Алматыдағы Денис Тенмен қоштасу рәсімі

Алматы халқы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды (фото)

1368
(Жаңартылды 19:23 21.07.2018)
Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде мыңға жуық тұрғын Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды

АСТАНА, 21 шілде — Sputnik. Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Спортшыны ақтық сапарға шығарып салуға мәдениет және спорт министрі , Алматы қаласы әкімдігі мен Нұр Отан партиясының өкілдері, Ұлттық Олимпиада комитетінің мүшелері, спортшылармен қатар мыңға жуық тұрғын жиналды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы Денис Теннің отбасына көңіл айтуда
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Арыстанбек Мұхамедиұлы Денис Теннің отбасына көңіл айтуда

"Бүгін талантты балаларды тәрбиелеп, өсірген ата-ана өзінің сүйікті ұлын жоғалтып отыр. Ал біз жан–жағындағыларға мейіріммен қарайтын жарқын достан айырылып отырмыз. Талантты спортшы өзінің 25 жасында спорт саласындағы жеңістерімен қатар, ұйымдастырушлық қабілетімен де есімізде қалды. Денис Тен әлемді мейірімділікке толтырып, шуақты еткісі келетін жеке тұлға еді", – деді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Министр өз сөзінде Денис Тенді соңғы сапарға шығарып салуға келгенін де айтып өтті.

Геннадий Головкин Денис Тенді жерлеу рәсіміне қатысты
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Геннадий Головкин Денис Тенді жерлеу рәсіміне қатысты

Сөз соңында Мұхамедиұлы Денис Теннің ата–анасына ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту хатын оқып берді.

Сонымен қатар Халықаралық олимпиада комитетінің директоры Томас Бах пен Ұлттық Олимпиада комитеті жолдаған телергамм Денис Теннің туыстарына табысталды.

"Денис Тен қазақтың кім екенін дүние жүзіне танытты. Сочида өткен қысқы олимпиадада өзім куәгер болып, жанынан табылдым. Бүгін Денисті соңғы сапарға шығарып салуға мыңдаған адам жиналып отыр. Барлығымыз жүрегімізге пышақ салғандай сезімде тұрмыз. Денистің есімі жүрегімізден ешқашан өшпейді. Дениске еліктеп, Қазақстанды танытамын дейтін жасарымыз көп болсын", – деді Жақсылық Үшкемпіров.

Қазақстан спортшыларның атынан Серік Сәпиев Денис Тенің ата–анасы мен бауырына, туған–туыс, жақындарына көңіл айтты.

Денис Тенмен қоштасу рәсімі
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Денис Тенмен қоштасу рәсімі

"Денистей азаматтан айырылғанымызға қабырғамыз қайысып отыр. Теледидардан көргенде қуанып отырушы едік. Сүйкімді әрі сыпайы, көздері күлімдеп тұратын жап–жас жігіт қала орталығында кісі қолынан қайтыс болды. Жүрегі елім деп соққан аяулы ұлымыз әрдайым жүрегімізде", – деді Фатима Зубаирова есімді қала тұрғыны.

  • Алматыдағы Денис Тенмен қоштасу рәсімі
    Алматыдағы Денис Тенмен қоштасу рәсімі
    © Sputnik / Анатолий Устиненко
  • Алматыдағы Денис Тенмен қоштасу рәсімі
    Алматыдағы Денис Тенмен қоштасу рәсімі
    © Sputnik / Анатолий Устиненко
  • Алматыдағы Денис Тенмен қоштасу рәсімі
    Алматыдағы Денис Тенмен қоштасу рәсімі
    © Sputnik / Тимур Батыршин
  • Алматыдағы Денис Тенмен қоштасу рәсімі
    Алматыдағы Денис Тенмен қоштасу рәсімі
    © Sputnik / Анатолий Устиненко
1 / 4
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Алматыдағы Денис Тенмен қоштасу рәсімі

Таңғы 9-да басталған спортшымен қоштасу шарасы 11.30-да аяқталды.

Жиналған мыңға жуық қала тұрғын мен қала қонақтары Денис Теннің орындауындағы She won’t be mine әнімен орындарын тұрып спортшыны ақтық сапарға шығарып салды.

Қайғылы оқиға Алматының орталығында 19 шілдеде болды. Спортшы тұрақта тұрған автокөлігіне келе жатып, көліктің айнасын ұрламақ болған қаскөйлерді көреді. Ұрылардың соңынан қуып, тоқтатпақ болғанда, пышақ жарақатын алған.

Көп қан жоғалтқан спортшы ауруханаға түскеннен кейін екі сағаттан соң көз жұмды.

1368
Кілт сөздер:
қоштасу рәсімі, жерлеу, көңіл айту, қайғылы оқиға, Жақсылық Үшкемпіров, Денис Тен, Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы
Тақырып:
Денис Теннің қазасы (101)
Тақырып бойынша
Денис Тен ажал аузынан қалуы мүмкін бе еді?
Геннадий Головкин Денис Тен туралы: "Мәңгі жадымызда қаласың"
Денис Тен әлеуметтік желіде соңғы рет не жариялады?
"Кешір, Денис!" Астана жұртшылығы спортшымен қоштасты
Денис Теннің өлімі: Күдікті сотта не айтты?
Денис Тенді өлтірді деген екінші күдікті ұсталды
Евстафий Пехлеваниди

Тоқаев "Қайраттың" аты аңызға айналған шабуылшысын марапаттады

11
(Жаңартылды 08:16 30.10.2020)
Қазақстандық футболшы киевтік "Динамоның" қақпасына КСРО чемпионаты тарихындағы ең жылдам голды соққан

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Евстафий Пехлеваниди "Достық" орденімен марапатталғанын хабарлады.

"60 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан алматылық "Қайрат" футбол командасының аты аңызға айналған шабуылшысы  Евстафий Пехлеваниди қазақ футболын және Қазақстан мен Грекия арасындағы достықты дамытып, дәріптеуге орасан зор үлес қосқан үшін 2-дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды", - деп жазды президент Twitter-де.

Оқи отырыңыз: Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат футболшы кім 

Бұған дейін "Қайрат" футбол клубы қазақстандық футболдың аңызын 60 жылдық мерейтойымен құттықтаған болатын.

"Біздің клубтың бұл ардагері жайлы көп нәрсе айтуға болады. Жанкүйерлер "Пеха" деп атап кеткен Евстафий Пехлеванидидің маңызды ойындарда соққан голы аз емес, ал киевтік "Динамоның" қақпасына КСРО чемпионаты тарихындағы ең жылдам голды соқты!", - делінген футбол клубының хабарламасында.

11
Кілт сөздер:
Достық ордені, футболшылар
Тақырып бойынша
Қарсыласының әрекетіне көңілі толмаған Қуат алаңда төбелес шығара жаздады - видео
Қазақстандық футболшы отбасымен апатқа ұшырады: куәгерлер табылды – видео   
Белгілі қазақстандық футболшы әрі бапкер қайтыс болды
Үздік бестік: Қазақстандағы ең қымбат футболшылар
Әлемге әйгілі футболшы қамауға алынды
Сапасыз жол

Жол сапасыз салынса, қайда хабарласу керек?

58
Сапасыз жолдар, көбінесе, облыста, ауданда немесе ауылда салынады. Бұл жерде бюджет қаржысын ұрлау мәселесі ғана емес, сол жолды тексеретін маман тапшылығы проблемасы да бар

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. "Жол активтері сапасының ұлттық орталығының" бас директоры Замир Сағынов халықты жолдардың сапасын бірлесіп бақылауға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"739-739 телефонына (Нұр-Сұлтанда - Sputnik) қоңырау шалуға болады. Бұдан бөлек, ресми сайтымыз, әлеуметтік желілерде парақшаларымыз ашылған. Сол жерде жазып, арыз-шағым түсіруге болады. Біз бірден барып, жолдың сапасын тексере аламыз", - деді Сағынов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Осы орайда орталық басшысы халықты жолдың сапасын бірлесіп бақылауға үндеді. Себебі мамандар барлық жолды тексере алмайды. Ал нақты арыз-шағымдар түссе, орталық қызметкерлері сол жерге барып, зертханалық тексеру жасай алады. 

"Негізі, сапасыз жолдар, көбінесе, облыста, ауданда немесе ауылда салынады. Бұл жерде бюджет қаржысын ұрлау мәселесі ғана емес, сол жолды тексеретін маман тапшылығы проблемасы да бар. Мысалы, аудандық әкімдіктерді алатын болса, бір бөлімде екі-үш адам ғана жұмыс істейді. Сосын жолдың сапасы бойынша арнайы маманы жоқ. Ал арнайы маман болмағасын, құжаттар да дұрыс жасалмайды", - деп атап көрсетті Сағынов.

Оның айтуынша, бүгінде осы салада кәсіби мамандарды даярлау мәселесіне баса назар аударылады. Арнайы акция басталды, жоғары оқу органдарымен бірлескен шаралар қолға алынды. Соның арқасында жас мамандардың саны біртіндеп көбейіп жатыр.

58
Кілт сөздер:
шағым, жол