АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қытайда қысым көріп жатқан қазақтардың мәселесіне қатысты қытай тарапымен келіссөз жүріп жатқанын тағы бір мәрте еске салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бұл мәселе бойынша біз Қытайдағы әріптестермен белсенді консулдық консультациялар жүріп жатқаны туралы бірнеше рет түсініктеме бердік. Мен өзім келіссөз жүргіздім. Менің орынбасарым Үрімшідегі арнайы миссияларға барып, делегациялармен кездесті. Қазақстан азаматтарының мүддесіне қатыстының барлығын біз Қытай тарапымен ашық талқылап жатырмыз. Және БАҚ арқылы, Қазақстан азаматтығын алған Қытайдағы қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесу кезінде жұртшылықты үнемі хабардар етіп отыруға тырысамыз", — деді сыртқы саяси ведомство басшысы.
Журналистер министрден этникалық қазақтар айтып жүрген саяси үйрену лагері не екенін сұрады.
"Мен білмеймін. Бұл, бәлкім, Қытайдың ішкі істеріне жататын шығар. Олар жауап бере алады", — деп қысқа қайырды Әбдірахманов.
Ақжарқын Тұрлыбай Қытай түрмесінде немен айналысып жатыр?
Sputnik Қазақстан Астанада тұратын оралман Күлпаш Кәдірбекқызының отбасы тап болған оқиға туралы жазған еді. 44 жастағы әйел күйеуі Нұрболат Сарыайттың Қытайдан аман-есен оралуын сарыла күтіп жүргеніне бір жарым жылдан асқан. Айтуынша, былтыр ақпан айында Қытайдағы үйін сатуға кеткен жұбайы сол кеткеннен мол кеткен. Қазақстанға қоныс аударған отбасына оралмақ болған ер адамның төлқұжатын Қытай билігі шекарада алып қойған. Бір емес, екі рет.
Теңіз шаяны өзін тірідей жеп жатқан қытай қызынан кек қайтарды
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесуде мемлекет басшысына агенттіктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы егжей-тегжейлі есеп берілді.
Анар Жайылғанова ведомствоның мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдерін жетілдіруге, саяси қызметті кәсібилендіруге, қызметкерлерді ынталандыруға және дамытуға бағытталған жұмыстар туралы айтты. Президенттік жастар кадрлық резерві, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру мәдениетін өзгертуге қатысты атқарылған шара жайлы ақпарат берді.
Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметті цифрландыру, оның ішінде, "Е-қызмет" жүйесінің интеграция аясын кеңейту және i-Qyzmet жүйесін әзірлеу барысына да тоқталды.
Жайылғанованың айтуынша, өткен жылы агенттіктің штаты 10 процентке қысқарған, ал биыл ақпан айының соңына дейін тағы да 15 процентке оңтайландырылмақ.
Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік төрағасына орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерді қысқарту үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар президент мемлекеттік басқару тұжырымдамасын әзірлеу және жүзеге асыру аясында ведомствоның жұмысын жандандыруға нұсқау берді.
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Ұзақ уақытқа бас бостандығынан айырылған дәрігерлер өз эмоциясын ұстай алмады. "Ақ Жайық" порталында сот залында түсірілген видео да жарияланды.
Айта кетейік, дүйсенбі күні Атырауда жаңа туған баланы алдын ала сөз байласу арқылы өлтіргені үшін айыпталған облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне қатысты үкім шыққан болатын. Сот оларды кінәлі деп танып, перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты 18 жылға, акушер-гинеколог Асқар Қайыржанды 16 жылға, акушер Жәмилә Құлбатырованы 15 жылға бас бостандығынан айыруға шешім қабылдады. Ал неонатолог-дәрігер Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаева қылмыс туралы хабарламағаны үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Судья үкімді жариялағанда дәрігерлер өз эмоциясын ұстай алмады. Акушер-гинеколог Асқар Қайыржан "үкіммен келіспеймін!" деп, сотталушыларға арналған кабинаның терезесін ұра бастады. Осыдан кейін қарауыл оны сот залынан алып кетті.
Бұрынғы бас дәрігердің жұбайы сот үкімін естігеннен кейін судьяға дөрекі сөйлеп, "олардың бәрін антикор басқарып отыр" деп шықты. Ал Қуаныш Нысанбаевтың өзі ештеңе түсінбегенін жеткізді. Содан кейін әділ сот болмады деп айқайлады.
"Неге бұл жерде Әлімбаева (кезекші неонатолог-дәрігер) жоқ. Ол бірінші болып баланы қараған", – деді ол. Оны да сот залынан алып кетуге тура келді.Акушер Жәмилә Құлбатырова да сот үкімімен келіспейтінін мәлімдеді.
"Мен дәрігерлердің айтқанын ғана істедім. Басқа еш кінәм жоқ!", – деп айқайлады Құлбатырова.
Судья Гүлмира Дәулетова үкімді аяғына дейін оқып, 15 күннің ішінде қарсы шағым түсіруге болатынын айтты.
2019 жылдың 29 қыркүйегінде Атырау перинаталдық орталығында дүниеге келген нәресте қимылсыз жатқаннан кейін дәрігерлер оны өлі туды деп тіркеген. Алайда сәбиді тоңазытқыш камераға апарған кезде аяғы қимылдай бастаған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, дәрігерлер құжатты түзетпеу үшін оны тоңазытқышта қалдыруға шешім қабылдаған. Сотта тергеуші Асқарбек Ермұқашев дәрігерлердің телефон арқылы сөйлескен стенограммасы бар екенін айтқан.
Оқи отырыңыз: Сегіз сағат жер астында жатқан нәресте тіріліп кетті - видео
Филологиялық сараптаманың қорытындысы да жасалды. Сонда дәрігерлердің бір-бірімен кеңесіп, баланың тағдырын шешкені анық байқалады. Әңгіменің стенограммасында "Құдай бізді кешірсін" деген сөздер бар.