Қоғам

Денис Теннің қазасы: Бекболат Тілеухан құзырлы органдарға жүгінді

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуДенис Тен
Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қоғам қайраткері қолданылған бөлшектер саудасына қатаң тексеру мен бақылау керек екенін айтты

АСТАНА, 21 шілде — Sputnik. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан қазасына байланысты бас прокуратура мен ішкі істер министрлігіне жүгінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Қоғам қайраткері барша Қазақстан халқы мен спортшының отбасына көңіл айтты.

Алматыдағы Денис Тенмен қоштасу рәсімі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алматы халқы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды (фото)

"Оқыс өлім, қапыдағы қисынсыз жазым баламыздай-ақ жанның өлімі баршамыздың қабырғамызды қайыстырып кетті. 25 жыл ғұмырында өзін де, елін де әлемге танытып үлгерген Денис қазақ спортында із қалдырған ерен еңбек иесі еді. Ортаға өнерімен ғана емес, мінезімен сыйған жайдары жайсаң бейнесін еске алушыларда есеп болмай жатыр. Барша Қазақстан халқына, Денис ініміздің туыстарына қайғырып көңіл айтамын", — деп жазды халық қалаулысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тілеухан депутаттық құзіретін пайдалана отырып, ҚР бас прокуратурасы мен ҚР ішкі істер министрлігінің назарын "ұсақ-түйек" қылмысқа аударды.

Денис Теннің өліміне кім кінәлі?

"Елімізде, оның ішінде, әсіресе, Алматы қаласында көлік және көлік бөлшектерінің ұрлығы күшейіп кеткені көптен бері айтылып жүр. Кешелі-бері әлеуметтік желіде де өз көліктерінің айнасы қалай қолды болғанын жазып жатқан азаматтардың қарасы көп. Көлік иелері тарапынан жергілікті полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігі жайлы шағымдары да жиі айтылуда. Бәлкім, тәртіп сақшылары көлік айнасын іздеуге тұрмайтын ұсақ-түйек деп санайтын шығар, бірақ сол "ұсақ-түйек" қылмыстың дер кезінде құрықталмауының қандай өкінішті жағдайға апарып соққанына куә болып отырмыз", — деді ол.

Қоғам қайраткері ашылмаған қылмыстар бойынша арнайы талдау жасап, қолданылған бөлшектер саудасын қатаң тексеру қажет екенін айтты.

Нұралы Қиясов - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Денис Теннің өлімі: Күдікті сотта не айтты?

"Құзырлы органдар ашылмаған қылмыстар бойынша арнайы талдау жасауды, қалыптасқан жағдайды жіті назарға алуы қажет деп санаймын. Сондай-ақ, қолданылған бөлшектер саудасына қатаң тексеру мен бақылау керек. Қаладағы бейнебақылау құрылғылары тек айыппұлдарды реттеу үшін емес, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызмет етуі тиіс. Дер кезінде қажетті шаралар қолданылып, өз жұмысына немқұрайлы қараған тәртіп қызметкерлері болса, тиісті жазасын алады деп сенім білдіремін", — деп жазды депутат.

Бекболат Тілеухан аталған мәселе бойынша құзырлы органдарға арнайы xат жолданғанын хабарлады.

Денис Тенді өлтірді деген екінші күдікті ұсталды

Еске сала кетсек, қайғылы оқиға 19 шілдеде күндіз Алматы қаласының орталығында болған. Танымал спортшы Денис Тен тұрақта тұрған автокөлігіне келе жатып, көліктің айнасын ұрламақ болған қаскөйлерді көреді. Ұрылардың соңынан қуып, тоқтатпақ болғанда, пышақ жарақатын алған.

Денис Тенді еске алу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Желіде Денис Теннің әні жарияланды

Көп қан жоғалтқан спортшы ауруханаға түскеннен кейін екі сағаттан соң көз жұмды. 

Полиция жұма күні таңертең спортшыны өлтірді деген күдікпен 24 жастағы Нұралы Қиясовтың ұсталғанын хабарлаған еді. Ол қорғаушының көзінше кінәсін мойындады. Жамбыл облысының тумасы Қиясовтың бұған дейін мас күйінде рөлге отырғаны үшін үш жылға жүргізушы куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Бұдан бөлек, ол өткен жылы ұрлық жасағаны үшін сотты болған, бірақ іс тараптар мәмілеге келген соң жабылған. Екінші күдікті – 23 жастағы Қызылорда облысының тумасы Арман Құдайбергенов жұма күні кешке ұсталды.

Денис Тенді өлтірді деген күдікті кінәсін мойындады

Жаңалықтар
0