Қоғам

Тыйым салынған есімдерді білесіз бе?

Жазылу
Мұсылмандарға қоюға тыйым салынған есімдер бар

АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Дінімізде балаға бірқатар есімді қоюға тыйым салынған. 

Құл деген мағынаны білдіретін "абд" сөзін Алланың есімі мен сипаттарынан басқа атауларға тіркеу арқылы жасалынған есімдерге тыйым салынады. Мысалы, Абдулузза – "Уззаның құлы", Абдулқағба – "Қағбаның құлы", Абдуннәби – "Пайғамбардың құлы", Абдуррасул – "елшінің құлы" тағы басқа. 

сәби - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Әлихан мен Айзере Қазақстандағы ең танымал есімдер қатарына енді

Алланың елшісі "Динардың құлы оңбасын, дирхемнің құлы оңбасын, өкшенің құлы оңбасын, матаның құлы оңбасын" — деген.

Сонымен бірге, Алла Тағаланың көркем есімдерін сол қалпында балаға қоюға болмайды. Мысалы, Алла, ар-Рахман, әл-Халиқ, ас-Самад, ар-Разиқ, әл-Ахад, әл-Бәрии, Раббы деген сияқты.

Жын-шайтандардың, кәпірлердің, дінсіздердің көсемдерінің аттары, дінсіз идеологияға байланысты есімдерді қоймаған дұрыс. Ібіліс, Ифрит, Перғауын, һаман, Жалұт, Әжүж, Мәжүж, Цезарь, Ленин, Сталин, Маркс, Тельман, Энгельс, Дарвин, Коммуна, Партия тағы басқалары. 

Тағы оқыңыз: Астанада балаларға ең жиі қойылатын есімдер қандай?

Сондай-ақ "Патшалардың патшасы", "Әкімдердің әкімі", "Сұлтандардың сұлтаны" деген мағыналарды білдіретін есімдер. Әбу Һурайрадан жеткен риуаятта Пайғамбар (с.ғ.с.) "Алланың алдында есімдердің ең нашасы "Патшалардың патшасы", — деген.

Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Алланың елшісі "Қиямет күні Алланың ашуын тудыратын, ең нақұрыс адам "Билік-мүліктің патшасы" деп аталатын адам. Бүкіл билік тек Аллаға ғана тән", — деген, деп жазады kazislam.kz.

Назарбаевпен аттас қанша адам бары белгілі болды

Жаңалықтар
0