қария, архив

Қос перзентінен күдер үзген. Астанада жалғыз қалған мүгедек қария халықтан көмек сұрайды

914
(Жаңартылды 18:34 26.07.2018)
Мамандар қарияның оң аяғын дендеген ісіктен құтқару үшін кескен, енді кеселі екінші аяғына ауған. Оған қоса қазір толықтай көз жанарынан да айырылған

АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Астанада 70 жастағы  мүгедек жан "Қарттар үйін" паналауды армандайды. Аққұбай Байғазиев қала шетіндегі қаңырап қалған үйде жападан-жалғыз қалған, деп хабарлайды Алматы телеарнасы. 

Осыдан екі жыл бұрын оң аяғынан айырылған қарт қазір жүре алмайды. Шұғыл емделмесе, екінші аяғын да кестіруіне тура келеді. Туыстары бас тартқан қарияға тек көршісі ғана қол ұшын беруде.    

Қабырғасы қақырап қалған мына үйден Аққұбай Байғазиев соңғы екі жыл бойы мүлдем шықпаған. Мамандар оң аяғын дендеген ісіктен құтқару үшін кескен. Енді кеселі екінші аяғына ауған. Оған қоса, 25 жыл дәнекерлеуші болып жұмыс істеген қария қазір толықтай көз жанарынан да айырылған. Өз бетінше жүріп-тұра алмайтын Аққұбай ата қараша халықтан көмек сұрайды.

"Қарттар үйіне" алса екен. Туыстарым менен безген. Ешкімге керек емеспін. Достарымның қатары азайып, көзі тірілері мен сияқты дертке шалдыққан. Жата-жата жүрегім сыр бере бастады. Дұрыс тамақтана да ала алмаймын", – деп күйзеледі Аққұбай Байғазиев. 

Қарттың қос перзентінен күдерін үзгелі қашан. Әкесінің халін сұрап келуге жарамаған ұлы мен қызына қария кір жуытпайды. Жұмыр басты пенденің өз тіршілігі бар деп ақтап алғысы келеді. Қыстыгүні үйінің кіреберісінен азынаған аяздан аман қалып жүрген қарттың төзіміне көрші-қолаң да аң-таң.

Олардың айтуынша, жағдайы жақсармаса, алдағы қаһарлы қыстан қарияның аман қалуы екі талай.  

"Бұл кісіні қолымнан келгенше жуындырып, тамақтандырамын. Үйдің жағдайы нашар. Бүгін-ертең құлауы мүмкін. Келген сайын үйді жинастырып кетемін. Көзі көрмегесін, қолы жетсін деп, тамақты жақын қойып кетем. Тышқандар мен егеуқұйрықтар көбейген. Сол аяғы да мүшкіл күйде", – дейді көршісі Қалима Жалдыбаева.

Қалима Жалдыбаева тағдыры ауыр азаматқа мекен-жайына қарасты емхана мамандарының да келмей кеткенін айтады. Бір-екі айқай-шудан кейін қаморлық көрсеткен ақ халаттыларға хабарласқанда, тұтқаны ешкім көтермеген. Ал қалалық Әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары тиісті көмекті еңбек демалысына кеткен басшылықтың келісімінсіз көрсете алмаймыз деп құтылуды құп көрді.

Атыраулық "қария бала" әйелімен ажырасып кетті

914
Кілт сөздер:
мүгедек, қария, Астана
Тақырып:
Астана жаңалықтары (90)
Тақырып бойынша
Павлодарда 5 жасар қыз өгей әкесі емес, атасы зорлағанын айтып жаға ұстатты
94 жастағы қария туған күнінде парашютпен секірді
Павлодарда 73 жастағы қария із-түссіз жоғалып кетті
ОҚО-да тілшілерге ауылдағы проблеманы айтқан ақсақал таяқ жеп қалды
Төреғалидың даулы концертіне барған ақсақал халықты кешірімді болуға шақырды
Бердібек Сапарбаев

Жамбыл облысы әкімі Қазан қаласына 20 млн теңгеге ұшып барғаны рас па

215
(Жаңартылды 15:08 02.12.2020)
Бұған дейін Telegram-каналдардың бірінде Қазан-Тараз-Қазан чартерлік рейсіне 20,7 миллион теңге жұмсалғаны туралы ақпарат жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан — Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазан қаласына чартерлік рейспен барды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 

"Бұқаралық ақпарат құралдарында Жамбыл облысының әкімдігі Тараз-Қазан рейсінің VIP ұшағына 20 миллион теңге бөлді деген ақпарат жарияланды. Бұл шындыққа жанаспайды. Әкім мемлекет қаражатына чартерлік рейспен ұшпайды. Қиын жағдай болып, дәрігер жетіспеген кезде Қазан қаласының дәрігерлерін шақырдық. Қаражат оларды елге алып келуге жұмсалды", - деді Сапарбаев баспасөз мәслихатында. 

Бұған дейін Telegram-каналдардың бірінде Қазан-Тараз-Қазан чартерлік рейсіне 20,7 миллион теңге жұмсалғаны туралы ақпарат жарияланды.

"Чартермен кім ұшады? Татар халқымен достықты нығайту үшін әкім бара ма? Әлде науқас балаларды емдеуге жібере ме? Мүмкін тәжірибе жинақтау үшін қазақстандық дәрігерлер ұшатын шығар?", - деп жазды автор.

Әкімдік Қазан-Тараз-Қазан рейсі татарстандық дәрігерлердің Қазақстанға келуіне арналғанын айтқан болатын. Олар COVID-19 және пневмонияны емдеуде тәжірибе бөлісіп, медициналық көмек көрсетуге жәрдемдесті.

215
Тақырып бойынша
"Ақша қайда кетіп жатыр?": Елбасы халықтың көкейінде жүрген сұраққа жауап берді
"Айына 100 миллион табады": карантин пайдасын кімдер көріп отыр
"Бұл қорлау ғой": Сапарбаев қазақстандық әншілерді сынға алды
"Қалай тыныш ұйықтайтынын түсінбеймін": Сапарбаев әкімдерге неге шүйлікті
Сапарбаев Қасқабұлақтағы жағдай туралы: Мұның бәрі ісі жоқтықтан болады
Нұржан Әлтаев

"Шулы мәлімдеме жасап, көзге түспек": депутат Әлтаевтың әрекетін сынға алды

549
(Жаңартылды 13:40 02.12.2020)
Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттілігін тоқтатты. Әлтаевтың өзі бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ

АЛМАТЫ, 2 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Нұржан Әлтаевтың не себепті Nur Otan партиясынан шығарылғанын айтты.

Партияның бақылау отырысында Әлтаевтың "Nur Otan партиясының беделін түсіретін және оның мүддесіне нұқсан келтіретін" әрекеттер жасағаны айтылды.

Бұл бірқатар қоғамдық мәлімдемеде, соның ішінде жаңа саяси партия құру ниеті кезінде байқалғанын атап өтті. Партияның Нұр-Сұлтан қаласы филиалы саяси кеңесінің бюросы Әлтаевты Nur Otan құрамынан шығарды.

"Саясаткердің шулы мәлімдемелер жасауының бірнеше себебі болуы мүмкін.  Мұны оның көзге түскісі келетіні, медиа мен қоғамдық-саяси салада кез келген жолмен таныуға деген ұмтылысы деп түсінуге болады. Мұндай жағдай саяси мансап басталып жатқан кезінде болады. Қоғам алдында жүрген әрбір адам жауапкершілік өлшемі мен мемлекеттің сыртқы саяси қызметіне әсер ететін мәлімдемелер мен әрекетінің салдарын нақты түсінуі қажет", - деп жазды Nur Otan партиясының бақылау төрағасы Павел Казанцев Facebook парақшасында.

Ұсыныстар мен талаптарды партияның диалог алаңдарына айтуға болады, деп есептейді ол.

"Nur Otan партиясының құрамында болып, оның саяси және медиа ресурстарын пайдалана отырып, тіпті мәжіліс депутатының позициясында тұрған кезде жаңа партия құру жөніндегі мәлімдеме мен іс-әрекеттер – бұл кереғар қылық немесе тәжірибенің аздығы да емес, бұл жерде басқа бірдеңе бар", - деп қорытындылады Казанцев.

Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттілігін тоқтатты. Әлтаевтың өзі бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ, ол баспасөз конференциясына шығуға дайындалып жатыр.

Бұған дейін 27 қарашада Нұржан Әлтаев El Tiregi өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының негізінде өз партиясын құру туралы мәлімдеді. Ол Қазақстанда саяси плюрализм жоқ екенін, тек Nur Otan партиясы бар екенін айтты.

549
Кілт сөздер:
сын, Нұржан Әлтаев, мәлімдеме
Тақырып бойынша
Ыдырысова депутаттардың неге шаршап отыратынын айтып берді
"Айына 100 миллион табады": карантин пайдасын кімдер көріп отыр
Депутат Әлтаев Nur Otan қатарынан шығарылды
"Депутат ұйықтап отыр ма?": Владислав Косарев жауап беруге дайын – видео
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылып жатыр – депутат Әлтаев
(NaN:NaN / NaNMb / )

ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы - трансляция

0
(Жаңартылды 15:29 02.12.2020)
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қауіпсіздік кеңесінің сессиясы видеоконференция форматында өтіп жатыр
0