Қоғам

Денис Тенді соңғы сапарға шығарып салу уақыты мен орны белгілі болды

© Sputnik / Тимур БатыршинДенис Тенді еске алу
Денис Тенді еске алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
19 шілдеде Денис Тенді Алматы қаласының орталығында көлік тонаушылар өлтіріп кетті

АСТАНА, 20 шілде — Sputnik.19 шілдеде тонаушылар қолынан ажал құшқан қазақстандық мәнерле сырғанаушы Денис Тенді Дружба ауылында жерлейді. Спортшыны соңғы сапарға шығарып салу сенбі 21 шілдеде Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді, деп хабарлады Қазақстанның мәнерлеп сырғанау бойынша бас бапкері Құралай Узурова Sputnik Қазақстанға.

Денис Тен, архив сурет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денис Тенді жерлеу рәсімін билік ұйымдастырады

Азаматтық жаназа 09.00-дан 10.30-ға дейін болады. 10.30-да Денис Теннің денесін Дружба ауылындағы зиратта жер қойнауына береді. Жаназа асы сағат 13:00-де болады, қай жерде өтетіні әлі белгісіз.

Кеше хабарланғандай, жерлеу рәсімін ұйымдастыруды Қазақстан мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы әкімдігі мойнына алды.

Назарбаев Денис Теннің отбасына көңіл айтты

Алматыда 25 жасында көз жұмды. Түстен кейін үш кезінде Байсейітов және Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы мейрамханадан шыққан ол көлігінің айнасын шешіп алғалы жатқан екі жігітті көреді. Оларды тоқтатуға ұмтылған Денис Тен жамбасынан пышақ жарақатын алған. Дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады, 3 литр қан жоғалтқан Денис 17.30-да ауруханада жан тапсырды.

Денис Тен нені армандады?

Қылмыскерлер әлі ұсталған жоқ.

Денис Тенге шабуыл жасалған жерде түсірілген видео

Жаңалықтар
0