Қоғам

Қазақ елі Зәмзәгүл Шәріпованы ақтық сапарға шығарып салды (Фото)

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыда Зәмзәгүл Шәріпованы ақтық сапарға шығарып салды
Алматыда Зәмзәгүл Шәріпованы ақтық сапарға шығарып салды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның халық әртісі, "Отан" орденінің иегері Зәмзәгүл Шәріпова 15 шілдеде қайтыс болды

АЛМАТЫ, 17 шілде — Sputnik. Алматыдағы Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Қазақстанның халық әртісі Зәмзәгүл Шәріповамен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанның халық әртісі дүниеден озды

Аңызға айналған театр және кино әртісімен қоштасуға жүздеген адам келді, оның ішінде әріптестері, мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы каласы әкімдігінің өкілдері, алматылықтар бар. 

"Қазақстанның халық әртісі, көрнекті кино және театр актрисасы, шығармашылығының 60 жылға жуығын Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрына арнаған өнер қайраткері Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы Шәріпова ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін дүние салды. Бұл оқиға Қазақстанның өнері мен мәдениеті үшін орны толмас қайғы. 1953 жылы Мұхтар Әуезов театрының актерлік құрамына қабылданған Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы сол уақыттан бері үзіліссіз осы театрда қызмет етті. Актерлық диапазоны кең актриса ұлттық драматургия мен дүниежүзілік классикадан сан қырлы  жүзден аса бейне сомдады. Зәмзәгүл Шәріпованың өнер жолы жас ұрпақ үшін үлгі болып қала береді", — деді Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Асхат Маемиров. 

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыда Зәмзәгүл Шәріпованы ақтық сапарға шығарып салды
Алматыда Зәмзәгүл Шәріпованы ақтық сапарға шығарып салды - Sputnik Қазақстан
Алматыда Зәмзәгүл Шәріпованы ақтық сапарға шығарып салды

Мәдениет және спорт министрлігің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту хатын жиналған қауымға оқып берді. 

"Бүгін заманымыздың заңғар, театырмыздың көркем, табиғат берген  сұлулығы мол, халқымыздың сүйікті қызы Зәмзәгүл Нүсіпбайқызын шығарып салғалы тұрмыз. Зәмзәгүл театрға орасан зор еңбек сіңірді, театр өнерін бірнеше саты жоғары көтерді. Зәмзәгүлдің сыртқы формасы мен ішкі жан дүниесі бір-біріне сай сұлу болатын. Халқымыздың сүйіктісі арамыздан кетіп отыр. Жас кетті деп айта алмаймын, бірақ қанша жаста  болсын мұндай адамның қазасы халық үшін қайғылы жағдай. Жатқан жері  жайлы, топырағы торқа, жаны жәннатта болсын. Зәмзәгүлді өмірбақи жүрегімізде сақтаймыз", — деді Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов. 

Зәмзәгүл Шәріпова 1931 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы ХХ партсъезд ауылында дүниеге келген. 1947 жылы Алматының Жоғарғы киноактерлер мектебін бітіріп, "Қазақфильм" киностудиясында және Қазақ радиосында қызмет етті. 1953 жылы М.Әуезов театрының актерлік құрамына қабылданған. 

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыда Зәмзәгүл Шәріпованы ақтық сапарға шығарып салды
Алматыда Зәмзәгүл Шәріпованы ақтық сапарға шығарып салды - Sputnik Қазақстан
1/5
Алматыда Зәмзәгүл Шәріпованы ақтық сапарға шығарып салды
© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыда Зәмзәгүл Шәріпованы ақтық сапарға шығарып салды
Алматыда Зәмзәгүл Шәріпованы ақтық сапарға шығарып салды - Sputnik Қазақстан
2/5

3/5

4/5

5/5

Шәріпова ұлттық классика мен заманауи драматургияда Әуезовтің "Айман-Шолпанында" Айман, "Қарагөзінде" Қарагөз, Мүсіреповтің "Ақын трагедиясында" Ақтоқты, Мұхамеджановтың "Жат елде" драмасында Ева Браун, Тәжібаевтың "Көңілдестерінде" Дәмеш, Байсейітов пен Шаңғытбаевтың "Беу, қыздар-ай!", "Ой, жігіттер-ай!" комедияларында Нұрсұлу, Жүнісовтің "Ажар мен Ажалында" Ажар, Исабековтің "Әпкесінде" Қамажай, А.Бекбосынның "Соңғы сезімінде" Ана, Буляковтың "Отыз ұлың болғанша…" комедиясында Сәлима рөлдерін сомдады.

Еске сала кетейік, қазақстанның халық әртісі, "Отан" орденінің иегері Зәмзәгүл Шәріпова 15 шілдеде қайтыс болды. 

Қазақтың Кәмшаты атанған Дөненбаева өмірден озды

Жаңалықтар
0