сумен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар Қазақстан аумағындағы кешен қатысушыларының қажеттіліктерін ішінара өтеп отыр", - деп атап өтті Косолапов.

Бірақ қазір ереже түзетіліп жатыр, бұл жұмыс жалғаса береді. Косолапов ең алдымен олар су және су маңайындағы жүйелердің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталуы керек деп есептейді.

Ал Қазақстанның экология министрлігі трансшекаралық өзендер департаментінің директоры Арсен Жақанбаев Қазақстан мен Ресейде өзен су тасқыны параметрлерін және ағынның өзгеру тенденциясын анықтау үшін трансшекаралық өзендер бойынша гидрологиялық және гидрохимиялық мәліметтерді жинау басталғанын хабарлады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерде зерттеу жүргізіп жатыр 

"2020 жылдың қазанында бекітілген ірі өзендердің бассейндерінде зерттеу жүргізу бойынша ынтымақтастықты кеңейту жол картасы аясында су объектілері зерттеліп жатыр. Ірі өзендердің бассейндеріндегі бірлескен зерттеулер нәтижесінде трансшекаралық өзендердің гидрологиялық режимі мен экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілетініне сенімдімін", - деп мәлімдеді ол.

Сонымен қатар тараптар трансшекаралық су объектілерінде төтенше жағдайлар туындаған кезде өзара жедел хабарлау механизмін жетілдіру мәселелерін талқылады.

Панельдік сессиялардың жұмысына екі елдің қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын ұтымды пайдалану, сондай-ақ климаттың өзгеруі саласындағы 100-ден астам жетекші сарапшысы қатысты.

0