мұсылман қыздар

Ислам дінінде қыздың теңі болу үшін жігіт қандай қасиеттерге ие болу керек?

3278
(Жаңартылды 10:02 15.07.2018)
Әр жігіт пен қызға өмірде өз теңін тауып қосылуы аса маңызды. Бұл отбасының жарасымдылығы мен татулығын сақтап қалуда айтарлықтай рөл атқарады

АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Бойжетіп, ұзатылатын қыздың өз теңін тауып қосылуы Ислам құқығында «кәфаәт» деп аталған. Ардақты пайғамбарымыз (с.а.с.) бір сөзінде әйел затын өз теңіне қосуды өсиет еткен. Демек, қызды ұзатпай тұрып күйеу жігіт пен қалыңдықтың бір-біріне тең, әлде тең еместігін анықтап алудың мәні зор. Бұл дініміздің жаратылысы нәзік қыз балаға қорған болуының белгісі. 

Дініміз қашан да әйел баласының жаратылысын ескеріп, оған ерекше қамқорлық танытқан. Ер кісінің үйленуі сәтсіздікке ұшыраса, ажырасуы оған пәлендей қиындық тудырта қоймауы мүмкін. Ал өмірде жолы жіңішке әйел адамға мұндай жағдай үлкен соққы болады. Сондықтан осыны әу бастан ескерген дініміз қыз баланың опық жеп қалмауы үшін теңіне қосуға үлкен мән берген.

Кейбір мұсылман ғұламалары екі жастың бір-біріне деген лайықтығын салыстырудың қажеті жоқ деген де пікір білдірген. Олардың көзқарасы бойынша, отбасын құратын жастардың мұсылман болуы және үй болуға ешқандай кедергінің болмауы жеткілікті. 

Дегенмен жігіттің қызға лайықтығын мөлшерлеп-таразылаудың қажеті жоқ дейтін ғұламалардың саны аз. Ғұламалардың басым бөлігі қызды теңіне беруді қолдайды. Бұны некенің шарты болмағанмен, қажетті жағдайлардың бірі деп қарастырады. 

Тағы оқыңыз: исламда қандай сөздерді қалжыңдап айтпаған жөн?

Ханафи мәзһабындағылар теңдікті мынадай алты жағдайда қарастырған: діндарлық, Ислам, бас бостандық, тегі, тұрмыс жағдайы және мамандық.

Ал, Шафиғи мәзһабындағылар дін, бас бостандық, тегі мен бойында кемістіктердің болмауы сияқты қасиеттер бойынша белгілейді.

Ханбәли мәзһабындағылар дін, бас бостандық, тегі, тұрмыстық жағдай мен мамандықта теңдіктің қажет екенін айтса, Малики мәзһабындағылар тек қана дін мен бойында кемістіктердің болмауы жағдайын қарастырады.

Ханафи мәзһабы бойынша қыздың теңі болу үшін жігіттің бойынан мына қасиеттер талап етіледі:

Діндарлық: діннің негіздеріне немқұрайлы қарайтын, мінезі ұр да жық, күнәға бейім жігіт дініне берік, ар-намысын көзінің қарашығындай сақтайтын салиқалы қыздың теңі емес.

Ислам: Бұл жердегі негізгі мәселе күйеу жігіттің мұсылмандығына байланысты емес, күйеу жігіттің әкесі мен атасының мұсылман болу-болмауына қатысты туындайды. Себебі күйеу жігіттің мұсылман болуы некенің шартына жатады. Егер күйеу жігіт мұсылман болмаса, онда дініміз бойынша мұсылман қыз онымен тұрмыс құра алмайды. Бұл – некенің шарты. Ал қыздың теңін іздеуде Ислам мәселесі қыздың баратын жерінде атеист немесе басқа діндегі кісілердің болмауын талап етеді. Себебі мұндай отбасы мұсылман отбасынан шыққан қыздың теңі емес.

Бас бостандық: Көпшіліктің пікірі бойынша, бас бостандығы жоқ құл ерікті қыздың теңі бола алмайды.

Тегі: Бұл жерде мәзһаб ғалымдары араб қызының басқа ұлтқа берілмейтінін айтқан. Еліміздегі қожалардың тек қана қожадан қыз алуы немесе қыздарын тек қана қожаға беруі осыдан келіп шығады. Бірақ сахабалар мен алғашқы мұсылмандардың кезеңінде басқа ұлттарға қыз беру оқиғалары орын алған. Сондықтан бұл төртінші мәселені көпшіліктің бәрі бірдей қолдамаған десек те болады.

Тұрмыс жағдайы: Ерлі-зайыптылардың арасында келіспеушіліктер болмауы үшін ғалымдар бұны да маңызды санаттардың қатарына қосады. Себебі отағасының қалыңдықты асырай алатындай дүниесінің болғанын құп көрген. Шын мәнінде егер қалыңдық бақуатты жердің қызы болып, күйеуі түгі жоқ кедей болса, онда әйелі күйеуін менсінбеуі мүмкін. Бұл жағдайда отбасының басқарылуы қиындап, келіспеушіліктер туындайды. Бірақ тақуа қыз бен ер жігіт үшін бұл аса үлкен мәселе емес. Себебі Пайғамбарымыз (с.а.с.) кедей кезінде ауқатты әйел Хадиша анамызға үйленген. Олар парасаттылық пен салиқалылықтың арқасында өмірдегі ең бақытты жұпқа айналған.

Тағы оқыңыз: Үш рет тұрмысқа шығып, ата-анасынан теріс айналған келіншектің әңгімесі

Мамандық: Белгілі бір мамандық иелену де кісінің рухани өрістеуіне сеп болады. Ғалымдардың пікірінше, күйеу жігіттің мамандығы қалыңдықтың мамандығынан жоғары тұрып, отбасын асырауды өз мойнымен көтере алса, қызды ұзатуға лайық болғаны. Сонымен қатар күйеу жігіттің білімі қалыңдықтың парасат-пайымынан жоғары тұрғаны өте құптарлық жайт. Сонда отағасының сөзі де өтімді болмақ. Білім мәселесі әрі діни жағынан, әрі жалпы мәдениет жағынан да қарастырылғаны абзал.

Жалпы алғанда, әр жігіт пен қызға өмірде өз теңін тауып қосылуы аса маңызды. Бұл отбасының жарасымдылығы мен татулығын сақтап қалуда айтарлықтай рөл атқарады. Сондықтан үйленетін жастарға мәселенің осы тұсына да мән беруі олардың дұрыс шешім қабылдауына ықпал етері сөзсіз, деп жазады muslim.kz. 

Астанада "Алланың гүлі" атанған мешітті кім салдырғанын білесіз бе?

3278
Кілт сөздер:
діндарлық, мұсылман әйел, дін
Тақырып бойынша
Қазақстандықтардың қанша пайызы дін саласындағы саясатты қолдайды?
Дінтанушы талақ айту туралы: көп әйел алуға қызыққандар дін талаптарын аяқасты етуде
Ермекбаев дін мәселесінде қандай сын-қатерлер тұрғанын айтты
Дін министрі қысқа балақ пен сақалға тыйым салу ұсынысына қатысты түсініктеме берді
Дін министрлігі: мешіттерде ішкі тәртіпті бұзу азайды
Дін істері жөніндегі министрліктің жоғары лауазымды шенеунігі парамен ұсталды
Дін министрлігі: ұлттық пантеонда әртүрлі діннің өкілдері бөлек жерленеді
Коронавирус сынама

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан жеті адам көз жұмды

10
(Жаңартылды 10:03 30.11.2020)
Өткен тәулікте 794 адам инфекция жұқтырды, 43 адам пневмонияға шалдықты. Пандемия басталғалы 131 659 адамда коронавирус расталды

АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан жеті адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Ал коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмғандар тіркелген жоқ.

Қазір коронавирус инфекциясынан 13 164 адам ем қабылдап жатыр, оның арасында 905 бала бар. 
Стационарларда 3 516 науқас жатыр. 9 648 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 222 адамның жағдайы ауыр, ішінде 31 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 33 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар бір тәулікте 794 адам инфекция жұқтырды, 43 адам пневмонияға шалдықты.
Пандемия басталғалы 131 659 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 2 034 адам қайтыс болды.

Бірінші тамыздан бастап 42 147 адам пневмонияға шалдықты, 443 адам қайтыс болды.

 

10
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирустың жаңа штаммы таралып жатыр – ғалымдар дабыл қақты
Ғалымдар коронавирусқа қарсы иммунитет қанша уақыт сақталатынын анықтады
ДДҰ коронавирустың үшінші толқыны туралы ескертті
Ғалымдар қай халықтың коронавирусқа көп жылдан бері бейім екенін айтты
Қанша облыс коронавирустың "қызыл" аймағында тұр
Пластикалық бөтелке

Судың ағза үшін қауіпті екенін қалай білуге болады

714
(Жаңартылды 09:12 30.11.2020)
Минералды немесе емдік сулардың кейбір түріне ЕЭО сертификаты қажет. Егер ол болса, тауардың сапасы әлдеқайда жоғары деген сөз

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша — Sputnik. Бөтелкедегі таза су ретінде сатылатын судың қалай жасалатынына қатысты сан түрлі пікір айтылып жатыр. Маман мұндай суды ішпес бұрын не нәрсеге мән беру керек екенін айтты. 

"Ең алдымен, түсі мен дәмін тексеру керек. Егер түсі суға тән емес және жағымсыз иіс болса судағы микроағзалар көрсеткіші нормадан көп. Салдарынан асқазан-ішек жолдарына зақым келуі мүмкін", - деп жазады "Прайм" сарапшы Елена Саратцеваға сілтеме жасап. 

Бөтелке дұрыс жабылмаған болса да, күмән туындайды. Ыдыстың материалы мен түсі де маңызды. Қаралау келген шыны бөтелке ең қауіпсіз. Полимерлік ыдыста су қызған кезде зиянды қоспалар пайда болуы мүмкін. Ал ашық түсті шыныға күн түссе зиянды болады.

Жалған немесе мүлдем пайдасыз су да болады. Осыған мән беріп, сертификатын тексеру керек. Минералды немесе емдік сулардың кейбір түріне Еуразиялық экономикалық одақ сертификаты қажет. Егер ол болса, тауардың сапасы әлдеқайда жоғары деген сөз.

714
Кілт сөздер:
қауіпті зат, адам ағзасы, су
Тақырып бойынша
Дәрігер күнделікті ішетін судың мөлшерін қалай есептеу керек екенін айтты
Тұзды су коронавирус инфекциясын жоя ала ма – инфекционист жауабы
"Қара су сеуіп жүр": Министрлік дезинфекцияға қатысты шулы видеоға түсініктеме берді
"Су қоймасында балық жаппай қырылып жатыр": желіде таралған ақпарат тексерілуде
Мемлекет басшысына су қауіпсіздігі туралы мәлімет берілді     
Теңге, ақша, тиын

БЖЗҚ зейнетақы төлемдеріне қатысты ақпарат жариялады

210
(Жаңартылды 10:12 30.11.2020)
Зейнет жасына толуына байланысты ай сайынғы орташа төлем 22 806 теңгені, ал ең жоғарғы зейнетақы 506 980 теңгені құрады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 1 қарашадағы жағдай бойынша азаматтарға 155,3 миллиард теңге төлем жасады.

Қордың баспасөз қызметінің ақпаратынша, 2020 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 320 335 адамға төлем төленді.

Тұтастай алғанда, 1,9 миллионнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жасалды. Жалпы сома 155,3 миллиард теңгені құрайды.

Оның ішінде:

  • зейнет жасына толу бойынша төлемдер – 51,7 миллиард теңге;
  • сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 39,5 миллиард теңге;
  • ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер – 31,1 миллиард теңге;
  • мұрагерлік бойынша төлемдер – 28,2 миллиард теңге;
  • жерлеуге берілетін төлемдер – 3,5 миллиард теңге;
  • мүгедектік бойынша төлемдер – 1,3 миллиард теңге.

Бұл ретте ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 806 теңге, ал ай сайынғы ең жоғарғы зейнетақы 506 980 теңге болды.

210
Кілт сөздер:
БЖЗҚ, зейнетақы
Тақырып бойынша
Зейнетақы төлеуге 7,3 триллион теңге бөлінеді: Тоқаев заңға қол қойды
ЕАЭО елдерінде жұмыс істеген азаматтарға зейнетақы қалай төленеді