Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры

Қазақстанның халық әртісі дүниеден озды

12627
(Жаңартылды 09:15 15.07.2018)
Белгілі актриса ұлттық драматургия мен дүниежүзілік классикадан сан қырлы 100-ден аса рөл сомдаған

АСТАНА, 14 шілде— Sputnik. Қазақстанның халық әртісі, "Отан" орденінің иегері Зәмзәгүл Шәріпова 86 жасында өмірден өтті. 

Зәмзәгүл Шәріпова 1931 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Ол Алматының Жоғарғы киноактерлер мектебін бітіріп, "Қазақфильм" киностудиясында және қазақ радиосында еңбек етеді. 1953жылы М.Әуезов театрының актерлік құрамына қабылданды. Сол уақыттан бері үзіліссіз осы театрда қызмет еткен актерлік диапазоны кең актриса ұлттық драматургия мен дүниежүзілік классикадан сан қырлы 100-ден аса рөл сомдады.

Шәріпова ұлттық классика мен заманауи драматургияда Әуезовтің "Айман-Шолпанында" Айман, "Қарагөзінде" Қарагөз, Мүсіреповтің "Ақын трагедиясында" Ақтоқты, Мұхамеджановтың "Жат елде" драмасында Ева Браун, Тәжібаевтың "Көңілдестерінде" Дәмеш, Байсейітов пен Шаңғытбаевтың "Беу, қыздар-ай!", "Ой, жігіттер-ай!" комедияларында Нұрсұлу, Жүнісовтің "Ажар мен Ажалында" Ажар, Исабековтің "Әпкесінде" Қамажай, А.Бекбосынның "Соңғы сезімінде" Ана, Буляковтың "Отыз ұлың болғанша…" комедиясында Сәлима рөлдерін сахналады.

Ал әлемдік классика мен заманауи драматургияда Шекспирдің "Отеллосында" Дездемона, "Ричард Ш"-де Королева, Горькийдің "Күннен туғандарында" Елена, Дельмардың "Өкінішті өмірінде" Анита, Зориннің "Варшава әуендерінде" Гелена, Метерлинктің "Соқырларында" Соқыр әйел, тағы да басқа көптеген рөл орындады. 

Шәріпова жасаған сан қилы сахналық бейнелердің ішінде ерекше тұлғаланғаны Әуезовтің "Қарагөз" трагедиясындағы Қарагөз бейнесі. Бұл рөл актриса шығармашылығының ең жарқын кезеңі болды, оның талантының лирика-драмалық қырын мейлінше ашты. Трагедиялық актриса ретінде де мүмкіндігі мол екенін танытқан рөлдерінің ішінде ерекшесі Жүнісовтің Ажар мен Ажалындағы Ажар болды.

Шәріпова киноактриса ретінде де танымал. Ол режиссер Шәкен Аймановтың "Дала қызында" Нұржамал, "Біз осында тұрамызында" Дина, режиссер Әбусейітовтің "Өмір жолында" Хадиша, Шәріптің "Заманай мен Аманайында", Сондай-ақ режиссер Мәмбетовтің "Абай" телефильміне түскен.

Ұлттық өнерге сіңірген ерекше еңбегі үшін Шәріповаға Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі, Қазақ КСР халық әртісі құрметті атақтары берілді. "Құрмет белгісі, "Халықтар достығы" және тәуелсіз Қазақстанның "Отан" ордендерімен, сондай-ақ бірнеше дүркін Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

2017 жылы дүниеден өткен ардақты азаматтар кімдер?

12627
Кілт сөздер:
Қазақстанның халық әртісі, өмірден озды, Зәмзәгүл Шәріпова
Тақырып бойынша
Сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі қайтыс болды
Әлемдегі ең қарт бойдақ адам қайтыс болды
Қазақтың белгілі спорт комментаторы қайтыс болды
Бұрынғы мәдениет министрі қайтыс болды
Бұрынғы сенат депутатының ұлы Асқар Жұмабаев Нью-Йоркте қайтыс болды
Елімізде әр 216 секунд сайын бір адам қайтыс болады
Парламенттен жедел жәрдем алып кеткен Назаралы Жақсылық қайтыс болды
Қорғаныш құралдарын киген қызметкерлер

Министр Ресеймен арадағы шекарада бақылау бекеттерін қоюды ұсынды

12
Министрдің айтуынша, тексеріс жүргізуге мораторий енгізілгеннен кейін ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау жүргізу қиындап кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров республика бойынша жануарлардың аса қауіпті аурулары мен зиянды организмдерінің таралуына қарсы бірнеше шараны ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Осы мақсатта министр үкіметтен қыруар қаржы сұрады. Оған ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалаудың ұлттық жүйесін құру жоспарланған.

"Ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалаудың ұлттық жүйесін құруға республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінуін сұраймыз. Сондай-ақ, әкелініп жатқан өнімге жедел ден қою және тиімді бақылау мен қадағалау мақсатында Ресей Федерациясы сияқты шекаралық бекеттердің тура маңынан ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін орналастыруды ұсынамыз", – деп атап көрсетті Омаров.

Министрдің айтуынша, тексеріс жүргізуге мораторий енгізілгеннен кейін ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау жүргізу қиындап кеткен. Инспекторлар белгілі бір нысанға барып тұрып, тексеріс жасай алмайды.

"Осыған байланысты нысандарға барып жасалатын тексерістерді, сондай-ақ, профилактикалық мақсаттағы ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау түрлерін мораторийден шығаруды ұсынамыз", – деді Омаров үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оқи отырыңыз: Құс тұмауы: қырылған құстың саны миллионға жақындады

Бұдан бөлек, бүгінде жедел карантин енгізуге және инфекция ошағын жабуға біраз уақыт кетеді. Себебі әкімдердің қаулыларын келісу, бекіту және күшіне енгізу үшін 5-15 күндей күту керек. Ал ол уақыттың ішінде инфекция басқа жерге таралып кетуі әбден мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігі шектеу шаралары туралы шешімді бекіту және тіркеу мерзімін 1 күнге дейін қысқарту қажет деп санайды.

12
Кілт сөздер:
мораторий, Ауыл шаруашылығы министрлігі
Тақырып бойынша
Солтүстік Қазақстанда 256 мың құстың қырылуына тұмаудың қатысы жоқ болып шықты
Қостанай облысында карантин күшейтілді
Базардағы құс өнімдерін тұтыну қауіпті ме – министрлік өкілдері жауап берді
Ауыл шаруашылығы министрлігі өлген құстарға өтемақы төлеу тәртібін түсіндірді
Одақ президенті құс тұмауына қатысты болжам жасады
үкімет отырысы

Коронавирустың екінші толқыны: Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді

985
(Жаңартылды 10:29 20.10.2020)
Барлық өңірді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 13 миллиард теңгеге сақтандыру қоры құрылды, деді үкімет басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин коронавирустың ықтимал екінші толқынына дайындық бойынша министрлер мен әкімдерге бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Үкімет коронавирустық инфекцияның жаңа кезеңіне дайындық аясында медицина ұйымдарын және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағынан барлық қажетті шараны қабылдап жатыр. Биыл міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде тегін дәрілік заттарының тізбесі үш есе немесе 45-тен 137 дәрі-дәрмек түріне дейін ұлғайтылды. Оған қоса, тамыз айынан бастап азаматтарға коронавирустан емделу үшін дәрінің бес түрі тегін беріледі", - деді Мамин үкіметтің бүгінгі отырысында.

Премьер-министрдің айтуынша, бүгінде жеке қорғаныс құралдары мен стационарларға арналған 91 дәрі-дәрмектен тұратын екі айлық республикалық қор жасақталды. Ал дәріханаларда препараттардың тапшылығына жол бермеу мақсатында "СК-Фармация" компаниясы бөлшек сауда желісін толықтыру үшін аса қажетті 33 препаратты сатып алып жатыр.

"Дәрі-дәрмектің жеткілікті қоры бар. Барлық өңірді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін көлемі 13 миллиард теңгеден асатын сақтандыру қоры құрылды", - деп атап көрсетті Мамин.

Осы орайда үкімет басшысы министрлікке және әкімдіктерге қадағалау шараларын жүргізуді тапсырды.

"Дәрі-дәрмек тапшылығы болмауы тиіс. Ал индустрия министрлігі отандық фармацевтика өндірушілерімен қорғаныс құралдары мен медициналық маскалардың өндірісін көбейтуді қамтамасыз етсін. Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігіне келесі жылға дәрілік заттарды уақытылы сатып алуды және жеткізуді тапсырамын", - деді Мамин.

985
Кілт сөздер:
Асқар Мамин, коронавирус