Қоғам

"100 жасаңыз" Димаш Құдайберген Назарбаевты құттықтады

© Sputnik / Болат ШайхиновДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал қазақстандық әнші Instagram-дағы парақшасында Қазақстан президентіне пост арнады

АСТАНА, 7 шілде — Sputnik. Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде Ақордада Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі кезінде түскен суретін жариялап, мемлекет басшысын туған күнімен құттықтады. 

 "Туған күніңізбен, Нұрсұлтан Әбішұлы! Тыныш, бейбіт өмір сүруімізге күш салып, биікке жетелеп жүргеніңіз үшін рахмет. Аз ғана халқы бар Қазақ елі қазіргі таңда әлемнің дамыған ірі елдерімен бір деңгейге шықты. Осының бәріне сіз салған сара жолмен жүріп, қол жеткізгеніміз сөзсіз! 100 жасаңыз!", — деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасында.  

Ерекше сыйлықтар. Дариға мен Әлия Назарбаевалар әкесіне қандай сый жасады?>> 

Нұрсұлтан Назарбаев 6 шілдеде 78 жасқа келгенін атап өтті.  

Сондай-ақ бұл күні Астана 20 жасқа толды. Елорда мен еліміздің өзге де қалаларында осы күнді тойлау құрметіне жаппай мәдени шаралар өтті.  


Жаңалықтар
0