Қоғам

Кеңес одағын армандап жүрміз бе? Алматыны жабық қала ету кімге керек?

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматы
Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Хамит Ерғалиевтың қызы Гүлжан Ерғалиева Алматыны шеттен келгендер үшін жабық қала қылып, ешкімді кіргізбеуді ұсынды

АЛМАТЫ, 26 шілде – Sputnik. Өткен аптада танымал спортшының қаланың қақ ортасында ұрылар қолынан қаза табуы қоғамның бетпердесін ашып берді. Жастардың жеңіл жолды таңдап, қылмыс жасауының себебін әркім өзінше түсіндіріп әлек.

Денис Теннің қазасы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Чемпионсыз өткен бір апта: халық не талап етті, билік не дейді?

Бірі, жұмыссыздықты алға тартса, екіншісі тал бесіктен берілетін тәрбиенің сұйылып кеткендігі деп отыр. Осы мәселе төңірегінде қазақтың біртуар ақыны Хамит Ерғалиевтың қызы Гүлжан Ерғалиева Алматыны шеттен келгендер үшін жабық қала қылып, ешкімді кіргізбеуді ұсынған еді. 

"Алматы қаласын кең ауқымды – тұрғын-үй, санитарлық, экологиялық, көліктік, инфра¬құры¬лымдық түгендеуден өткізуді талап етемін. Халық¬ты қатаң санаққа алу қажет. Тұрақты жұмысы мен мекенжайы жоқ, сенделіп жүргендердің барлығын тұрғылықты жеріне қайтару қажет. Қайтарылған адамды жұмысқа орналастыруды жергілікті облыс әкімдіктері өз мойнына алсын. Әйтпесе, жақсы орнығып алып, өз тұрғындарын Алматы мен Аста-наға тықпалай береді. Қазынадан қаржы алып отыр екен, адамдарды тұрғын үймен, жұмыспен қамтамасыз етсін! Ел бойынша бақылаусыз көшіп-қонуды тоқтату қажет", – деді ол.

Денис Тенді өлтіргендердің бірі туралы ауылдастары айтып берді

Sputnik тілшісі аталған ұсынысқа қатысты сарапшылардың пікірін білді.

"Бұл – таза ақымақтық"

Қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос Сарымның айтуынша, Алматы мен Астана  басқа қаладан келіп жатқан мигранттардың арқасында рух алып, қан жаңартып, мүмкіндігін арттырып отыр.

Алматыдағы Тиін арт-нысаны - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алматыда дау тудырған алып тиін сатуға шығарылды

"Бұл – таза ақымақтық. Гүлжан Хамитқызы қалада туғанымен әкесі де ауылдан қалаға келген азамат. Егер арманы кеңес заманындағыдай Алматыны жабық қала қылып, әрбір келген қазақ біреудің үйінде әрең тіркеуге тұрып өмір сүрсін дейтін болса, онда ол өзінің тарихынан  да, отбасының тарихынан да, елдің тарихынан да ештеңені ұқпаған", –  дейді Айдос Сарым. 

Алматы мен Астана мүмкіндіктер қаласы екені белгілі. Саясаттанушының айтуынша, келушілердің өзі екіге бөлінеді.

"Мүмкіндіктер қаласы болғандықтан біреу үмітін арқалап, арман іздеп, жақсы өмір сүремін десе, ал біреулер қылмыс жасауға келеді. Мәселе, осы екеуін ажырату. Яғни, Алматыда жасалатын қылмыстың көбін алматылықтар емес, сырттан келгендер жасайды. Оның ішінде кавказ, шешен, өзбек пен қырғыз да бар. Еліміздің басқа қалаларынан да  арнайы қылмыс жасаймын деп келетіндер де аз емес. Олармен бөлек жұмыс жасау керек", –  деп түйіндеді сөзін Сарым. 

Денис Теннің өлімі: халықты қаруландыру ұсынылды

"Кең байтақ қазақтың даласы – қазақ баласының үйі"

Мұхтар Тайжан - Sputnik Қазақстан
"Момын халық". Мұхтар Тайжан қытайлардан неге қорықпау керек екенін айтты

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжанның  айтуынша, бұл ұсынысты жасап жатқандарды заң бойынша ксенофобия үшін жауапқа тарту керек.

"Алматыны, Астананы, кез келген басқа қаланы жабық  қылу ксенофобияға, сегрегацияға жатады. Сондықтан мен оған 100 пайыз қарсымын. Әр Қазақстанның азаматы кез келген қалада тұруға құқылы. Кеңес одағының кезінде сырттан келгендер тіркеуге тұруы керек болатын. Қазақтарды үлкен қалаларға жібермейтін. Біз ондай болмауымыз  керек. Кең байтақ қазақтың даласы – қазақ баласының үйі", – деді Тайжан. 

Желі қолданушыларының арасында президенттің де ауылдан шыққанын, қазақтың бар ақыны мен жазушысы, ғалымы да ауыл топырағында туып, үлкен қалаға келіп жетістікке жеткенін жазып жатыр. 

Мұхтар Тайжан Назарбаеваның Жер туралы заңға қарсы шыққанын айтты

Жаңалықтар
0